ВЕРНУТЬСЯ

        Біз күні кеше ғана Орал қаласы әкімінің орынбасары Владимир
Дремасовпен телефон арқылы хабарласып, қоқыс үйінідісі (свалка) мен В.
Сарычевтің бастамасына ресми көзқарасын білдіруін сұраған едік. Жоғары лауазым
иесі іркілместен жауап берді:-Иә, жылдар бойы жиналған тұрмыстық қалдық пен
қоқыстың қала үшін экологиялық және эпидемиологиялық қатері зор. Былайша
айтқанда, «бас ауруымыз». Бірақ биыл бұл мәселені шешуде оңтайлы бетбұрыс бар.
Яғни, қоқыс төгілетін полигон және өзге де аумақтар біздің тарапымыздан қатаң
бақылауға алынды. Қоқыс тасуды реттейтін (перегрузочный) станса жұмыс істейді,
қалдықтар жоғары сиымды, үлкен көліктермен тасылады. Мұның өзі жол және
жану-жағармайы шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді. Полигонда және өзге де қоқыс
төгілетін жерде тұрақты жұмыс істейтін адамдар бар. Олар соған қатысты істердің
реттілігі мен жүйелілігіне жауап береді. Енді қала көшелеріне қойылған қоқыс
жәшіктері жиі тазартылып, түрлі қоқыстың ұзақ жатып қалмауына мән беріледі. Кез
келген жерге қоқыс төгуге тиым салынып, ол жағдаят қатаң қадағаланады. Бұл-бір.
Екіншіден, мен Сарычевті жақсы білемін. Оның ойы мен мақсаты тек қолдауға
лайық. Сондықтан біз кәсіпкермен ортақ келісімге қол жеткіздік. Демек,
Сарычевтің экологиялық кешенін іске енгізуі үшін қала әкімшілігі тарапынан
тиесілі қолдау қамтамасыз етіледі.