ВЕРНУТЬСЯ

      «Осы бір иманды
әкім»,- деп біреулер мақтай берген соң, әңгімелесудің орайы келіп, бір күні
алдынан табылдық. Сөйлесіп көрсек, бұл иманды әкіміміз бір де бір рет жұма
намазға барып көрмепті. Осыны біреуге айтып едік, «Онда тұрған не бар?» деп
шалқайды. Тағы біреуге айтып едік, иығын қиқаң еткізді де қойды. Шындығында
діншіл болғанды былай қойып, дінге ықылас танытпаудың өзі де қазақ арасында
сөкет емес. Көп адам, соның ішінде басшылар да соған бой үйретіп алған болуы
керек. Әйтпесе, қазақ арасында «имансыз» дегеннен ауыр сөз жоқ.