ВЕРНУТЬСЯ

Енесі келініне жөнсіз шүйліге беріпті. Келіні байғұс
жаутаңдап, қайынатасынан араша сұрағандай түр білдірсе керек. Сұрақ белгілі,
«кімді жақтайсыз ата енді?» Күйіп кеткен қайыната:

   - Қарағым, келін
боп кеше түскен сен кімнің шікірәсісің? Мен бәрібір қырық жыл отасқан кемпірімнің
сөзін сөйлеймін. Әуелі бұ кісінің қайынатасымен соғыстық, онан соң
қайыненесімен шайқастық. Келе-келе қайынәпкесімен де шекістік. Қырық жыл талай
майданды бастан өткеріп, енді қалай тана қалайын? - деген екен.

   Сөз астарын
түсінген кемпірі келініне содан қайтып соқтықпайтын болыпты.