ВЕРНУТЬСЯ

      «Пәлен халық
туралы он лақап», «түгілен халық туралы бес лақап» деген тақілеттес сыни
көзқарасты әр-әр жерден оқып қалып жүрміз. «Осы біз ұлы халық болсақ, шығарған
көліктеріміз неге неміс пен жапонның көліктерінен нашар?» деп жазыпты орыстың
бір газеті. «Шынында да ұлы халық болсақ, әлемді таңқалдыратын бірдеңені біз де
жасап шығаруымыз керек еді ғой»,- деп еріксіз ойланып қаласың. «Ұлымыз»,
«данышпанбыз», «таудаймыз- қырдаймыз» деген сияқты кеуек сөздер бізге де бөтен
емес. Тек басқалардан қазақтың бір айырмашылығы бар, - қазақ жоғарыдағыдай
лақапты мақтангершілікпен емес, өзін-өзі жұбату үшін айтады. Әйтпесе, өмірден
қайтқан адамды қайтпас сапарға шығарып салып тұрып: «Ұлы халықтың тағы бір ұлы
перзенті арамыздан кетіп барады»,- деп шалықтап сөйлемес едік қой.