ВЕРНУТЬСЯ

    Келіп тұрмын өзім
өскен шағылға,

Қоңыр күз бар жанымда.

Бұл
ғаламда мені ұғатын - Күз
ғана,

Шешем бар-тын, жатыр әне ол қабырда.

Қоңыр күзім үндемейді қу маңдай,

Өңір дей ме бұл
қандай.

Мынау жарық дүниеде ол дағы

Досы жоғын енді
біліп тұрғандай.

«Ол дағы дәл мендей болған сорлы екен».

Heгe суық кешегі жаз, кең мекен?

Өмір - өте көңілсіз той.

Жоқ, әлде

Осы тойдан кетіп қалған жөн бе екен?

Қимасам да қиянатқа, залалға еш,

Қоңыр күзім, айтсам ба екен саған қош.

Сосын қашан дос табасың, жазған-ау,

Сатпайтын дос, адал дос!

Дөңайбат бұлт, дөң асқан жол,

дөкір дүз,

Үнсіз ойда отырмыз.

Иығыма басын үнсіз сүйейді

Жетім күз.