ВЕРНУТЬСЯ

     Көп-көрім бір
азамат:

     -Біздің ауылдың
шалдарының қолы  күс-күс болатын. Су құй
дейді, су құйсаң жұқпай өтіп кетеді,- деп жазу үстелінің үстіне жата қап күлді.

     -Ет жегенде
қолдарының күсі езіліп, маймен бірге сорғалап ағып отыратын еді ғой, ә, - деп
қасындағысы оған қосыла күлді.   

     Өздері бес-алты
жігіт екен, ешқайсысы қалыс қалған жоқ. Болмайтын нәрсеге ал кеп күлді, ал кеп
күлді.

      Бүгінгінің
әйелге ұқсаған еркектерінің сиқы осы! Үлбіреген алақандарына қарап, көтек пе
деп қаласың.