ВЕРНУТЬСЯ

    Тоқсаннан асып,
асарын асап, жасарын жасаған бір кісі бақұлдасар сәт келіп, жалғыз ұлына
жәутеңдеп қарай беріпті. 

   - Балам-ау, енді не
істейсің? - депті қимас көңілмен.

   - Не істеуші ем?
Экскаватормен шұқыр қаздырып, бульдозермен итеріп көме салам да,- депті баласы
арсалаңдап.

   - Е, онда менде
басқа уайым жоқ,- деп, шал армансыз адамдай «Уһ!» деп, үзіліп кетіпті.

    Сөйтсе, байғұс шал
«балам мені жоқтап, мәжнүн боп кетпесе екен» деп алаңдап жатқан екен.