ВЕРНУТЬСЯ

   «Қазақ әдебиеті» газетінде Оралхан Бөкей бас редактор болып
тұрған кезде «Қазақ қандай халық?» деген тақырыпта сауалнама жарияладық.
Оқырманнан аткөпір хат келді, орынбасар болған соң оның бәрін мен екшеп
отырдым. Оралхан Бөкей өршіл адам болғанмен, затында иі жұмсақ, ал мен момын
болсам да қаттымын. Тұщы етіңе ащы таяқ тигендей қайқаң қақтырған хаттардың
«мұртын басайық» деді Орағаң, мен сол қалпы жариялағанды жөн көрдім. Орағаң,
байқаймын, «жастікі дұрыс шығар» деп, менің ырқыма салды. Ойланып=ойланып,
«ағамыз бекер күмәнданбаған болар» деп, мен ол кісінің ыңғайына жығылдым.
Ертесіне алғашқы хаттар күзеліңкіреп шыққаннан кейін: «Әй, осы сен екеуміз
бір=біріміздің қабағымызға қараймыз деп жүріп, 
ақиқатты өлтіріп алған жоқпыз ба?!»- деп семсер сөзін сарт еткізді
ағамыз.

      Сондағы алынып
тасталған хат жолдарының бірі мынадай еді: «Біз түк те ұлы халық емеспіз,
данышпан да емеспіз, бар болғаны ферма меңгерушісі Айдарбайдың құлақкесті
құлымыз!..»