ВЕРНУТЬСЯ

        Берлинде
сыртқы істер министрлігінің өкілі түскі асқа шақырды. Аудармашы қыз екеуміз
бардық. Көп-көрім мейрамхана екен. Бірақ, әлгі пістиген неме: «Сіздің отыз бес
еуроға дейін ғана тапсырыс  беруіңізге
болады»,- деп қалды. Асы қанша дәмді болса да тамағымнан өтпей, әбден берекем
қашты. Кейін біреудің: «Меймандос қазақпыз»,- деп көпіргенін көріп: «Жоқ,
ысырапшыл қазақпыз»,- деп ренжітіп тастадым. Болған жайды естіген бір кәсіпкер
азамат: «Оны қойшы, біздің дарақы жігіттер шетелден келген қонақтарға қара көз
қыздарды тасып шапқылап жүр»,- деп күйіп-пісті. Осы біздікі меймандостық па,
әлде құлдық құлық па, ойланбай көріңіз енді.