ВЕРНУТЬСЯ

        Атам қазақ әдетте «Ит- жеті қазынаның бірі» десе
де, оның орынын тек босаға деп білген. Ал өзге ұлттарда, әсіресе еуропалықтарда
олай емес. Тіпті олардың «құқығын» қорғайтын ұйымдардың барлығына, төрт аяқты
«достарына» мұра қалдыратындардың қалыпты көрініс екеніне баяғыда-ақ «етіміз»
үйренген. Міне, сол Құтпандар мен Майлыаяқтардың жыртысын жыртып, «мұңын»
мұңдайтын «Қазақстан кинологтарының (гректің «кинос»-«ит» сөзінен шыққан)
одағы»  қоғамдық бірлестігі сонау 1993
жылы Алматы қаласында құрылыпты. Бұрын ондай 
ұйым атымен болмаған сыңайлы..