ВЕРНУТЬСЯ

     Ол керемет бір
қысқа әңгіме жазды. Керемет әңгіме жазғанын жүрегі сезді. Әдебиет танытқыштар
да елең етіскен. «Қысқа әңгіменің көкесін алдағы уақытта жазамын»,- деді
көпіріп. Бірақ, қолына қайтып қалам алған жоқ. Бықи-тықилармен жарысып әңгіме
жазуға құлқы болмады. Сөйтіп жүргенде ажалы жетіп, өлді де қалды. Бір күні
маскүнем досы оның басындағы  ескерткіш
тақтаға: «Алланың тапсырмасын орындаған жоқ»,- деп жазып кетті.

     Қазақтың мықты
жазушыларының көпшілігі бірер жақсы кітап жазған

соң қаламнан жеріп шыға келеді. Оларға да: «Ұлт алдындағы
парызын орындамай жүр»,- деп ешкім айта қоймайды-ау осы.