ВЕРНУТЬСЯ

     «Жарама тұз
сепкендей ащы бір әңгіме айтшы. Әлгі бір сағыз бар емес пе, шайнағанда аузыңды
быт-шыт қылатын»,-деп құсаланды ол. Қапелімде ештеңе дей қоймап едім, өзі
сұраған әңгімені өзі айтты. Ел аралап жүріп, дастархан басында серілігі ұстап:
«Айналайын, қонақ боп отырған менікі не, қабағың ашылмай жүрген сенікі не?»-деп
әзілдепті ас қамдаушы қыз-келіншектердің бойы-басын қымтап ұстаған біріне.
Жүзінен мұң сейілмей жүргенмен, ана қыз өжет екен: «Адасқан біздікі не,
шатасқан сіздікі не?»- деп қағып тастапты. Соңыра білсе, бұл қыз желтоқсан
көтерілісі кезінде алаңда ұсталып, оқудан шығып қалған екен. Ал, ағамыз оларды
«маскүнем, нашақор» деп күстаналаған ашық хатқа қол қойғандардың бірі еді.
«Өзіме де сол керек», - деді ол кісі кеш те болса кінәсін мойындап.