ВЕРНУТЬСЯ

Егес...

Егес басталды:

Мансап...

Шекпен..

Арман...

Өлең...

Ар үшін...

Додаға ой тасталды,

(орман, тоғай, асу, үңгір,
жар-ішім...)

Кім жеңеді?

Шек-шегара жоқ тегі.

Ай астында - ала майдан
сенгісіз.

Таусылардай жер үстінде
оттегі,

бір сұрапыл - көнгісіз.

He болады?

Кім жеңеді?

Белгісіз...

Heгe?

Heгe?

Шуылдайды құлағым?

Қысылар ма бекер дем?

Өмір-өзен...

Жөңкілердей ұлы ағын.

Азап...

Мұңым...

Сілкінердей от өрген.

Бұлқынардай бұлағым...

Қаным ойнап, шуылдардай құлағым?!

Кім біледі кімнің күліп,
жыларын?

Кім біледі кімнің қашан құларын?

Кімнің қалай тынарын?

Жүріп жатыр...

Жүріп жатыр бір егес...

Егес...

Егес...

Ұлы майдан - ұлы ағын...

қаңтар, 1980 жыл