ВЕРНУТЬСЯ

   Дауыс...

Дауыс...

Жаңғыртты қия қырды.

Жыр ағылды,

төскейменен күй ағылды...

Байтақ өлке болды да абыр-сабыр,

Шопан-көктем...

Шопан-Ата ауылын ұя қылды.

Ұя қылды

тауым мен тастарымды,

өзен,

тоғай,

көлімді,

асқарымды.

Құлын-Дауыс

естіліп қыр астынан,

қозы көш жер...

Жаңғыртты Аспанымды...

Төл үні ме?!

Көкөзекте есетін жел үні ме?!

Көктеудегі ауылды мазалаған,

бұл әлде сәуірдегі

көктем деген

серінің желігі ме?

Дауыс...

Дауыс...

Жаңғыртты қия қырды.

Шопан-Көктем

келді де, күй ағылды...

Қойлы ауылдың

кішкентай киіз үйін

ерлікке ұя қылды...