ВЕРНУТЬСЯ

   Жапарқұл көлік сатып алған екен, бір күні көршісі оның түзу
көше тұрғанда, шоқалақ-шоқалақ айналма жолмен жүріп жүргенін байқап қалды.

    - Әй, мына жақпен
неге жүрмейсің?-деді таңырқап.

    - Ойбай, бұл жақта
жол полициясы көп,- деп көзі бақшаң ете қалды

Жапарқұлдың.

     - Құжатың дұрыс емес пе?

     -Дұрыс.

     - Әй, бір шатағы
бар шығар?

     - Жо-жоқ,
тап-тұйнақтай бәрі. 

     Әп-әжептәуір
қызмет істейтін көршісінің талағы тарс айырылды.

      - Өй, оның не?
Жындымысың, неден қорқасың онда? Қой, мынауыңды ел

естімесін.   

      Былай шыға бере:
«Сот емес, «үш әріп» емес, жол полициясы деген не тәйірі?»- деп күңк етті
өз-өзінен. Неге өйтіп айтқанын өзі де байқамай қалды.

Ал, сонда сот пен «үш әріптен» неге қорқуға тиіссің?