ВЕРНУТЬСЯ

       Қол-аяғы
балғадай, ақсары өңді орыс келіншегі өзін «Жанұзақовамын» деп таныстырды. «Әкең
қазақ па?»- деп едім, «Жоқ, күйеуім қазақ болған, ажырасып кеттік»,- деп
қызараң етті. Тыныш тұрмай: «Күйеуіңді әлі жақсы көресің-ау, сірә?»-дедім оның
өз фамилиясына көшпегенін меңзеп. «Бұл фамилия Қазақстанда қайда барсам да  асырайды мені,- деп жымиды келіншек.-Өзім
орыспын, фамилиям қазақша...»

       Ал, керек
болса! Көлеңкемізден қорқып жүрген біздікі не, қазақтың атымен жанбағарлық
жасап жүрген мына келіншектікі не? «Сананы тұрмыс билейді» деп қаба сақал айтса
да, қара сақал айтса да тиер жеріне дөп тигізіп айтқан-ау тегі. «Тек соны
өзіміздің түсінгіміз келмей жүргені болмаса» деген ойға қалдым еріксіз.