ВЕРНУТЬСЯ

            Әдебиет
теориясы туралы ой-пікір, көзқарастар ерте заманнан бері айтылып келеді. Көркем
әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктеріне, оның даму заңдарына біздің жыл
санауымызға шейінгі заманның ойшыл-ғалымдары да көңіл аударып, кейбіреулері
терең ғылыми пікірлер айтты. Әдебиеттің теориясы туралы ең алғашқы үздік еңбек
ескі грек елінің философы Аристотельдің «Поэтика» атты кітабы болды (біздің жыл
санауымыздан бұрынғы IV ғасырда). Аристотель өзінен бұрынғы философ,
теоретиктерден әдебиет мәселелеріне басқаша қарады. Әдебиеттің қоғам
тіршілігіне керектілігін жоққа шығарып, оны «мәңгілік идеяның» көлеңкесі деп
түсіндіретін идеалистік көзқарастарға қарсы, әдебиет нақтылы өмір шындығының
сәулесі, әдебиеттің басты мәселесі - адам және ол өмірді таныту, тәлім-тәрбие
беруді негізгі нысанасы етеді деген тәрізді материалистік пікірді ұсынушы
бірінші адам Аристотель болды. Сонымен қатар искусствоның бір түрі поэзияның
ерекшеліктерін көрсетуші де, оның ғылымнан айырмашылығын бірінші рет
түсіндіруші де Аристотель. Ол поэзияның тегі: эпос, лирика, драмаға жалпылап
болса да, сипаттамалар берді. Драмалық жанрдың бір түрі - трагедия, оның
суреттеу үшін алған өмір құбылысы, қаһармандары және алға қоятын
мақсат-міндеттері жөнінде айтқан терең пікірлерінің мәні зор. Әрине,
Аристотельдің көзқарасында материализмді 
идеализммен шатастырып ала берушілік сықылды өзіне тән қайшылықтар да
бар. Әйтсе де оның «Поэтика» атты кітабы - өз дәуірінде әдебиетке теориялық
негіз, әдебиетті зерттеу үшін болашаққа жол салған еңбек.

Көп уақыт бойы
Аристотельдің «Поэтикасы» әдеби-теориялық ой-пікірдің ең биігі саналды. Оның
себебі Аристотельдің бұл еңбегі ескі грек елінің Гомер, Эсхил, Софокл, Эврипид,
Аристофан тәрізді ұлы ақын, драматургтерінің жазушылық тәжірибесіне
негізделгендігінен, өзінің теориялық көзқарасын, талдауларын сол құнды әдеби
материалдарға сүйегендігінен еді. Ол жазушылардан қалған қымбат мұралар кейінгі
ғасырларда да өзінің мәнін жоғалтпады. Бұл Аристотельдің әдебиет теориясы
жөніндегі еңбегін өте құнды еткен ең негізгі жайттың бірі болды.

Әдеби-теориялық
мәселелердің екінші бір дами түскен кезеңі XVIII ғасыр болды. Әрине, бұл сөзден
сонау Аристотельден бері қарай,  XVIII
ғасырға дейін, әдебиет теориясы жөнінде мүлде еш нәрсе болмады деген ұғым
тумаса керек. Әдебиеттің теориялық мәселелерін көтерушілер де, ол жөнінде
зерттеу еңбектер де болды. Бірақ олар сонау ескі замандағы Аристотельдің айтқан
пікірлерінен артық ештеңе айта алмады. Тіпті кейбір мәселелерде одан ғылымдық
дәрежесі көп төмен жатты.

XVIII ғасырда
әдебиеттің теориялық мәселелеріне айрықша көңіл бөлініп, тарихи мәні зор әдеби
еңбектер жарыққа шықты. Россияда орыс халқының үздік ғалымы М.В.Ломоносов,
демократ Радищевті атасақ, Батыста Дидро, Лессингтерді атауға болады.

Орыс халқының ұлы
ғалымы М.В.Ломоносовтың әр алуан ғылым саласында айтқан даналық пікірлері,
ашқан жаңалықтары көп болды,  ол
әдебиеттің тарихы, мәні, теориясы туралы да келешек үшін тамаша құнды еңбектер
қалдырды. Мазмұн мен түрдің бірлігі, орыс әдебиетіндегі үш түрлі стиль (өзі
«штиль» деп атаған) жайлы көзқарастары, «Россия өлең құрылысының ережесі туралы
хаты»  көп заман бойы үлгілі еңбектер
саналды. Орыс тілінің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып жазған бұл
еңбегінде М.В.Ломоносов орыс өлең құрылысының негізгі принциптерін айқындады.
Өзінің «Шешендік және ділмәрлыққа жетекшілік» атты кітабында, өз кезіне лайықты
алғанда, стильдік ерекшелік, шығарма композициясының  мәселелерін тамаша түрде шешіп берді деуге
болады. Әдебиеттің қоғам пайдасы үшін қызмет етуі қажеттігі жайлы алғаш сөз
қозғаушы да М.В.Ломоносов болды. Бұл көзқарастың келешек үшін тарихи мәні айрықша
зор еді.

Орыстың ұлы
революционері және жазушысы А.Н.Радищев те әдеби-теориялық мәселелерге зор
көңіл бөлді. Жазушылардан өмір құбылысын шындық тұрғыдан суреттеуді талап
етті.  Шындықты дұрыс көрсеткен
прогрессивтік әдеби шығармалардың өмір тану, тәрбиелік мәнінің үлкендігін ашық
айтты. Орыстың жазба әдебиетін халық поэзиясымен байланыстырудың желісін
тартты.

Әдебиеттің теориялық
негізгі мәселелерін материалистік негізде терең толғап, кеңінен шешкен - орыс
халқының ұлы демократтары В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов,
Салтыков-Щедрин, Некрасовтар болды.

Әдебиеттің идеялығы,
халықтығы, реализм туралы бұл демократтардың теориялық ой-пікірлері
кейінгілерге үлгі, өнеге берді. Революцияшыл демократтар өздеріне дейінгі
буржуазиялық әдебиетте үстем болып келген «көркемөнер -   көркемөнер үшін» дейтін теорияның реакцияшыл
көзқарас екендігін әшкерелеп, көркем әдебиеттің таптық сырын ашты. Жалпы
искусствоның, оның бір саласы көркем әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктерін
айқындап берді.

Ғылым мен
искусствоның айырмасы туралы В.Г.Белинский:

«Саяси экономияға
жетік адам статистік мәліметтерге сүйеніп, қоғам ішіндегі мына таптың күйі
мынадай себептермен көп жақсарды не көп төмендеді деп дәлелдеп, оқушылардың не
тыңдаушылардың санасына әсер етеді. Ақын шындық болмысты жанды және айқын-ашық
етіп суреттеу арқылы өмір суретін реалдық қалыпта көрсетеді, оқушыларының
қиялына әсер етеді. Сөйтіп, қоғам ішіндегі мынадай таптың жағдайы мына
себептермен көп жақсарды не көп төмендеді дейді.

Қорыта айтқанда,
ғылым мен искусствоның біреуі дәлелдейді, екіншісі көзге көрсетеді, екеуі де
сендіреді», - деді.

Революцияшыл
демократтар материалистік эстетиканың негізін салды. «Көркемөнер - өмір,
өмірдің сәулесі», - дейтін Чернышевский, Белинскийдің көзқарастары искусство,
әдебиет мәселелерін талдауда кейінгілер сүйсінерлік мұра, сүйенерлік тірек
болды.

В.Г.Белинскийдің
искусство, әдебиеттің тектері және түрлеріне берген анықтаулары мен талдаулары
марксистік әдебиеттану ғылымына дейін дүниежүзіндегі әдебиетте  теңдесі жоқ, ең жоғарғы шын мәнісіндегі
ғылыми еңбектер саналды.

Ұлы демократтардың
әдебиет теориясы, әдебиет тарихы туралы айтқан ой-пікірлері өз дәуірінде
демократтық идеяның биік шыңы болумен қатар, марксистік жаңа әдебиет
теориясының жасалу жолындағы белгілі кезең екендігі де сөзсіз.                         

                           Қоғамның даму жолдарын
зерттеушілер

      Маркстік                     Маркс  пен  
Энгельске  дейін  де 
болды.

әдебиет теориясы   Бірақ  Маркс    пен     Энгельске      дейін 

     жайында             қоғамның  даму жолдарына шын мәнінде            

                                   материалистік
тұрғыдан талдау жасаушылар болған емес. Жалпы қоғам өмірінің, сонымен бірге
искусствоның, әдебиеттің де даму жолдарына ең бірінші рет материалистік негізде
ғылыми түсінік берушілер - пролетариаттың көсемдері мен оның идеологтері Маркс
пен Энгельс.

Маркс пен Энгельс адам баласының ғасырлар бойы жасаған ғылыми мұраларын
пролетариаттық көзқарас тұрғысынан қайта тексерді, сын көзімен қарай отырып,
керегін пайдаланды, керексізінің бетін ашты. Сөйтіп, олардың пролетариат
табының өткір қаруы болған ұлы еңбектері дүниеге келді, жаратылыстың және
қоғамның даму заңдарын материалистік тұрғыдан түсіндірді, қоғамдық құрылысты
өзгертудің революцияшыл жолдарын көрсетіп, оның ғылыми теориясын жасады.

«Маркс адам баласы тарихының даму заңдарын ашты. Адам баласы саясатпен,
ғылыммен, искусствомен, дінмен тағы-тағылармен шұғылданарлық халге жетуден
бұрын, ең алдымен, ішіп-жеуге, баспанасы болуға, киім киюге тиістілігі тәрізді
фактіні ашып берді. Бұл факт соңғы кезге дейін идеология тасасында жасырын қалып
келген еді», - деп жазды Ф.Энгельс.

Бірақ адам баласы өмір сүру үшін өзінің тіршілік азығын өндіруі шарт. Ол
үшін құрал керек. Өндіріс құралына жекеменшіктілік болған қоғам тапқа бөлінеді.
Ол таптардың бір-бірінен өзгешелігі 
олардың өндіріс процесінде атқаратын рөлі арқылы, өндіріс құралына
қатынасы арқылы жіктеледі.

В.И.Ленин: «Ал тегінде таптар деген не? - деп сұрау қояды да, оған былай
деп жауап береді: - Бұл - қоғамның бір бөлегінің еңбегін екінші бөлегінің
иемденуіне жол беретін нәрсе. Егер қоғамның бір бөлегі бүкіл жерді өзі иемденіп
отырса, онда помещиктер мен шаруалар таптарының болғаны. Егер қоғамның бір
бөлегі фабрикалар мен заводтарға, акциялар мен капиталға ие болып, екінші
бөлегі сол фабрикаларда жұмыс істеп отырса, онда капиталистер мен пролетарлар
таптарының болғаны»1.

Сөйтіп, өндіріс құралы жеке адамдардың меншігіне айналған, жекеменшік бар
қоғамда екі тап болатындығын көреміз. Бұл таптардың бірі - езуші, екіншісі -
езілуші. Сондықтан олардың арасында үнемі қайшылықтар болып отырмақ. Әр тап өз
мүддесін қорғауға тырысады. Үстемдік қай таптың қолында болса, өз мүддесін
жүзеге асыру, өз тіршілігінің негізі болған экономикалық жайттарды қорғау үшін
барлық мемлекеттік аппараттарды өзіне құрал етеді.

Өндіріс әдісі және сол өндіріс әдісінің негізінен туатын таптық қатынастар
мен таптық мүдделердің арасындағы күрестер адам баласының барлық сана-сезімін,
шындықты тану сипатын белгілейді. Сөз, ғылым - әдебиет, сурет - живопись, қимыл
- би, тағы сол сияқты әртүрлі құралдар арқылы айқындалып, адамның санасына
сіңген шындықты тануды қоғамдық
идеология дейді.

Сөйтіп, таптың идеологиясы - сол таптың қоғамдағы алатын орны және оның
басқа таптарға қатынас, өндіріс процесіндегі рөлі арқылы белгіленеді. Мысалы,
қоғамда буржуазияның алатын өз орны, өзінің таптық мүддесі және осыған сәйкес
өз идеологиясы бар.      

Жекеменшікке, адамды
адам қанауға негізделген тәртіпті 
буржуазия мәңгілік сақтауға тырысады, оларға осыдан артық құрылыстың
қажеті жоқ. Бұл тәртіпті қорғауға барлық күш, құралын жұмсайды, сол тәртіпті
қорғап қалу үшін философияны да, ғылымды да, искусствоны да құрал етіп
пайдаланады.

            Ал
пролетариаттың қоғамдық орны өзгеше. Пролетариат табы бүкіл тіршілігіне керекті
затын өз еңбегімен табады. Буржуазия табынан мұның мүддесі мүлде басқа.
Пролетариаттың мүддесі: барлық қоғам тіршілігін, қоғамдық тәртіпті қайта құру.
Адамды адам езбейтін, қанамайтын қоғам жасау. Сондықтан пролетариат философия,
ғылым, искусство   майдандарының    барлық

_____________________

1В.И.Ленин,
Шығ., 31-т., 293-бет 

салаларында да осы айтылған жаңа
қоғамдық қатынастар үшін күресті.

            Идеология
дегеніміз - өмір шындығының сәулесі. Бірақ қанаушы таптардың идеологиясы шындық
болмысты сыңар жақ көрсетеді. Көп жерде қанаушы таптың мүддесіне қарай бейімдей
суреттейді, шындықты бұрмалап көрсетеді.

            Олай
болса, біз дворян мен буржуазияның ғылымына да, искусствосына да сын көзімен
қарауымыз керек. Олардың өз табының көзқарастарынан ұзап шыға алмайтындығын
аңғара білуіміз керек. Олардың ғылымындағы шындықты өтірігінен аршып ала
білуіміз керек.

            Шындықты
бұрмалайтын тек пролетариат табы ғана, өйткені пролетариат табы қанаушылықты
бүтіндей жою үшін, жаратылысты адам баласының ұйымдасқан коллективіне, олардың
саналы еңбегіне бағындыру үшін күреседі.

            Қоғам
өмірінің заңдарын да, жаратылыстың өлшеусіз құбылыстарын да дұрыс танып, дұрыс
көрсете алатын тап - пролетариат.

Маркс пен Энгельс
идеологияның даму заңдарын ашумен бірге сол идеологияның бір түрі болып
саналатын әдебиеттің де даму заңын ашты. Мұның үстіне, олардың кітаптарында,
хаттарында искусство, әдебиет туралы арнап айтқан пікірлері өте көп. Олардың
әдебиет жөніндегі көзқарастары да, барлық теориялық еңбектері сияқты,
пролетариаттың революциялық күресімен, пролетариаттың алдында тұрған
міндеттерімен тығыз байланысып отырған. Маркс пен Энгельс искусство туралы
жазған еңбектерінде ғылымдық талдаудың тамаша үлгілерін берген. Олар әдебиеттің
түрлі құбылыстарын материалистік көзқараспен түсіндіреді және мұнымен бірге бұл
құбылыстарды революцияшыл пролетариаттың көзқарасымен бағалайды.

Марксизм негізін
салушылар әрбір шығарманың шындық болмысты белгілі бір таптық көзқараспен
суреттейтіндігін көрсетеді. Бірақ автордың көзқарасы (кең мағынада, басқаша
айтқанда, тенденциясы) әртүрлі болады және әртүрлі жолдармен суреттеуі мүмкін.

Егер де автор өз ойын
дәлелдеу үшін фактіні теріс көрсетсе не шындық болмыстан материал таба алмай,
өзінің көзі жеткенін құр дәлелсіз ұсынса, оны үстірт, жалған айтушы (үстірт
тенденциялы) бірбеткей жазушы дейміз.

Энгельс өзінің бір
хатында шығарманың жалған және бірбеткейлігін (жалған тенденциялығын) айта
келіп, ол сияқты бірбеткейлікті, жалған тенденциялықты қатты шенейді.

«Егер автордың
көзқарасы қоғам өмірінің шындық процесіне қайшы келмесе, онда авторға бірбеткей
фактіні ғана жинастырып алудың керегі жоқ, олай болғанда, меніңше, тенденцияның
өзі де сол жағдайдан және қимылдан айқын көрінуі керек, оны дәлелдеп жатудың
қажеті жоқ. Жоқты қолдан жасап, өз ойын өткіземін деу де қажетсіз болады. Ондай
бірбеткей фактінің орнына автордың көрсеткен суретінің өзі оның ой, пікірін толық
түсіндіре алатын болуы керек», - деген.

Сонымен қатар Маркс
пен Энгельс қоғамдық құбылысты дұрыс (реалистік тұрғыда) көрсете білген
әдебиетті мейлінше жақсы бағалады. Бұған Маркс пен Энгельстің XIX ғасырдағы
француздың ең ірі жазушыларының бірі - Бальзакқа берген бағалары дәлел. Маркс
Бальзакты: «Шындық қатынасты үздік терең түсіне білген адам», - деп санады.

Маркс пен Энгельс
шындықты суреттеу жөнінде әдебиеттің алдына мынадай міндеттерді қойған:
жазушының көрсеткен суреті тарихи шын болсын, адам образы соның өз ортасына тән
және шын болсын; ол шындық кейбір ұсақ жағдайларды суреттеу арқылы көрсетілсін;
мұнымен қатар сол айрықша көрсетілген адам жай ғана алына салмай, таңдалып
алынсын; оны туғызған типтік жағдайлармен тығыз байланысып жатсын деген болатын.

Бұл міндеттер нені
көрсетеді? Сөзіміз түсінікті болу үшін орыс классиктерінен мысал келтірейік.
Гончаров Обломовтың бейнесінде дворяндардың жалқаулығын, икемсіздігін,
ескішілдігін дворяндарға лайықты етіп, дұрыс көрсеткен. Сол мінездердің тууына  себеп болған жағдай крепостнойлық право,
шаруалардың өлшеусіз тегін еңбектері екенін ашып айтқан.

Гончаров өзінің
романында Обломовтың образын өрістете отырып, сол ортаға тән ұсақ мәселелерге
айрықша тоқтайды: Обломовтың төсегінде жата беретінін, ешбір әрекетінің
жоқтығын, тіпті бешпент, шапанының өзгешеліктерін, Захардың оған ұйықты қалай
кигізуін, Обломовтың қолынан түк келмейтінін, жігерсіздігін қалдырмай жазады.
Міне, солай көрсеткеннің арқасында ғана Обломов образы жанды, ашық, сол кезге
лайық болып шыққан.

                            В.И.Ленин
имперализм дәуірі мен      Ленин әдебиет         пролетариат революциясының  дәуірінде

туралы           Маркстің теориясын жаңа жағдайға, 
тап

                               
күресінің жаңа шарттарына сәйкестіріп қолдана отырып, жұмысшы табының
күресіне басшылық етті, сонымен бірге Маркстің теориясын дамытып, тереңдетті.

     Владимир Ильич Ленин Толстой
туралы аса маңызды, үлгілі мақалалар жазды. Некрасов, Салтыков-Щедрин,
Успенский, Чернышевский, Герцен туралы бірсыпыра пікірлерін қалдырды. Лениннің
бұл айтқандары - бізге басшылық, әдебиетті қалай зерттеудің үлгісі, марксистік
әдебиет теориясының негізі болды. Ленин жоғарыда аталған жазушылардың
шығармаларындағы көзқарастардың қандай таптардың іс жүзіндегі тілектерінен
туғандығын, олардың тап күресінде қандай орын алғандығын, олардың қай жағы
әлсіз, қай жағы басым жатқандығын ашып көрсетті. Ленин орыс классиктеріне  сын бергенде, ең алдымен тап күресінің тарихи
жағдайын алды. Россиядағы тап тартыстары қандай ұлы кезеңдерді басынан өткізді,
таптық топтар әр кезеңде не үшін күресті, осыны ашып көрсетті. Бұларды
зерттемей тұрып, әдебиеттің дамуын да түсінуге болмайды.

     Ленин Толстойдың творчествосын
тексеріп отырып, оның творчествосы 1905 жылғы революцияға әзірлік жасаған кездегі
патриархалды шаруалардың пікірін көрсететінін айтты және адам баласының даму
жолындағы ұлы тарихи кезеңдердің сәулесі болып, ұлы искусствоның
туатындығын  айқын көрсетті.

                               Біз
Лениннің Толстой творчествосына   

Әдеби мұраға                           берген    талдауынан,    оның    
көркем

сын көзімен                               әдебиет   мұраларына  
өзгеше     көңіл

қарау туралы                            бөлетіндігін    көреміз.   Ленин   
өзінің

                                       «Жастар
одағының міндеттері» деген мақаласында мәдениет мұраларының зор мәнін айта
келіп: «Адамзаттың бүкіл дамуы туғызған мәдениетті құнттай білумен ғана, соны
қайта анық қорытумен ғана пролетарлық мәдениетті жасауға болатындығын анық
ұғынбасақ, - мұны ұғынбасақ, бұл міндетті біз орындай алмаймыз... Пролетарлық мәдениет
адам баласының, капиталистік қоғамның, чиновниктік қоғамның езгісінде жүріп
жасап шығарған білім қорларының заңды дамуы болып табылуға тиіс»1, -
деді. Бірақ Ленин бұл мұраларды сын көзімен қарай отырып ұғуды, көңілге тоқуды,
социализм құрылысының іс жүзіндегі күрестеріне байланыстыра отырудың керек
екенін айрықша көрсетіп кетті.

            Мұраны
сын көзімен қарай отырып ұғуды, көңілге тоқуды Владимир Ильич әдебиет
шығармаларына да байланыстырып айтқан болатын. Мысалы, «Л.Н.Толстой» деген
мақаласында Ленин: «Толстой қайтыс болды, сөйтіп, революциядан бұрынғы Россия
келмеске кетті, оның осалдығы мен әлсіздігі данышпан художниктің философиясынан
көрінген еді, оның шығармаларында суреттелген еді. Бірақ оның мұрасында
келмеске кетпеген болашаққа тән нәрселер бар. Бұл мұраға Россия пролетариаты ие
болады және осы мұра жөнінде жұмыс істейді», - деді (Ленин, 16-том, 342-бет).

            Тағы
да осы мақаласының бір жерінде: «Толстойға дұрыс баға тек қана пролетариат
көзқарасымен болуы мүмкін», - дейді Ленин.

____________

1В.И.Ленин, Шығ., 31-том,
228-бет

Владимир Ильич  өткен әдебиет мұраларының қандай жақтарын
бағалады? Ленин Толстойдың мемлекет пен полицияға, шіркеуге жалынды, ызалы, кей
кездерде аяусыз, өткір түрде көрсеткен қарсылықтарын, жерге меншікті жоюды көздеуден
аумағанын, нағыз терең сезіммен капитализмді үнемі масқаралағанын, капитализм
дегенде төбе шашы тік тұрғанын бағалады. Салтыков-Щедрин, Успенский тағы басқа
жазушылардың әдебиет мұраларының жақсы жағы деп, олардың қоғам өміріндегі түрлі
жағдайларды терең түсінгендіктерін, феодалдық-крепостнойлық тәртіпке және
капиталистердің қанауына қарсы күресті көрсеткендіктерін айтты.

Өмірдің түрлі
жақтарын толық қамти сипаттаған ғылыми еңбектерінде Ленин көркем әдебиет
мәселесіне үлкен орын берді. Жұмысшы табының жазушылары М.Горький, Серафимович
сияқты жазушылардың шығармаларына зор көңіл бөлді. Олардың жұмыстарына басшылық
етті, көмек көрсетті. Пролетариаттың ұлы жазушысы М.Горькиймен дос болды.
Горький сөздерінің революцияшыл өткірлігін Владимир Ильич жоғары бағалады. Горькийдің
жазушылық жұмысына үлкен мән берді. «Горькийдің дүниежүзілік пролетариат
қозғалысына көп пайда келтірген және көп пайда келтірмекші, асқан суретші,
талант екені күдіксіз», - деп жазды.

Владимир Ильич
өзінің Горькийге жазған хатында: «Өзіңіздің художниктік талантыңызбен Сіз
Россияның - онда да жалғыз Россияның 
ғана емес - жұмысшы қозғалысына сондай орасан зор пайда келтірдіңіз», -
деді.

                        Владимир Ильич
пролетариат     әдебиетін   

Әдебиеттің         өркендетуге,
әдебиетіміздің  партиялық              партиялық            принципте     болуына      айрықша     көңіл

болу принципі бөлді. Пролетариат әдебиеті алдыңғы          қатардағы нағыз револцияшыл         таптың

тілегімен шын қабыса алғанда ғана күшті
болатындығын толық дәлелдеді. «Партиялық ұйым және партиялық әдебиет» деген
мақаласында Ильич: «Әдебиет партиялық әдебиет болуға тиіс. Буржуазиялық
мінез-құлыққа қарама-қарсы, буржуазиялық кәсіп иелеріне тән, жалдаптық
баспасөзге қарама-қарсы, буржуазиялық әдеби мансапқорлыққа, жекешілдікке,
«бариндік анархизмге» және пайдакүнемдікке түсушілікке қарама-қарсы социалистік
пролетариат партиялық әдебиеттің принципін
ұсынуға, осы принципті дамытып, мүмкіндігінше неғұрлым толық және тұтас формада
оны өмірге асыруға тиіс.

            Партиялық
әдебиеттің осы принципінің мәні неде? Әдеби істің социалистік пролетариат үшін
жеке адамдардың немесе топтардың пайда табу құралы бола алмайтындығында ғана
емес, әдеби іс, жалпы алғанда, пролетарлық іске тәуелсіз, жеке адамдық іс бола
алмайды. Бипартиялық әдебиетшілер құрысын! Адамдардан жоғары тұратын
әдебиетшілер құрысын! Әдеби іс жалпы пролетарлық істің бір бөлегі, бүкіл жұмысшы табының саналы авангардының бәрін
қозғалысқа келтіретін біртұтас, ұлы социал-демократиялық механизмнің «тегершігі
мен винті» болуға тиіс. Әдеби іс - ұйымдасқан, жоспарлы, біріккен
социал-демократиялық партиялық жұмыстың негізгі бөлімі болуға тиіс»1,
- деді.

Осы мақаласының тағы
бір жерінде, Ильич: «...буржуазиялық жекешіл мырзалар, сіздердің абсолюттік
бостандық туралы сөздеріңіздің тек екіжүзділік екендігін біз сіздерге айтуға
тиістіміз. Ақша өктемдігіне негізделген қоғамда, еңбекші бұқарасы қайыршы болып
отырған  және бір топ байлардың арамтамақ
болып отырған қоғамында нақтылы және «шын бостандық» болуы мүмкін емес. Сіз
өзіңіздің буржуазиялық баспаңыздан еріктісіз бе, жазушы мырза? Сізден рамкалар
мен суреттерге көмкерілген порнографияларды, «әулиелік» сахналық  искусствоға қосымша түрінде жезөкшелікті
талап ететін өзіңіздің буржуазиялық жұртшылығыңыздан еріктісіз бе? Осы
абсолюттік бостандық дегеніміз буржуазиялық немесе анархистік сөз ғой (өйткені
дүниетану есебінде, анархизм дегеніміз - буржуазиялықтың өңін айналдырған
түрі).

_________________

 1В.И.Ленин, Шығ.,10-том, 30-31-бет

Қоғамда өмір сүріп отырып, ол қоғамнан
ерікті болуға болмайды. Буржуазиялық жазушының, суретшінің, актрисаның
бостандығы дегеніміз - ақшалы қалтаға, сатқындыққа, тамағын асырауға
бүркемеленген (немесе екіжүзділікпен бүркемеленген) тәуелділік деген сөз.

Сондықтан біз,
социалистер, таптық емес әдебиет пен искусствоны (мұның өзі тапсыз социалистік
қоғамда ғана мүмкін болады) алу үшін емес, қайта екіжүзді бостандық әдебиетке,
ал іс жүзінде буржуазиямен байланысты әдебиетке шын еріікті, пролетариатпен
ашық байланысты әдебиетті қарама-қарсы қою үшін әлгі екіжүзділікті
әшкерелейміз, жалған бүркенішті сыпырып тастаймыз»2.

Лениннің бұл
мақаласы әдебиет мәселесі жөніндегі буржуазияшыл теорияны мүлде жоққа шығарды.

Бұрын да және соңғы
кезге дейін де буржуазиялық қоғамда: «Жазушы артық жаралған адам, оларға қоғам
өмрі ешбір әсер ете алмайды», - деген пікір әдебиетте кең өріс алды.

Орыс елінде
60-жылдардағы дворян-буржуазия жазушылары (Фет, Майков т.б.)
револцияшыл-демократ жазушыларға (Чернышевскийге, Некрасовқа, Добролюбовқа)
қарсы шықты. «Көркемөнер - көркемөнер үшін» деген ұранды ұсынды. Буржуазияшыл
теоретиктер көркем шығарманы қоғам күресінен бөліп алды. Көркем шығарма
әдемілікке қызмет етсін деді. Бұл сықылды көзқарастарды дворяншылар мен
буржуазияшылардың ғылыми мектебінен де, әдебиеттің басқа ағымдарынан да табуға
болатын еді. Ондай көзқарас тек ерте кезде ғана болып қойған жоқ, одан кейін де
болды.

Неге бұлай, бұл
теріс көзқарастардың тамыры қайда жатыр? Бұл - искусство мен әдебиеттің таптық
характерін қымтап, бүркеудің тәсілі, айласы еді, шығарма ерікті, бостан болсын
деген құрғақ жел сөзбен оқушының ой-пікірін басқа жаққа аудару; искусство
әдемілік үшін ғана керек деген сөзді жамылып, езуші таптың мүддесін қорғау еді.

__________

2Бұл
да сонда, 33-34-бет

Ұлы данышпанымыз
Лениннің жоғары келтірілген даналық сөздері буржуазияшыл теоретиктердің бет
пердесін ашып қана қойған жоқ, оларға тұрғызбастай ауыр соққы болды. Таптан тыс
әдебиет және искусство тапсыз социалистік қоғамда ғана болатындығын ол ашық
көрсетті. Біз әдебиет үшін ғана қызмет етеміз деп көкитін буржуазияшыл
жазушылардың ақша қапшығына бағынышты екендігін дәлелдеді. Сөйтіп, жазушы
ерікті, бостан, жазушы қоғамнан, таптан тыс дейтін буржуазиялық теорияның күлін
көкке ұшырды.

Буржуазиялық
теоретиктер искусство ерікті, бостан болсын деген пікірді үнемі жақтаумен келді
деп ойлауға болмайды. Олар кейде өз пікірлеріне өздері қарсы шығып отырады.
Мысалы, жаңа туып келе жатқан буржуазия табы ескі феодалдық құрылысқа қарсы
шыққан кезде, қоғам қатынасының ілгері басуы үшін күрескен кезде, буржуазия
теоретиктері искусствоны қоғам күресінен шетте қалуға тиіс деп айта алған жоқ.
Бұл кездерде олар искусствоның қоғам өміріне пайдалы қасиеттерінен бас тартқан
жоқ, тіпті оны өз күрестеріне ашықтан-ашық құрал етіп пайдаланды. Буржуазиялық
ғалымдардың бірқатары-ақ көркем шығарманың 
қоғам өмірінің даму заңына бағынатындығы туралы мәселе көтерді. Бірақ
олардың өзі сол қоғамдық өмірді теріс түсінді. Сондықтан әңгіменің бәрін
ортаның әсеріне, идеяның дамуына апарып тіреді. Буржуазия ғылымының ең алдыңғы
қатарлы өкілдері де искусствоның даму заңдарына дұрыс  ғылыми түсінік бере алмады.

Қоғам өмірінің
заңдарына да, сонымен бірге искусствоның даму заңдарына да ең бірінші рет
ғылыми (матералистік) түсінік берген пролетариаттың көсемі және оның идеологі
Маркс пен Энгельс болды. Маркс пен Энгельстен кейін пролетариат революциясының
ұлы теоретигі Ленин матералистік ғылыми теорияны пролетариат күресінің жаңа
жағдайларына сәйкестіре отырып, оны ілгері қарай дамытты.                               

                                Ленин өзінің:
«Партиялық ұйым және  

     Әдебиеттегі                           партиялық         әдебиет»             деген 

партия
саясатының    мақаласында    социалистік      дәуірде

      негіздері                              
пролетариатқа        қандай        әдебиет

                                                      принципі керектігін айқындап    берді.

Әдебиет
ісі жалпы социал-демократиялық партияның ұйымдастырылған, планды, біріктірілген
жұмысының біте қайнаған бір бөлегі болуы керек; таптан тыс әдебиетті, таптан
тыс искусствоны тапсыз социалистік қоғамда ғана жасауға болады; әдебиет
партиялық болсын, әдебиет миллиондаған жұмысшы, еңбекші үшін жұмыс етсін деген
принципті ұсынды. Бұл пікірді Ленин социалистік Октябрь революциясынан бұрын,
пролетариат диктатурасы әлі орнамаған кезде-ақ айтты.

            Ұлы көсеміміз В.И.Ленин қайтыс
болғаннан бір жыл кейін, 1925 жылы 18 июльде БК(б)П Орталық Комитеті көркем
әдебиет туралы қаулы алды. Орталық Комитеттің бұл қаулысы В.И.Лениннің
«Партиялық ұйым және партиялық әдебиет» атты мақаласындағы данышпандық
ой-пікірлерін жаңа кезең, жаңа жағдайға сәйкес іске асыру болып табылды.
В.И.Лениннің әдебиет туралы даналық көзқарасын БК(б) П Орталық Комитеті
әдебиеттегі партия саясатының негізі етті.

            Ұлы Октябрь революциясы қоғам
құрылысын өзгертудегі ғана революция емес, сонымен қатар қоғам мүшелерінің
ой-санасын өзгерту революциясы болып саналды. Ұлы революцияның қаһарлы күші,
айбынды ісі арқылы көпшіліктің ой-өрісі кеңейді, социалистік жаңа құрылысты
құрысу ісіне белсенділігі артты. Солармен байланысты бұқараның мәдени тілектері
өсті, сөйтіп, коммунистік қоғамға бет алып, ілгері қарай аяқ басудың алғашқы
жағдайы болып табылатын мәдениет революциясының дәуірі басталды. Мәдениеттің
жаппай өсуінің бір бөлегі болып табылатын жаңа әдебиет те өрістеді.

            Екінші жағынан, ол кездегі
шаруашылық процесінің қиындығы, шаруашылықтың бір-біріне қарама-қарсы, тіпті
бір-біріне жау формаларының қатар өсуі, осы өсуден келіп жаңа буржуазияның тууы
және нығаюы бұрынғы және жаңа интеллигенцияның кейбір бөлектерінің, алғашқы
уақытта онша түсінбесе де, бұған сөзсіз бой ұруы, қоғам ішіне сол буржуазиялық
идеологияның агенттерінің бірінен соң бірі сұрыпталып шығып отыруы - осының
бәрі де өсіп келе жатқан жаңа әдебиетке әсерін тигізуі мүмкін екенін айта
келіп, БК(б)П Орталық Комитеті осы қаулының 4-5-тармақтарында былай деді:

            «Сонымен, жалпы алғанда, бізде тап
күресінің тоқталмайтыны сияқты, дәл осындай күрес әдебиет майданында да
тоқталмайды. Жалпы алғанда, искусствоның, жекелей алғанда, әдебиеттің таптық
жаратылысы, мысалы, саясатқа қарағанда, алуан түрлі шексіз көп формада
білінетін болса да, дегенмен таптық қоғамда бейтарап искусство болмайды, болуы
мүмкін  де емес.

Дегенмен  де біздің қоғам өміріндегі
негізгі фактіні, атап айтқанда, елімізде өкіметті жұмысшы табы қолына алғанын,
бізде пролетариат диктатурасының барлығын естен шығарып жіберу мүлдем теріс
болар еді.

Егер өкіметті қолға алғанға дейін пролетариат партиясы тап күресінің отын
өршітіп, тұтандыра келсе және бүкіл қоғамның талқанын шығару жолына бастап
келсе, пролетариат диктатурасы дәуірінде пролетариат партиясының алдында
шаруамен үйлесу және оны ақырындап қайта тәрбиелеу мәселесі тұр; буржуазиямен
белгілі дәрежеде істес болуға жол беру және оны ақырындап ығыстыру мәселесі
тұр; техникалық және басқа да интеллигенцияны қалайда  революция жұмысына тартып, оны қайткенде де
идеология жөнінен буржуазиядан өз жағымызға шығарып алу мәселесі тұр.

Сонымен тап күресі тоқталмағанмен де, ол өзінің формасын өзгертеді, өйткені
пролетариат өкіметті қолға алғанға дейін сол қоғамды талқандауға ұмтылады, ал
өзінің диктатурасы дәуірінде «бейбітшілік-ұйымдастыру жұмысын» бірінші қатарға
қояды», - деді (БК(б)П Орталық Комитетінің 1925 ж. 18 июньдегі резолюциясынан).

Қаулының төртінші тармағында, Ленин айтқандай, «таптық қоғамда бейтарап
искусство болмайды, болуға мүмкін де емес», - делінсе, сонымен қатар партия
пролетариат диктатурасы орнаған дәуірге, жаңа жағдайға сәйкестендіре отырып,
искусство, әдебиет жөніндегі Ленин принципін негізге ала отырып, ілгері
дамытты.

Сонымен тап күресі тоқталмағанмен де, ол өзінің формасын өзгертеді, өйткені
пролетариат өкіметті қолға алғанға дейін сол қоғамды талқандауға ұмтылады, ал
өзінің диктатурасы дәуірінде «бейбітшілік-ұйымдастыру жұмысын» бірінші қатарға
қояды», - деп партия пролетариат диктатурасы орнаған дәуірге сай жаңа
жолбасшылық берді.

БК(б)П Орталық Комитетінің 1925 ж. қаулысындағы айтылған техникалық
және  басқа да мамандықтары бар
интеллигенцияны  қалай етіп ревоюция
жұмысына тартып, оны қалай етіп буржуазиялық идеологиядан өз жағымызға шығарып
алу, «жолбике» жазушыларды сұрыптау: шаруа жұмысшыларына достық көзқарас
болудың, сөзсіз қолдап отырудың, оларға сабырлық көзбен қарап, көмек ете
отырудың керектігі, тағы басқалардың бәрі де Лениннің жоғары айтқандарын жаңа
жағдайға сәйкес ілгерілетіп дамыту еді.

Осы қаулының он бірінші тармағында:

«Пролетариат жазушылары жөнінде партия мынадай позицияда болуы керек:
олардың өсуіне  барынша көмектесе отырып,
оларды, олардың ұйымын барынша қолдай отырып, партия күні бұрын барлық
шараларды қолдана отырып, олардың ішінде аса қауіпті құбылыс коммунистік менмендіктің
тууына мүмкіндік бермеуге тиіс. Пролетариат жазушылары келешекте совет
әдебиетінің идеологиялық басшысы болады, сондықтан да ескі мәдениет мұрасына,
сондай-ақ көркем сөз мамандарына да жеңіл-желпі және немқұрайды қараушылыққа
қарсы партия барынша күресуге тиіс. Сонымен қатар пролетариат жазушыларының
идеялық гегемониясы үшін күрестің қажеттігін жете бағаламау позициясын да тап
сондай теріс деп табу керек. Бір жағынан, капитулянттыққа қарсы, екінші
жағынан, коммунистік менмендікке қарсы күресу - міне, партияның ұраны осы.
Партия көлемі тар, бірбеткей, таза «пролетариаттық» әдебиет жасау үшін
әрекеттенушілермен де күресуге тиіс; әдебиет өмірдегі құбылыстарды, оның түрлі
күрделі салаларын түгел қамтуы керек; тек бір ғана заводтың аумағында
тұйықталып  қалуға болмайды; тек қана бір
цехтың әдебиеті болып қалмай, соңынан миллиондаған шаруаны ерткен күресуші ұлы
таптың әдебиеті болуға тиіс, пролетариат әдебиетінің аумағының мазмұны, міне,
осындай болуы керек», - деді.

Бұл үзіндіден де біз Орталық Комитеттің ескі мәдениет мұрасына, көркем сөз
мамандарына қандай көзқарас болуы керектігі жөніндегі және таза
«пролетариаттық» әдебиет жасаймыз деуге қарсы, коммунистік менмендікке қарсы
күресу туралы лениндік теорияны жаңа жағдайға сәйкес ілгерілету екендігін
көреміз.

«Адамзаттың бүкіл дамуы туғызған мәдениетті құнттап білумен ғана, соны
қайта қорытумен ғана пролетарлық мәдениетті жасауға болатындығын анық
ұғынбасақ, - мұны ұғынбасақ, бұл міндетті біз орындай алмаймыз», - деді Ленин
деп біз жоғарыда да айтқанбыз.

Көсеміміз Лениннің менмендікті мейлінше шенегені де мәлім. Ленин
коммунистік менмендіктің коммунизм қоғамын құру жолында үлкен зиянды екендігін
ашып айтты. Лениннің бұл пікірі де БК(б)П Орталық Комитетінің қаулысынан орын
алды. Партия өзінің қаулысында коммунистік менмендіктің залалды екендігін
көрсете келіп, пролетариат жазушылары оған қарсы күрес ашуы керектігін айтты.

БК(б)П Орталық Комитетінің қаулысының 15-16-тармақтарында былай дейді:
«Әдебиет жұмысымен таныс еместердің әдебиет жұмысына өркөкіректікпен, әкімшілік
жолмен қол сұғуын партия барынша құртып отыруы керек; әдебиетімізді шын
пайдалы, дұрыс және сыпайы жолбасшылықпен қамтамасыз ету үшін, баспасөз жұмысын
басқарып отырған мекемелердің кадрларын мұқият, дұрыс іріктеп қою ісіне партия
ерекше қамқорлық етуі керек.

Партия сыншылар мен көркем шығарма жазатындардың атқаратын қызметін дұрыс
айыра білудің қажет екенін көркем әдебиеттің барлық қызметкерлеріне көрсетіп
беруі керек. Көркем шығарма жазушылар барлық күштерін, сөздің дәл мағынасында
айтқанда, әдеби шығармалар жазуға жұмсауы керек, бұған осы кездегі орасан көп
материалды пайдалануы керек. Одағымыздың толып жатқан республикалары мен
облыстарында ұлт әдебиетін өркендетуге де мейлінше көңіл бөлу қажет.

Партия нағыз жұмысшылар мен шаруалардың арасынан шыққан көпшілік оқушыларға
арналған көркем әдебиет жасаудың қажет екендігін атап көрсетуі керек;
әдебиеттегі байбатшалық соқыр сезімдерден табанды батыл түрде қол үзу керек
және бұрынғы шеберліктің техникалық барлық табыстарын пайдалана отырып,
миллиондаған көпшілікке түсінікті форма жасап шығару керек».

Бұл үзіндіден біз, біріншіден, БК(б)П Орталық Комитетінің Совет әдебиеті
алдында тұрған міндеттерін айқындап бергенін көрсек, екіншіден, Лениннің
әдебиет миллиондаған еңбекшілер үшін қызмет етсін және ол жұмысшы, еңбекшілерге
түсінікті әдебиет болсын деген көзқарастарымен қабысатындығын көреміз.

Қорыта айтқанда, Лениннің әдебиет, искусство туралы теориясын БК(б)П
Орталық Комитеті өзінің көркем әдебиет саласындағы саясатына негіз етті және
оны ілгері бастырып дамытты. Бұл қаулы пролетариат жазушыларының алда тұрған
міндет, мақсаттарын барлық жағынан толық қамтып, оның өсуі үшін басшылық еткен
және көмектескен қаулы болды.

                        БК(б)П
Орталық Комитетінің 1925 жылғы 

   Совет                              қаулысынан   бергі     кезде, совет әдебиеті

әдебиетінің                       үлкен табыстарға ие болды. Бұл   табыстар

 табыстары                       партия саясатының дұрыстығын,  көрсеткен    
жолдарының         туралығын

дәлелдейтін факт
болды. Революциядан бері шаруалардан және жалпы еңбекшілерден толып жатқан
жазушылар шықты. Шаруалардың колхоз құрылысына көшуімен байланысты, шаруалардың
арасынан шыққан жазушылар отрядының көпшілігі пролетариат идеологиясына толық
берілді. Олар жұмысшылардан шыққан жазушылармен 
тізе қосып, социализм ісі үшін белсене күресті. Бірінші бесжылдықтағы
социализм табыстарының арқасында интеллигенциядан шыққан жазушылардың негізгі
бөлегі пролетариат жағына ауды. Пролетариат идеологиясы совет әдебиетінде
гегемондық рөлге ие болды. Совет әдебиеті халықаралық буржуазия әдебиетіне
қарсы тұратын үлкен күшке айналды. Совет әдебиеті мен искусствосының кадрлары
көп өсті. Ендігі кезде революциядан кейін құрылған Россия пролетариат
жазушылары ассоциациясының (ұйымының) шеңберінің көлемі тар бола бастады.
Көркем творчествоның құлаш жайып өсуіне едәуір кедергі келтіруге айналды. Және
соңғы кезде социалистік міндеттерінің төңірегіне жазушыларды неғұрлым молырақ
ұйымдастыру керек болды. Осы себептермен байланысты БК(б)П Орталық Комитетінің
қаулысы бойынша, РАПП  жойылды да, 1932
жылы Совет жазушыларының одағы құрылды.

                                                Орталық
Комитет   қаулысында                    БК(б)П Орталық              былай  дейді: 
«Орталық    Комитет

Комитетінің 1932 ж.                      соңғы      жылдарда       социалистік

23 апрельдегі                             құрылыстың     
едәуір     табыстары  

қаулысы                                негізінде әдебиет пен искусствоның

                                                            да сан жағынан болсын,
сапа жағынан болсын көп өскендігін атап өтеді.

            Бұдан бірнеше жыл бұрын, әдебиетте,
әсіресе НЭП-тің алғашқы жылдарында, жанданған жат элементтердің едәуір әсері
бар кезде, ал пролетариат әдебиетінің кадрлары әлі әлсіз болған кезде, партия
пролетариат жазушылары мен искусство қызметкерлерінің позициясын нығайту
мақсатын көздеп, әдебиет пен искусство саласында өз алдына пролетариат
ұйымдарын құруға және нығайтуға барынша жәрдем етіп отырды.

            Қазіргі уақытта, пролетариат
әдебиеті мен искусствосының кадрлары өсіп жетілген кезде, заводтардан,
фабрикалардан, колхоздардан жаңа жазушылар мен суретшілер шығып отырған кезде,
пролетариаттық әдебиетшілер мен художниктердің қазіргі ұйымдарының (ВОАПП,
РАПП, РАПМ) және басқалардың шеңберінің көлемі тар бола бастады және көркем
творчествоның құлаш жайып,  өріс алуына
едәуір кедергі бола бастады. Бұл жағдай совет жазушылары мен суретшілерін
социалистік құрылыс міндеттерінің төңірегіне неғұрлым мол ұйыстыру орнына, бұл
ұйымдарды тұйықталған үйірме қалыптарында қалдыру қаупін, қазіргі кездегі саяси
міндеттерден сырт қалу және социалистік құрылысқа тілектес жазушылар мен
суретшілердің едәуір топтарынан қол үзу қаупін туғызады.

            Осыдан келіп көркем әдебиет
ұйымдарын, суретшілер ұйымдарын тиісінше қайта құру, олардың жұмыс базасын
кеңейту қажеттілігі туып отыр.

            Осы жағдайларды еске ала отырып,
БК(б)П Орталық Комитеті қаулы етеді:

1)     
Пролетариат жазушыларының
ассоциациясы (ВОАПП, РАПП) таратылсын;

2)     
Совет өкіметінің
платформасын жақтайтын және социалистік құрылысқа қатысуға талаптанатын барлық
жазушылар бірыңғай Совет жазушылары одағына біріктірілсін, бұл одақ жанында
коммунистік фракция болсын;

3)     
Искусствоның басқа түрлері
саласында да осы сияқты өзгерістер жүзеге асырылсын;

4)     
Бұл қаулыны жүзеге асыру
жөнінде нақтылы шаралар белгілеу Ұйымдастырушы бюроға тапсырылсын.

РАПП жұмысында болған кемшіліктер ұлт республикаларындағы жазушылар
ұйымдарында да болды. Қазақстан пролетариат жазушылар ұйымы да көркем
творчествоның құлаш жайып, өріс алуына кедергі бола бастады.  Тұйықталған үйірме қалпында қалу қаупі мұнда
да болды. Қысқасы, РАПП ұйымындағы кемшіліктердің бәрі де КазАПП-та кездесті.

Сондықтан РАПП-тың бір бөлімі болған Қазақстан пролетариат жазушылары
ассоциациясы да жойылып, бізде де Қазақ совет жазушылар одағы ұйымдастырылды.

                                    
1934 жылы август айының аяғында    

Совет                              Совет    жазушылар        одағының                                              жазушыларының             бірінші съезі болды.   Бұл    
съезге

бірінші съезі                                        СССР-дегі             әртүрлі          ұлт жазушыларының негізгі кадрлары

қатысты. Съезге пролетариаттың
революциялық күресіне қатысы бар шет елдердің жазушылары да көп қатынасты.
Съезд революциядан бергі жылдардағы әдебиет ісіндегі табыстарды қорытып және
әдебиеттің келешектегі өсу жолдарын белгіледі.

Бүкілодақтық Совет
жазушылары одағының председателі М.Горькийдің баяндамасында революцияшыл жаңа
таптың әдебиетінің тарихи мәні, оның халықаралық рөлі, ол әдебиеттің алдында
тұрған міндеттері айқын, ашық көрсетілді. Съезде украин, белорус, грузин,
еврей, өзбек сияқты СССР-дегі басқа ұлттар әдебиеті туралы арнайы баяндамалар
қойылды. Және драматургия, поэзия, жас кадрлар даярлау жөнінде мәселе қаралды.
Съездің кең түрде талқылаған мәселесінің бірі жазушының социалистік құрылыс
ісінде алатын орны және рөлі туралы болды.

Бұл съезд
социалистік құрылыс дәуірінде қалың бұқараның мәдениеті өсіп, өрлеуіне қандай
мүмкіндік туып отырғандығын, социалистік құрылыста аса қызықты тың материалдың
көптігін, әдебиетті оқушы көпшілікпен тікелей және тығыз байланыс жасауға
мейлінше кең жағдай туып отырғандығын, лениндік сара жолға түскен
әдебиетіміздің өркендеп өсуіне мейлінше кең жол ашылып тұрғандығын айқын
көрсетті.

Бұрын артта қалған
ұлттар да Совет елінде тез өсті. Өз мәдениетін жасады. Өз жазушыларын шығарды.
Енді көркем сөз шеберлері арамтамақтар үшін жұмыс істемейді, мең-зең боп ұйқыға
мас болушы кешегі қан сорғыштар үшін жазбайды, жаңа қоғам жасаушы миллиондаған
жаңа адамдар үшін жазады.

Съезд трибунасына
жұмысшылар, колхозшылар, қызыл әскерлер, ғылыми қызметкерлер, пионерлердің
делегаттары шығып, жазушыларды құттықтады. Жазушылардың алдына өз тілектерін
ұсынды. Алексей Максимович Горький әдебиеттің алдына социалистік өмірдің қойып
отырған тілегін былай деп қорытып өтті: «Совет әдебиеті таланттары әртүрлі және
үздіксіз өсіп келе жатқан дарынды жазушылары көп болғандықтан, тұтас коллектив
болып ұйымдасқан социалистік мәдениеттің ең күшті құралы болуы керек», - деді.
Коммунистік партияның тура басшылығының арқасында совет әдебиетінің осы жолдан
аумай жүріп келе жатқандығын съезд атап көрсетті.

1932 жылдан кейін де
БК(б)П Орталық Комитеті искусство, әдебиет туралы талай рет қаулылар алды. Бұл
қаулылардың қайсысы болсын, әдебиет жөніндегі лениндік теорияға негізделінді.
Әдебиет партиялық әдебиет болу керектігінің принципі берік сақталды. Совет
әдебиеті социалистік шындықты көрсету, халықтың тілек-мүддесіне сәйкес көркем
шығармалар беру керектігін жазушыларға әрдайым нұсқап отырды. Идеясыздыққа
қарсы күрес, Батыс мәдениетіне бас июден аулақ болу сықылды күрделі
идеологиялық мәселелер жөніндегі басшылықтар 1946 жылғы қаулыларда айрықша
көрсетілді.

КПСС ХХ съезі совет
әдебиеті мен искусствосының күші халық өмірімен байланыстылығында, оның
коммунизмнің игі істері үшін күресінде екендігін көрсете келіп, жаңа қоғам
құрудағы ұлы міндеттерді жүзеге асыру үшін еңбекшілерге коммунистік тәрбие
беруде әдебиет, искусство қайраткерлері Коммунистік партияның ең сенімді
серігі, көмекшісі деп білді.

1959 жылы февральда
болып өткен КПСС ХХІ съезі елімізде коммунизм қоғамының құрылысына кірісумен
байланысты әдебиет, искусствоның алдында тұрған міндеттерді тұжырымды түрде
белгіледі.

«Алдағы жеті жылдық
социалистік мәдениетті дамытудың да жеті жылдығы болуға тиіс. Әдебиеттің,
театрдың, киноның, музыканың, скульптура мен көркем суреттің қайраткерлері өз
творчестволарының идеялық-көркемдік дәрежелерін қазіргіден де жоғары көтеруге,
алдағы кезде де еңбекшілерге коммунистік тәрбие беруде ісінде, коммунистік
мәдениетті дамытуда партия мен мемлекеттің белсенді көмекшісі болуға міндетті»,
- деді.

1959 жылы май айында
СССР жазушыларының ІІІ съезі болып өтті. Съезге дүниежүзінің прогрессивтік
бағыттағы жазушыларының өкілдері қатысты. Совет жазушылары ІІ съезден бергі
жұмыстарын қорыта келіп, жеті жылдық жоспармен байланысты қандай жұмыстар істеу
керек, коммунистік қоғам құруға кірісе бастаған дәуірде партияның әдебиет
саласындағы саясатын қайткенде толық жүзеге асыру, соған белсене атсалысу
мәселелерін талқылады.

Партияның ХХІІ съезі
елімізде коммунистік қоғам құрудың ұлы Программасын қабылдағанда, сол жаңа
қоғамның азаматын тәрбиелеудегі әдебиет пен искусствоның рөлі аса маңызды
екенін атап көрсетті. КПСС Орталық Комитетінің 1963 жылғы июнь Пленумы әдебиет
пен искусствоның жоғары идеялы болуына творчество қайраткерлерінің назарын тағы
да аударды.

Қорыта айтқанда,
КПСС ХХІІ съезінің әдебиет пен искусствоға, олардың қайраткерлеріне жүктеп
отырған міндеттері мен сілтеп отырған нұсқаулары В.И.Лениннің «Партиялық ұйым
және партиялық әдебиетте» айтылған даналық пікірлерінің жалғасы екенін, оның
көзқарасы жаңа жағдайға, жаңа кезеңге сәйкес дамытыла түскенін көреміз.