ВЕРНУТЬСЯ

      Айта-айта, бір
тақуа шалдың немересіне насихат өтіп кетіпті. Бір күні кешке әлгі бала далаға
шыға келсе, күн батпаған, бір жақтан ай да көрініп тұрыпты. Табиғатта кейде
сондай да құбылыс болады ғой. Бала қайтадан үйге жүгіріп кіріп:

   - Бір жағымда ай
тұр, бір жағымда күн тұр. Былай қарасам құбыла, былай қарасам мола бар. Сонда
мен қалай қарап шаптырам? - деп жылап жіберіпті.