ВЕРНУТЬСЯ

    Қара жолдың бойында кәуап сатып, болмаса қайыр тiлеп,
табылса арақ-шарап iшiп, өздерiнше сауық құрып бiр дәурен өмiр сүретiн мүсәпiр
жандардың iшiнде ол да бар едi; терiсi сүйегiне iлiнiп, көзi бақшиған, құс
тұмсығы қылтанақсыз көсе, жүзi аппақ қудай, адырайған көк тамыр кiсi болатын;
тапқандарын қылдай бөлiп iшiп-жегенмен, басқалардай ит-мысық етiнен кәуап
пiсiрiп сатқан не садақа сұрап алақан жайған жерi жоқ; неге екенi белгiсiз, садақа
таратушылар ой бағып оңаша отырған оған қасындағылардан кем қалдырмайтын
тиын-тебендi өздерi берiп кететiн де ол ерiн ұшымен "құдайдан
қайтсын" деп көңiлсiз күбiр ете қалатын; қырықтың қырқасында-ақ қартайып,
мәшпүтi бiткен сол кiсi соңғы бiр-екi күннiң қарасында мүлдем төбе көрсетпей
кеттi, бұл маңайда оны жоқтаған да ешкiм болған жоқ.

Ер жiгiттiң бағы да, соры да - нар тәуекел.

Еренғайып құсын қолына қондырған күнi өгей әкесiмен шартпа-шұрт
болып, бiржола кетiскен. Босағаны оң аяғымен аттаған жас келiннiң бұрышқа
тығылып алып, пырс-пырс жылағаны ғана жанына батты. Әйтпесе басқасын бұйым
құрлы көрген жоқ. Қой-қойлап сабырға шақырған көршi-қолаңның сөзiн құлағына да
қыстырмады. Жолына көлденең түсiп жатып алған шешесiне:

- Бала керек болса жүр! - деп кесiп айтты.

Бауырын суық қарып, онсыз да арық әйелдiң жерде екi бүктетiлiп
құр сүлдерi жатқан. Кiшкентай құлағын жымырып, көзi сықсиып, мысық тiлеумен
отырған мақұлық бәрiбiр мiз бақпады. Басы қылтиып, өзiндей екi адам сиып
кететiн кең-мол күпiге көмiле қалыпты. Өгейлiгiн жасап отырған отағасы бұл.
"Мынау ұра ма, қайтедi? Ұрса айдатып жiберермiн-ақ", - деп бәле тiлегендей
де түрi бар.

Еренғайып ендi қарайлайтын ештеңе қалмағанын сезiп, қолын
бiр-ақ сiлтедi. Топшысы азалана шиқылдаған ауыр есiктi аңқайта ашып тастап,
үлкен қанарға екi бөлек теңдеп салған жүгiн дырылдата сүйреп, далаға алып шықты.
Сол бетiнде жүгiн жегулi тұрған атарбаға атып ұрып, бiр сәт аялдап, артынша
мойын бұрған. Сықсыңдап жылап,   екi   алақанымен  
бетiн   басып,   жанына  
келген Ұрқияны да тiк көтерiп әкетiп, арбаның шетiне қуыршақтай ғып
отырғыза салды.

Бүгiн ғана келiн болып түскен Ұрқияны Еренғайып ауылдан
осылай ала жөнелiп едi. Барар жер, басар тауын ойша жобалап алған. Тыныш түнде
атарба салдыр-сұлдыр етiп, құла байтал басын кегжеңдете жортақтап, ауылдан шыққан
бетте Тұңғаттың терiстiгiндегi ескi жұртқа қарай бағыт ұстады. Бiрте-бiрте
қараңғылыққа көз үйренiп, айнала төңiрек те айқындала бастады.

- Ұрқияш, не күйге тап болдым деп келесiң-ау.

- Масқара-ай!.. Мүны естiсе әке-шешем қайтер екен.

- Болар iс болды, еңдi өкiнiп қажетi жоқ.

- Мейлi ғой, Ерен. Маған бәрiбiр.

- Шының ба?

- Шыным емей... Жүр дегенге ере салып... Құда түсiп ал деп
бәлсiнiп отырып алмағанымды қарашы.

- Құдалыққа жiбере қоятындай менiң кiмiм тұр?..

   Қыз тосылып, жiгiт томсарып қалды. Жаңа
ғана түн тымық едi, баяулап көтерiлген жел күш алып, ұйтқи жөнелдi. Жолмен
жарыса электр желiсi тартылған. Жолаушы қаз-қатар тiзiлген бағаналарды санап та
жол ұтатын. Жел күшейген кезде сол бағаналарға тартылған желiден бiр уiл
естiлдi. "Өгей, өгей" деп уiлдейтiн секiлдi.

Екеуi өкпелескен адамдай екi жаққа қарап отыр. Бiрақ жiгiттiң
де, қыздың да ойында бiр-ақ нәрсе бар. Ескi жұрттағы жер үй бұларды қалай қарсы
алар екен? Ол үйде шыр етiп бiр кезде Еренғайып дүниеге келген. Кейiн онда ата-анасымен
бiрге Ұрқия да жиi қонақта болып тұратын. Отағасының науқасы меңдеп, бұлар
бертiнде ел iшiне, екiншi бөлiмшеге қоныс аударды да ауыл арасы тiптi жақындай
түстi. Ұрқияның ауылы орталық есебiндегi бiрiншi бөлiмшеде, кеншiлер
қалашығымен iргелес жатқан Ынталыда. Әке-шешелерi көңiлдерi жақын, дос-жар адамдар
едi. Ысырапылдың мезгiлсiз дүние салуымен ол күндер келмеске кеттi емес пе.
Кейiнгi күйеуi Еренғайыптың шешесiн Ұрқияның үйiне қатыстырмай қойды.

Иә, иә, қазiр екеуi де соны ойлап келедi. Қарауытып, әне, Тұңғат
та көрiндi. Тұңғаттың терiскейiнен ескi жұрт қашан көрiнедi деп, iлгерi
мойындарын созды. Сол мезет жылт еткен жарық көзге шалынып, Еренғайып арбаның жақтауынан
ұстап, орнынан тiзерлей көтерiлiп кеттi.

- Ананы қара, Ұрқия!

- Ол не?

- Көрмей  тұрмысың?  Ана 
жарықты қара.   Бiреу от жағып
жатқан сияқты ғой.

Көздеп келе жатқан жерлерiнен әлдененiң қалқасына бiр батып,
бiр шығып жылтылдаған отты Ұрқия жаңа байқады. Жол тегiс емес, анығында
толқынмен жағаласқандай жол бойындағы қалың бұта тасасынан көрiнбей кетiп,
қайта қылт ете қалып келе жатқан өздерi. Жел шайқап сыбдырлаған бұталардың
жапырақ-тiлiнде де "өгей-өгейлеген" бiр шуылдақ сыбыс бар. Түнгi жүргiншiлер
жаңдарынан өте бергенде, жарыса шулап, бас шұлғып, сумаңдаса жөнделедi. Ескi
жұрттағы жарық әкесi түнгi күзеттен келгенде тамақ жылыту үшiн жағылатын отты
көз алдына әкелiп, Еренғайып тағы да мұңайып қалған.

- Ер-е-ен, үйге қайтайықшы.

- Неге?

- Қорқамын.

Еренғайып үндемедi. Бiрақ әлсiз ток ұрғаңдай бойына дiрiл
жүгiрдi. Көптен иесiз жатқан ескi жұртта кiмнiң от жағып, түнеп жүргенiн бiле
алмай дал. Жаз ортасы, көшi-қонға әлi ерте. Жоқ iздейтiн де уақыт емес. Мал
жайлуда, ондағы елдiң егiн-судан басқа уайымы жоқ. Ендi кiм?!.

Еренғайып өз-өзiнен селк ете түстi. Әулиеқорымнан уран
табылыпты деген әңгiменi бұдан екi-үш күн бұрын ғана естiген. Құлақ түрiп
тыңдағанымен, пәлендей мән бере қоймаған едi. Әулиеқорым мен ескi жұрттың арасы
таяқ тастам жер. Іштей соны ойлаған да қойған. Шаңын аспанға шығарып бiрiн
қазса, одан екiншiсiнiң де аман қалмайтыны санасына ендi жеткен сияқты. Улы
кеннiң қандай қатерi барын анық бiлмесе де, әлденендей бiр сұмдықтың боларын
сезгендей жүрегi атша тулап кеттi.

От басында гәрiлдеп ән айтып отырған үшеу бұларды көрiп
анадайдан-ақ орындарынан өре тұрды. Алды жарық, арты қараңғы болып арбайған
сұлбалардың теңселiңкiреп тұрғанын арбадағылар кеш байқап қалды. Арбаны керi
бұрып әкетуге жiгiт намыстанды да, қыз қорқып, оның артына тығылды. Осы сәтте
үстi жабық жүк мәшинесiнiң астынан шыға келген қаңден ит шәуiлдеп үрiп қоя
бердi. Құла байтал оған пысқырған да жоқ, жәпiрейген тоқал тамның жанына тақалып
барып бiр-ақ тоқтады. Ескi жұрттың қонағы қайсы, иесi кiм екенiн жаңа
ажыратқандай, қаңден шәу етiп бiр үрдi де жым болды.

- Смотри, к нам гости приехали!..

- Вот тебе и кызымка!   

- Кому водка, кому кызымка...

Барылдап әбден-ақ әндетсе керек, от басыңдағылардың дауыстары
жарықшақтанып естiлдi. Қызара бөртiп алған соң, тиiсерге қара таппай, көздерi
қарайып отырған да сыңайлары бар. Соны сезiп, Еренғайып арбадан түсер-түспесiн
бiлмей екi дай болып қалып едi, Ұрқия да кетейiк дегеңдей жеңiнен тартты.
Бiр-ақ ақырын шүу-шулегенге құла байтал iлгерi баспай қойды. Осы сәтте
аналардың еңгезердей жирен сақалды бiреуi аяғын аттап-пұттап басып жаңдарына
келiп те қалған.

- Слезай, кызымка.

Өзiнше құрмет көрсеткендегi түрi ме, әлде оқыра тигендей
кұтыртқан арақтың буы ма, әйтеуiр жирен сақал келе Ұрқияның бiлегiне жармасты.
Қолындағы қос өрiм қамшысын бiлемдеп ұстап тұрған Еренғайыпты адам құрлы көрген
жоқ. Ұрқия кенет күтпеген мiнез танытып, жирен сақалдың қолын қағып жiбердi.

- Убери лапу!

Жирен сақалдың одан бетi кайта қоймады. Арбаға асылып алып:

- Ей, смотри-ка, кызымка знает человеческого языка, - деп Ұрқияны
мазақтай бастады.

Күректей алақан кыздың бұлтиған омырауын бiр маңайлап өттi.
Қыпша белге де қол салып, Ұрқияны арбадан жұлып алатындай өршелендi. Қаны
басына шапшыған Еренғайып бұдан әрiге шыдай алған жоқ. Жон арқаны жобалап
қамшысын кұлаштай сiлтеп калды. Жирен сақал қайқаң етiп, арбадан сыпырылып
түстi. Басын көтере бергенде, құлақшекеден ала тағы тартып жiбердi. Жирен сақал
аяғы-аяғына шалынысып, мұрттай ұшты.

Бұрыла салып, құла байталға да қамшы басқан. Жерден шыға
келгендей сопаң етiп, жолына тұра қалған сұлбадан үркiп, құла байтал оңға
жалтарды. Ол жақтан да жолын кес-кестеп қараңдаған бiр сұлба көрiңдi. Құла байтал
ендi сол жаққа жалт берiп, арбаны тоқал тамның кабырғасына апарып соқты.
Аударылған жоқ, бiрақ дөңгелегi үйдiң бұрышына тiрелiп тұрып қалды.

Арбаны оңдауға жерге секiрiп түскен жiгiттiң оңынан да,
солынан да соққы жауып кеттi. Жұдырықтап ұрып та жатыр, сарт та сұрт теуiп те
жатыр. Еренғайып жанталаса қорғанып, жұдырық астынан сытылып шықты да құла байталды
жасқап, өзi де итерiп, арбаны керi шегiндiрдi. Сөйткенше болған жоқ, аналар
мұны бас салып, сартылдатып тағы да сабай женелдi. Құлап бара жатып:

- Қаш!..   Ұрқия,   қаш!  
Мен   өзiм   құтылам, -  
де жанұшыра айғайлады.

Онсыз да үркектеп тұрған құла байтал айғай шықкан соң
Ұрқияны айдалаға ала қашты. Еренғайыпты жығып салып, тырп еткiзбей басып алған
ана үшеуi атарбаның түн тұңғиығына жұтылып бара жатқанын көрiп, өздерiмен-өздерi
дабыр-дұбыр болды да қалды. Жiгiттi жайына тастап, ұзын бойлы бiреуi сереңдеп
мәшинеге қарай жүгiрдi. Қатты соққыдан құлағы тарс бiтiп қалған Еренғайып мәшиненiң
дүр етiп оталғанын, жарқ етiп жарығының да жанғанын, iле жолындағы қурайларды
бытырлата жаныштап ақырын жылжып жақындап келе жатқанын жауырынымен сезген.
"Басып өлтiрiп кетер ме екен", деп ойлады ол. Бiрақ қарсыласқан жоқ,
бiрте-бiрте алыстай түскен арбаның салдырлаған дыбысын естiгiсi келгендей,
жерге құлағын төсеп жата бердi.

Жым-жырт, тып-тыныш, түпсiз, шексiз бiр әлем...

Батып барады...

Кетiп барады...

Миы солқ ете қалып, жолсызбен шоқалақтап қатты жүрiп келе
жатқан мәшиненiң қорабында есiн жиды. Тұла бойы қан қақсап ауырып, ыңырсып
орнынан тұруға талпынды. Қолын созып, айналасын сипалап көрiп едi, ештеңе
iлiкпедi. Тағы бiр талпынған кезiнде саусағы сұп-суық шыны ыдысқа тидi.
Қораптың үстi жабық, iшi тастай қараңғы. Бұрышқа мықтап бекiтiп қойған ыдыста
су ма, басқа ма, не барын ажырата алған жоқ. Шөл қысып, iшiн өрт алып бара
жатқандай көрiндi. Қораптың шетiнен ұстап, тiзерлей көтерiлдi де әлгi үлкен
шыны ыдысты құшақтап ұстай алды. Теңселiп құлап кете жаздап барып қайта
жармасты. Үстiңгi жағын, бүйiрiн қанша анықтап сипалап қараса да не аузын, не
шүмегiн таба алған жоқ. Оңды-солды шайқалып, кораптың шетiне гүрс-гүрс соғылды.

Бұлың-бұлың бiр елес келгеңдей болды көз алдына.

Жаңа бiр әзiрде көргендерi де тым алыста қалған сияқты.

Емiс-емiс есiне оралатындай, жадыңда жаңғыратыңдай.

Омырауын дала-дала ғып тырмалап, ауа жетпей тұншығып өлiп
бара жатқан ап-арық көтерем бiреудi көрдi - Әкесi. Марқұм жамбасы тесiлiп,
науқасы меңдеп көп жатқан. Алты айғы тартқан азабынан жаны азат, әйтпесе бұл
дүниенiң қызығы бiр жұтым ауадай да болған жоқ. Көзiнiң айналасын әжiм
торлағанмен, жанары ұялы, аялы ақ тамақ әйелзатын көрдi - Шешесi. Төркiннiң төрi
жат болып, қайынның қайыры азая бастағанын күйеуiнiң жылы өтер-өтпестен-ақ
сезiп, бiлiп отырған әйелдiң сорына тағы бiр соқабас еркек жолыққан. Шошақ тақиялы
шөмпиген неменiң дiнi қатты, жүрегi тас екен, баяғы ауру күзеткен күнiне зар
болды да қалды.

Сыр-сымбаты жарасып, қасы-көзi қиылған қараторының әдемiсiн
көрдi - Ұрқия. Күмiс кiрпiк, жақұт жанар, маржан тiс... Ерiнi торсиып, танауы қусырылып,
демi жиiлеп, бiр ысып, бiр суынып... Әлгi айтқан сөзi ше?.. "Убери лапу!"...
Қайдан үйрендi екен?.. Ұрқия, Ұрқия...

Санасы тұманнан айығып, ақыл-есi, сезiм-түйсiгi дүр-дүр
сiлкiнiп, серпiлiп, сергiп сала бердi. Оқыстан жарқырап күн шыға келгендей,
санасы сау, ойы айқын жiгiттiң есiне қалыңдығы екеуiнiң қандай күйге ұшырағандары
сарт етiп орала кеттi. Бойын ыза кернеп, долылық буып, қораптың алдыңғы жағын
жұдырығымен дүрсiлдете ұрғылап, тепкiлей бастады. Уысына iлiккен шүберектi
жұлып алып едi, маңдайшада жылтыраған әйнектен жұлдыз ба, ай ма, әлдене жылт
етiп жоғалды. Шайқалақтаған мәшиненiң үстiнде теңселiп әрең тұрған ол ұмтылып
келiп, терезе жақтауына таскенеше жабысты. Түн қараңғылығын тiлгiлеген жарықтан
құла байтал алып қашып бара жатқан атарбаны көзi шалып қалды. Шашы тарқатылып,
қолындағы орамалы жалаудай желбiреген Ұрқия сытылып шығар жол iздегендей
жан-жағына жалтақтап қарап-қарап қояды. Еренғайып мәшинедегiлердiң арбаны қалай
тоқтатарын бiлмей, бiресе оң, бiресе сол жағынан қапталдай қуып келе жатқанын
аңғарды. Кабинадан басын шығарып айғайлаған бiреуiнiң дауысы мұның да құлағына
жеттi.

- Стой!.. Стой тебе говорят!..

Қайшыласқан жарықтан атарба да, Ұрқия да диiрменнен
шықкандай аппақ болып ап-анық көрiнiп кеттi. Іле ақжалқынданып өртенiп бара
жатқандай елестедi. Еренғайып атарба мен мәшиненiң арасы тез жақындай түскенiн
аңдаған. Келесi сәтте атарбаның көлденеңдей бергенiн байқап қалып, жүрегi тас
төбесiне шықты. Көздей әйнекке кенеше жабысқан күйi тастай қатып, жабайы бiр дауыспен
шыңғыра айғайлап жiбердi. Сөйткенше болған жоқ, ой-шұңқырлы жерде бас бермес
асаудай орғып-орғып кеткен мәшине жолына кесе көлденең тартылған арбаны ат-матымен
жерден көтере түрiп әкеттi.

Құла байтал үрейлене кiсiнеген.

Ұрқия да жанұшыра шыңғырды.

Ащы дауыс қалай оқыс шықса, солай тез тыйыла қалды.

Жаңғырығы да төске ұрған балғаның шыңылындай қып-қысқа
болды.

Мәшине шыңғырған қыз дауысын бауырына басып, табанына салып
жаныштап барып кiлт тоқтады.

Бойына алапат күш бiткендей долырған жiгiт әйнек бөшкенi
орнынан қалай жұлып алғанын өзi де байқаған жоқ. Сол екпiнiмен үйiре көтергенде
белi қайысып, табанынан тiк басып тұра алмай тәлтiректеп кеттi. Тiлерсегi майыса,
тiзесi бүгiлiп барып түзелдi. Бар күшiн салып, қолынан тайып шығъп бара жатқан
бөшкемен темiр есiктi тұспалдап жiберiп ұрды. Әйнек бөшке быт-шыт болып, шынысы
саудырлай, сыңғырлай төгiлiп түстi. Еренғайып танауын тозаң қытықтап,
түшкiрiп-пысқырып, тентек болған тоқтыдай тұрған жерiнде шыр айналып, тыпырлады
да қалды. Көзiне топырақ толып, шаңға қақалып, дем ала алмай тұншығып,
қылғынып, ауа жетпей өлiп кететiндей зәр-иманы ұшты. Ішкi бiр түйсiкпен басы
зеңгiп, есi ауып бара жатқанын да сезген.

Жұлқа ашылған темiр есiктiң шақыр-шұқыр дыбысынан селт етiп,
санасына саңылаулап сәуле жүгiрдi Исi, дәмi қышқылтым тозаң аралас ауа
кеңсiрiгiн пышақтай тiлiп өттi. Жас парлаған көзiн уқалап жiберiп, есiк жаққа жалт
қараған ол алғашында тұмсықтары сорайып сыртта түрғандардың нендей мақұлық
екенiн ажырата алған жоқ. Тез анықтап қайта қарағанда ғана бет-ауыздарын ауасүзгiшпен
тұмшалап алған үш адамды көрiп, өзi бағанадан берi бұрқылдата кешiп жүрген ақ
ұнтаққа тіксіне бір көз тастап үлгерді. Бiрақ оны ойлап жатуға мұршасы болмай,
әйнек бөшкенiң қолына түскен сынығын iлiп алып, өзiнше айбат қылғандай түр
танытты. Аналар оның бұл қылығынан тайсала қойған жоқ, бiрiнен соң бiрi
тiркемеге қарғып-қарғып мiндi. Мұның әр қимылын қалт жiбермей аңдып, үшеуi үш
жағынан ақырын мысықтабандап қоршап келедi.

Еренғайып оларды қолындағы әйнекпен жасқап тұрды да, оқыс
жалт бұрылып, ту сыртын айнала берген бiреуiнiң ауасүзгiшiн жұлып алды.
Алақанымен аузын басып, серiктерiн тастай қашқан оны қаба сақалға ұқсатып, соңынан
екiлене ұмтылған. Иығынан сыпырылып түскен кәстөмiн етегiнен, жеңiнен
жармасқандардың қолында қалдырып, мәшинеден қаба сақалға iлесе секiрдi.
Табаны  жерге тиiсiмен қаба сақалды адым
аштырмай шалып жығып, үстiнен аттап өттi де, қайырыла берiп тұмсықтан қайқайта
тептi. Қалған екеуi қорбаңдап мәшинеден түсiп болғанша, көйлегiнiң етек-жеңi
делеңдеп, бар пәрменiмен тұра кеп қашқан жiгiт иен даланы жайлаған түн қараңғылығына
тастай батып, судай сiңiп жоғалды.

Абалап үрiп алдынан шыққан алкеуде шапшып басына секiрдi.
Бұл иттi тамақтан шап берiп, екеуi ұмар-жұмар болып алыса кеттi.
Көйлек-дамбалшаң сыртқа атып шыққан отағасы әлдененi тарс еткiзген, қамшы дәл құлағының
түбiнен жыланша ысқырып өттi. Дау-жанжалда талайды жырық құлақ атандырған
әйгiлi қамшыгер Құтжан едi бұл. Оның екiншi қайыра жұмсақ сiлтеген қорғасын
өрiмi итiнiң жон арқасынан сипай өтiп, әшпейiн ғана сып ете қалды. Қарала ит
құйрығын бұтына қысып, бүкшиiп жөнiне кеттi де иесi қырылдаған жарықшақ дауысымен:

- Кiмсiң,  әй? - деп
бетiне үңiлдi. - Жаннан безген жалмауыздың үйiн ториды деп... Ұрымысың
немене?..

- Еренғайыппын.

- К-кiм?.. Қатшаның баласымысың?..

Еренғайып үндемедi, әйел шығарған осы Құтжанның: "Қап,
қап-әй, ә.. Қатшаны мен алуым керек едi, ана сұмпайының алдымды орап кеткенiн
қара. Ыстекең аруағынан қорқып жүр едiм" ,- деп бармақ шәйнап өкiнгенiн
бiлетiн. "Әкеңнiң гөрi, қаңғып қарсақ қуғанша, бүйтiп өкiнерiң бар, неге
ертерек қимылдамадың", - деп iшiнен бiр боқтап алды, - өгей әкесiне деген
қыжылы да баяғы. Бойында, әлi дiрiл бар, аяғынан әрең басып тұр.

- Үйге кiрмеймiсiң... Жүр, - деп еңгезердей Құтжан өзi
алдыға түстi.

Бiлте шам сығырайған қараша үйдiң iшi алакөлеңке, жұпыны
көрiндi. Еренғайып қапсырмалы есiктiң жақтауына сүйенiп, қылтасы қиылғандай
сылқ етiп отыра кеттi. Құтжан оның көкала қойдай болып таяқ жеп келiп отырғанын
жаңа байқаған. Қан көрсе құтыратын бұқадай көзi ақиып, құйрығы жер баспай жатып
орнынан қайыра ұшып тұрды. Арбайған келеңкесi үйдiң жартысын алып, көлбең ете
қалды. Құтжан, бұл баяғы Құтжан!

- Не болды?!. Кiм тидi?!. Ана бәтшағар ма?!.

Екiленiп, тапап кетердей төнiп келген оның кiмдi меңзегенi
белгiлi едi. Іш күйдiрген бақталасын, Еренғайыптың өгей әкесiн меңзеп тұр. Бұл
"иә" десе, атқа мiне салып, тұра шабатындай калпы бар. Бiрақ, өгей әкесi
туралы ойлауға қазiр Еренғайыптың құлқы да, шамасы да жоқ.

- Ендi кiм?!. Қолы батып, мұнша сабаған қай атаңа нәлет
сенi?! Не керек екен о немеге?!

Құтжан сабасына түскенше ол үндемей отыра бердi. Үндемей
мысын басып барып мән-жайды түсiндiрiп, қаралы хабарды жеткiзген. Сөзiн аяқтай
алмай кемсеңдеп, еңкiлдеп жылап жiбердi.

- Жоқ ендi, аға!.. Ұрқия жоқ!.. Айырылып қалдым!.. Өлтiрiп
кеттi!.. Айуандар!

- Қап, сорлы бала-ай... Сорлап қалған екенсiң-ау.

- Ендi не iстеймiн, аға?

- Не iстегенi несi?!. Қолында өлмедiң бе одан да!..

- Аға!.. Ағатай!.. Мылтығьңды бершi!.. Мылтығыңды әкел
деймiн!..

Орнынан ұшып тұрған Еренғайып жұдырығын бiлемдеп, қолына
түскендi түтiп жейтiндей алаң-жұлаң еттi. Құтжан да сотқарлығы ұстап, жеңiн
сыбанып, иiрген асықтай шиыршық атты. Төр алдына екi-ақ аттап жетiп, текшелеп
жинаған жүк артынан сопаң еткiзiп қосауыз мылтығын суырып алды.

- Қарап  қой  бұларды!. 
Басынған  екен әбден!   Бiздi баяғы түземдiк деп жүрген ғой, атаңа
нәлет. Күреп тауып жатқан ақшасын азсынса көрiп алайық.

Дойыр қамшысын екi бүктеп ұстап, ырғып атқа мiнген Құтжан
тiптi қаһарланып кеттi. Мылтық Еренғайыптың қолында, сұп-суық ұңғыны алақанымен
бiр сипап, қосауызды ол қанжығаға бiр шалып байлап тақымына басқан. Ауаны
ысқыра тiлiп өтiп, әлде тасқа, әлде темiрге тарс етiп тиген қамшыдан от
ұшқыңдады.

Дүниенi обып жұтып алған тас қараңғы түнде қос салт атты
жымы бiлiнбей қатарласа ызғып келедi. Әлдеқайдан, жер астынан бiр дүбiр
естiледi, май топыраққа топылдап тиген тұяқтан осындай алдамшы дыбыс шығады,
-ат тұяғына киiз орап шапқандай тұйық дыбыс. Жерге құлақ төсеп тың-тыңдаған
бiреу болмаса, қашан иек астынан сопаң ете қалғанша, оларды ендi ешкiм
андамайды. Мотор жеп, майлы саусақ мың мәрте кiрiп-шыққан кiр құлақ кеншiге
тiптi сөз жоқ. Олар алдымен iз бағдарын белгiлеп алу үшiн арба аударылған жердi
бетке ұстаған. Дiттеген жерге жете бере Еренғайып атынан домалап түстi. Арба сынықтарының
арасыңда қарайып жатқан кыз денесiн құшақтай құлап, үнi шықпай, ине жұтқан
иттей тыпырлады да қалды.

Ат үстiнде бұдан әрi қоқырайып отыра беруге Құтжанның да
дәтi шыдамады. Ықшам қимылынан жазып, жерге қап лақтырғандай-ақ дүрс еттi.
Еңкеңдеп жан-жағын сипалап жүрiп мәшиненiң iзiн тауып алды. Із қуалай тоңқаңдап
барып керi айналды. Алақанына жұққан шаң-топырақты қағып тұрып:

- Осы жерден   
керi    бұрылыпты, -    дедi  
дауысы тарғылданып. - Тау  
жаққа   кетсе,   мәшиненiң  
дауысын естiр  едiк.   Мына 
жақта  ол  жоқ.  
Бұлар  сонда қайтадан Тұңғатқа
кеткен бе? Онда несi бар, атаңа нәлеттердiң?

Ол атына қайыра мiнiп жатып:

- Қарындасым-ай!..  
Қайран   қарындасым-ай!..Бой жетiп   өскенiңдi  
көре   қалған   екен  
ғой бұл қу шұнақ құдай! - деп күңiрендi.

Еренғайып та есеңгiреп, теңселе басып келiп, үзеңгiге аяқ
салды. Ытырыла қозғалған атқа ерге жабысып, сүйретiлiп барып әрең мiнген.
Құтжан алда, бұл соңында. Түңғатқа қарай құйғыта жөнелдi. Ат тұяғы тақырға
iлiгiп, аламан тасырға ұласып тыныш түндi қойға қасқыр тигендей бөрiктiрiп
жiбердi. Әлсiн-әлi оқ жыланша ысылдап, құр дәрi салып атқан мылтықтай
тарсылдаған қамшы да қуғыншыларды анадайдан аттандатып келедi.

- Әне! - деп қалды Құтжан кенет.

Ол нұсқаған жақта кен қазған терең шахта бар болатын. Сол
тұста қарайған мәшиненi Еренғайып та көрген.

- Ат!..  Аспанға  ат! - дедi 
Құтжан тамағын  жырта айғай салып.

Құтжанның дауысын мылтықтың гүрсiлi көмiп кеттi. Нысанасыз
беталды атылған оқ түн тылсымына сыңғып жәнелдi. Осы сәтте мәшинеден де мылтық
атылып, оқ Еренғайыптың дәл құлақ түбiнен ысқырып өте шықты. Етек-жеңiн жел
кеулеп, табанын үзеңгiге тiрей алға үмсынған ол бұғып та үлгiргек жоқ. Сырғып
ат бауырына түскен Құтжанның:

- Ат!.. Атсаңшы!.. - деген жан дауысы шықты.

Еренғайып  
мылтығын   мәшиненеге   қарай  
тұспалдай бердi де оқ атудан соңғы мезетте ғана тартынып қалды. Кеншiлер     дүр   
еткiзiп    мәшинелерiн оталдырды,
жарқырап жарық жанды. Маңдай тұстан ұрған жарықтан көз қарығып, екi атты
опыр-топыр болып, амалсыз тiзгiн тартты. Мәшинеден және мылтық атылып, оқ ат
сауырын осып өттi де, жануар шыңғыра кiсiнеп көкке шапшыды. Сол қолымен
тiзгiнге қосып ұстаған қосауыздың дүмiн қара санына тiреп, бiлегiне қамшы iлген
оң қолымен ат сауырын сипаған Еренғайыптың саусағына жылымшы қан бiлiңдi.

- Иттiң  баласы!   Күшiк!.. Неге атпайсың ат дегенде?!. - деп
кiжiндi Құтжан. - Әкел мылтықты!..

Ашу мен намыс өртеген Еренғайып мылтықты Құтжанға бермей өзi
атты. Көзiн сығырайта жарыққа тура бiр қарап, қосауызды солай қарата шүрiппенi
басып қалып, оқ iзiне құлақ тiктi. Қарсы беттен пырс еткен дыбыс  шықты, 
оқтың далаға  кетпегенiн ол соған
қарап бiлген.

- Тидi! - деп елiрдi Құтжан. - Әкел!.. Маған бер!..

Жанаса келiп, мұның қолынан қосауызды жұлып алған Құтжан атын
тебiнiп, жарықтан шетке ығысты. Алақанымен көзiн көлегейлеп, тақымын қыса
еңкейiп, Еренғайып та оның соңынан салды. Құтжанның қосауызды опырып, жүре
оқтап бара жатқанын ту сыртынан көрiп келедi. Кенет, ол мәшинеге қарай жалт
бұрылып, бiрiнен соң бiрiн жүдемелете екi оқты қатар атып-атып жiбердi. Мәшиненiң
қос көзi бiрдей соқырайып, жарығы лып-лып сөне қалды. Қарсы жақтан да мылтық
гүрсiлдедi, бiрақ оқтарын далаға атты. Атысып береке таппасын бiлдi ме, iле
мәшинесiн шоқалақтатып қашуға ойысты.

- Аналар қашып барады, аға!.. Қап, құтылып, кететiн болды-ау.

- Һа!.. Құтылып көрсін!.. Шүу, әйда, кеттiк!..

Ет қызуы басылмаған аттар қамшы салдырған жоқ. Қиқалақтап,
салдыр-гүлдiр еткен мәшинемен екi ара тез жақындай түстi. Құтжан қосауызды
опырып, оқтап алған. Қашқыңдарға оң қапталдан жанамалай килiгiп келедi.

Мәшинемен қатарласып қалған кезде Құтжан аруақ шақырып,
айғайға басты. Бойында кек қайнап, кезiне қан толған Еренғайып та оған қиқулап
үн қосты. Мәшиненiң алдын кесе атылған оқ от ұшқындатып кабинаның тұмсығын
жалап  өттi.

Еңдi бiр сәтте қашып құтылар жер таппай жанталасқан кеншiлер
мәшиненi Соркөлге қарай кiлт бұрып әкеттi. Қос атты айғайлап, қиқулап,
әлсiн-әлсiн гүрсiлдете мылтық атып, соңдарынан қуып бердi. Соркөл жазық дала
төсi ойылып ортасына түскеңдей жан-жағы тiк жарқабақ, биiк құз болып келетiн
үлкен қазан шұңқыр. Аумағы ат айналып шапса мәреге болдырып әрең жетерлiктей
бар. Сол көрiніске әрi атына қарап қариялар ерте бiр замандарда бұл жерде айдын
көл болған деседi. Шынында да табаны сор, тұз - ала-құла. Жер жайын бiлмейтiн
адам тападай тал түстiң өзiңде Соркөлдiң үстiнен қалай шыға келгенiн бiлмей
аңтарылып қалар едi. Мына мәшине жолсызбен тоңқалаңдап солай қарай тартып
барады. Ажал айдаған пақырлар оқтан қашып, орға құлайтындарын қайдан бiлсiн. "Әттең,
қазiр көздерiне туралап бiр қараса ғой, шiркiндердiң",- деп тiсiн қайрап
келедi Еренғайып. Көз алдыңда, ойында - Ұрқия. Жанұшырған дауысы да алыстан
жаңғырып жеткендей шыңылдап құлағында тұр. Алөкпе шабыстан қызыл майы шыққан
атын қос бүйiрден өкше қадай тепкiлеп, жын-перiдей құтырынған Құтжанға iлесе
қиқулап, долыра, елiре айғайлайды, соңынан мың сан жасақ ерткендей аттандайды.
Құдды артында қалың жұрт, қара халық бардай, солардың намысын жыртып, көлденең   көк  
аттыда   кеткен   ақысын  
қайыруға   келе жатқандай
аруақтанады.

-  Құлады!.. Құлады,
әне!..

Әлде ашынғаннан, әлде масаттанғаннан аспан астын жаңғыртқан
бұл дауыс тентек Құтжанның емес, момын Еренғайыптың аузынан шыққан. Ол бар
екпiнiмен зымырап бара жатқан мәшиненiң тұмсығы оқыс көтерiлiп барып,
жарқабаққа асылып калғанын, сол бетiмен бiр мезет теңселiп тұрып, төңкерілiп
кеп кеткенiн ап-анық көрдi. Соркөлдiң iшін кернеп, салдыр-гүлдiр, тасыр-тұсыр
еткен дыбыс таң алдындағы тыныштықта ғаламат қатты естiлдi.

Екi салт атты төмеңде төңкерiлiп жатқан мәшиненiң каңқасына
жарқабақтың үстiнен көпке дейiн үн-түнсiз қарап тұрды.

Өз тiршiлiгi өзiндегi момақан, қазақы ауылдарға қарағанда,
Ынталы жұртының етi тiрi, ширақ көрiнушi еді. Ол, бәлкiм, iргелес орын тепкен
кеншiлер қаласындағы еркiншiлiктiң, сағаты санаулы, табысы тәуiр, тұрмысы бөлек
жұмыскерлiк өмiрдiң әсер, ықпалынан да шығар. Әйтеуiр көшесi түзу, қоқырайған
клубы, секеңдеп би билейтiн алаңы, сыраханасы мен кәуапханасы бар. Қыздары
тiкбақай, ұлдары сәнқой, үлкендерi iшiмдiкке үйiр, кейбiр пысықайлары
кеншілермен тамыр да болып алған. Соның арқасында кеншiлердiң бастықтарына
сөзiн өткiзiп, мал берiп, жалынып-жалпайып жүрiп балаларын жұмысқа тұрғызған
екi-үш үйдiң мәртебесi биiк. Әйтпесе, жұмыс таппай бос сенделiп, кеншiлердi
төңiректеген соқталдай-соқталдай азаматтар көп-ақ. Ұрқияның қазасы туралы
қаралы хабар осындай қыжылмен жүрген жiгiттердiң топтанып, жедел атқа қонуына
себепкер болған.

Тергеушiге түсiнiк берiп шыққаннан кейiн Ұрқияның ата-анасына
көңiл айтуға келген Құтжан мен Еренғайып отыз-қырық жiгiттің басын құраған бұл
топқа ауыл сыртында жолықты. Бәрiнiң астында ат, қолдарында қамшы, таяқ,
бiлектерiне шынжыр орап алғандары да ұшырасады. Тақымдарына басып жасырған
бiрлi-жарым мылтықтарының дүмi мен ұңғысы "менi көрдiң бе?" дегендей бәрiбiр
оқшау көзге ұрып тұр. Бағанадан берi Құтжанның ынғайына ғана   жығылып келе жатқан Еренғайып:

    - Аға, мен онда
қай бетiммен барам. Одан да осында қалайын. Сiз барып келiңiз, - дедi қаймыққан
түрмен көзi жаутаңдап.

- Жоқ,  осыңдай кезде
алдына барып, бетiңдi ашып алмасаң,  
артынан   қиын   болып  
жүрер, - деп Құтжан көнбедi.

Көшеден "ой, қарағымдап" айғайлап жылап келе жатқан
бұларды көрiп, қаралы үйден де дауыс шықты. Ет-жақын ағайын-туыстан еркектер
жағы қатарласып, көңiл айтып келушiлермен есiк алдында көрiсiп тұр. Еркектерге
iлесе iштен әйелдер дауыс салды, қыз анасының сай-сүйектi сырқыратқан жоқтауы
естiлдi. Құтжан еркектердi жағалай көрiсiп кеттi де, көз шарасы жасқа толған Еренғайып
не iстерiн бiлмей қалтырап-дiрiлдеп шетте тұрып қалды.

Кенет, қыз әкесi, еңгезердей дәу қара Нұрбек, басын әнтек
көтерiп алып, жалпақ бетiн айғыздап, тарам-тарам болып сорғалаған көз жасын
сүртпестен аңырап, орнынан ұмтыла козғалды. Еренғайыптың зәре-иманы ұшты,
қазаға жиналған жұрт та жылаған үнiн жұтып, топтанып түрғаны әңгiмеден тыйылып,
ошарылып бәрi осылай қарай бұрылды. Олардың күткеніндей болған жоқ, Нұрбек Еренғайыпты
бас салып құшақтап, бауырына басты. Бiрi жардай, жалпақ жауырынды, бiрi
тұлғалы, сорайған ұзын бойлы екi еркек денелерi селкiлдеп, өңкiлдеп, өңiреп қосыла
жылағанда, басқалар да жай қарап тұра алмады. Қазан-аяқ басында жүрген
көршi-қолаңға дейiн көз жастарын сығымдап, азан-қазан, у-шу ауылды басына
көтердi. Үйге кiрiп, әйелдер жағына бiр көрiнiп шыққан Құтжан, әйгiлi тентек,
қамшыгер Құтжан:

- Атқа қон!.. Аттан!.. Аруақ!..- деп аттандап, жаңа тiзгінiн
қашаға бiр шалып iле салған Айқасқасының жанына барып та қалды.

Оған әкесiндей Нұрбектiң жұрт алдында сөкпей, қайта арқа
тұтар азамат санап, жақын тартып қайғы бөлiскенiне бетi ашылып қайраттанған
Еренғайып мен қаза жөнелту камымен жiпсiз байланып алдыңғы топқа iлесе алмай
қалған үш-төрт жiгiт ердi.

- Әй, мыналар бiрдеңеге арандайды.

- Тоқтатсаңдаршы!

- Баламен бала боп, 
ана Құтжанға не жоқ?! - деп құр далбасалаған дауыстарды ешқайсысы
тыңдамады.

Бұларды әжептәуiр қара кебейткен ауыл сыртындағылар
дабырласа, қауқылдаса қарсы алды. Бiрақ, бәрiнiң де назары орталарыңда суырыла
сөйлеген бiреуге ауып тұр екен. Еренғайып сұңқиған арық, шүңет көз, орақ мұрынды,
қырма сақал Байсалды жазбай таныды. Ескi қорымдарды аралап жүргенiн айтып,
бiрде Түңғатқа қона жатып қайтқаны бар. Қызыңқырап, налып отырып, марқұм
әкесiне Ынталыда мүғалiм болғанын, мектеп директорымен әлденеге келiсе алмай,
өз арызымен жүмыстан шығып кеткенiн жырдай қылып әңгiмелеп берген. Неге екенi
белгiсіз, бiлте шамның жарығымен құдық түбiндегi судай жылтыраған түңғиық,
терең сырлы шүңет көзi жадымда мықтап қалып қойыпты. Жұртты аузына қаратқан, Құтжанмен
жасы қарайлас сол Байсал, арада бiрталай жыл өтсе де түр-тұлғасы еш өзгермептi.
Елеңдеп оның сөзiне Еренғайып та қүлақ түрдi.

- Кенiмiздi, байлығымызды қазып, тасып әкетiп жатыр.
Жерiмiздi талқандап бiттi, малымыздың өрiсi тарылды.  Соның 
өтеуi қайда?! Кен қазамыз деп,  
Түңғаттағы қорымды бұзып, моланы таптап, аруақты қорлады. Бұдан өткен   қандай  
басынғандық   керек сеңдерге?!
Ендi  сол Тұңғаттың жанынан улы кен
тауыпты. Бұрынғы ескi шахтаның да зардабы жетерлiк. Ол жерден ендi улы кен
қазса не болмақпыз? Бiздi басқа жаққа көшiредi екен деген де сыбыс   бар.  
Ата-баба   қонысынан   көшiп 
қайда   барамыз? Аналарға   бәрiбiр,  
жағдайларын  түзеп,   байып 
алған  соң тайып  түрады.  
Түптiң  түбiнде тоналып,  уланып,  
зардап шегетiн   жергiлiктi   халық,   мына  
сендерсiңдер.   Ендеше, көтер
басыңды, келiмсектердi басындырма!

Байсалды қолдап, жиналғаңдар:

- Дұрыс! Байсалдiкi дұрыс!

- Мола бұзған кәззаптарды көрiп алайық!

- Кiмнiң жерiнде жүргендерiн бiлсiн! - десiп шу-шу етiстi.

Тағы бiр ересектеу, шот маңдай, шомбал қараның:

- Алдымен талап қоялық. Тағы қан төгiлiп жүрмесiн. Тыңдамаса   көре  
жатармыз, -    деген   сөзiн  
тыңдар   қүлақ болмай, далаға
кеттi.

Еренғайып топ iшiнде жастар ғана емес, үлкендердiң де бар
екенiн ендi байқады. Басқаларды сабырға шақырып, алдымен келiсiмге баруға
үгiттеп жүрген солар. Алайда аздың үнiн желiккен көптiң айғай-ұйғайы естiртпей
жатыр. Ұйқысы шала Құтжанның қабағы қату едi, қарлыққан дауысымен:

- Айда, 
кеттiк!..   Баста!.. - деп
қамшысын ысқырта үйiрдi.

Кеппен бiрге Еренғайып та атын тебiнiп, шүу-шулеп женелген.
Бiрақ денесi дел-сал болып, әбден қалжыраған, ер үстiнде зорға отыр жарбиып.
Бүгiнгi кергенінің бәрi өң мен түстiң арасында өтiп жатқандай бұлдыр, буалдыр.
Әйтеуiр өрекпiп, лепiрген топ толқын қуған жаңқадай iлестiрiп әкетiп барады.

Түнгi оқиғадан кеншiлер де хабарсыз қалмаған, таңғы дүрлiгуге
де құлақ тiгулi болатын. Қызыл қыштан ерiлген үзын барақ үйлер мен қаз-қатар
тiзiлген вагондардың тұрғьндары мазасыз, бiрақ қамсыз да емес. Қарулары -
күзетке берiлген екi мылтық, қолға түскен күрек-қайла. Келсең-кел, қорқарым жоқ
деп күтiнiп түрған түрлерi бар. Әсiресе, араларындағы бұрын сотталған, содан да
келгелi жұптарын жазбай жүрген бес-алты қара жүмысшы төтенше жанығулы. Негiзгi
күш өздерi екенiн аңғартқандай қаруларын сайлап оңашанала қалыпты. Қалтасынан
бiр алып, бiр салып жылтыңдатқан пышағы, жең ұшынан жалаңдатқан кездiгi,
алақанына салып салмақтап тұрған қыземшек қорғасыны-жарағы жанында жүретiн суық
қарулы, қарау ойлы жандардың түрiн байқатады. Бүгiн не iстесе де сүттен ақ,
судан таза болып шығатындарына көздерi айқын жетiп те тұрған сыңайлы.

Маңдайшасына қызыл байрақ iлiнген кеңсе-вагонның есiгi сарт
етiп ашылды да тығыншықтай мығым денелi бiреу ықшам қимылдап, темiр тепкiшекке
аяғы тиер-тиместен жерге секiрiп түстi. Жасы жер ортасынан ауған бұл   кiсi  
қазақша   сейлесе   сөздiң  
түбiн  түсiретiн  қужақ Матвей болатын. "Орыстың iшiндегi
қазақ, қазақтың iшiндегi орыс" атанған Матвей кiрiссе келiмсек кеншiлер мен
қазақтардың арасында шешiлмес дау жоқ. Алайда, ретi келсе құдалыққа да жүрiп
беретiн оның өзi де бүгiн аса қобалжулы көрiндi. Ұстарамен қырына-қырына көкшақа
ғып тастаған самайынан, қысқа мойнынан сорғалаған тер моншақ-моншақ. Жаяу
жорғасына салып, жолай қосылып ере жүргендерден озыңқырап келедi. Сол бетiмен
вагон-үйшiктердiң шетiне шығып бiр-ақ тоқтады.

- Қару қолданушы болмаңдар. Қазақ ашынса мылтық тұрмақ,
зеңбiрегiңе де пысқырмайды. Қол қусырып қарсы алып,   алдап-сулап 
шығарып   салайық.   "Таспен 
ұрғанды аспен ұр" деген мақалы бар бұлардың. Қайсысыңда самогон
бар?

Матвейдiң сөзi, әсiресе соңғы айтқаны жиналған еркектерге
ұнаңқырамай қалды. Айырбас емес, басқа емес, өздерiнiн де қолы бiрде жетiп,
бiрде жетпей жүрген самогонды қоқан-лоққы жасап келген жаман қазаққа құйып жын
ұрып па?! Қабағы түксиген, бүйрек бет, жұмық көз мұрын астынан мiңгiр ете
қалып, оны қасындағылар iлiп әкеттi.

- Бастықтың шабарманында жоқ самогон бiзде қайдан болсын.

- Һе,   бұлар   сосын 
чукча   құсап  күнде 
арақ  сұрап келiп тұрмай ма?

- Жаңағы мақалы жақсы екен өздерiнiң.

- Олар қазақ болса, мен казакпын.

Топ осылай бiрiн-бiрi қостай сөйлеп, дуылдасып кеттi. Көпке
қарсы келе алмай, кiмге жалынарын бiлмей, Матвей жапақтады. Бүларға ендi
Матвейден гөрi бағанағы пышақ шығарып, кездiк жалаңдатып тұрғандардың сөзi
өтiмдiрек екенi белгiлi болып қалған. Жалбыраған жирен шашты, сопайған ат жақты
ұзын сирақ Жираф, үстi-басы инемен пiскiлеп салынған суреттен көрiнбейтiн
шартық Кенгуру, жырық ерiн Сафар, апайтөс Үндiс, қияқ мұртты, сылыңғыр, сұлу
Яша, қара Түрiк - қай-қайсысы да топ бастауға дайын. Қалашықтағы жұрт бұларды
өздерi қойып алған осы аттарымен атайтын, сырттай сескенiңкiреп те жүретiн.
Оның үстiне көпшiлiк соларды кәдiмгiдей айбат көрiп тұрған соң Матвей де
амалсыз ауыз жапты.

- Келiп   қалды!
-  деген  
үрейлi   дауыс   естiлдi  
осы сәтте.

- Қане?

- Соқырмысың?! 
Ана  жаққа  қара, 
бұл  жақта  нең бар?!

- Әй, мыналар көп қой.

- Матвей Ильич, қайдасың? Алдарынан шық, тапап кетер
әйтпесе.

Андыздап қаптап келе жатқан аттыларды көргеннен-ақ мықтымсьнған
кеншiлер пыштай болды. Атқа қонған қазақтың айбыны артып, мысы басып кететiнiн
жаңа байқаған тәрiздi. Бiр ауылдан осьнша ер-азамат белсенiп шығар деп бұлар
ойламаған. Оның үстiне қанатын жаза, жайыла шапқан аттылардың бiреуi екеу боп
көрiнiп, тiптi естерi шықты. Сейтсе де араларында аттымен жаяу алысып
мертiгерiн бiле тұра делебесi қозып, қан тiлегендей шамырқанып,
жан-жағындағыларды үгiттеп, өзiн де, өзгенi де қайрап жүргендер де жоқ емес.
Түрменiң дәмiн татқан ұзын сирақ Жирафтың айналасындағылар ғана аузына сақ болмаса
олардың да сасып-пысқан түрi көрiнбейдi.

Жаугершiлiк бiр заманды кәрi тарихтың жадында жаңғыртып,
даланың да есiне түсiрiп қиқулаған аттылардың екпiнi қатты едi. Бiр қарағанда
жер қайыстырған қалың қолдай елес берiп, ендi бiр қарағанда көкпарға шапқан аз
ғана топтай көрiнiп, жосылтып келедi. Қазақтар бұрын келiмсектер салған
бекiнiстерге, тас қорғандарға осылай шабады екен. Қайқы қылыш пен шитi мылтыққа,
жүйрiк атқа ғана сенген жалаңтөс боздақтар пулемет оғынан қоғадай қырқылып, аяқ
астында гүрс-гүрс жарылған снарядтардан сүйектерiн жинап ала алмай қалатын едi
деседi. Артынан жазалаушы отряд шығып, ауылдар өртенiп, аман қалған ер-азамат
қойдай қосақталып айдалып кететiн. Қыз-келiншектiң абыройы төгiлiп, мал-жан
тоналып, көтерiлiстi басудың сылтауымен қазақтың басында әңгiртаяқ ойнайтын.
Үлкендердiң, көнекөз қариялардың әңгiмесi ғой, айтылған, ұмытылған, қайта
жаңғырған.

- Аруақ!.. Аруақ!..

- Қапта!..

- Аттан!.. Аттан!..

Сол айғай, сол ұран бүгiн тағы естiлдi. Қазақ бекер аруақ
шақырмайды. Мына тобырды арқаландырған да осы ұран сөздiң атасы болатын. Бiрақ,
ешқайсысында да бiреудi өлтiрiп, қан төгейiн деген ой жоқ. Вагон-үйшiктердi,
кеңсенi өртеп, қарсыласқандарын сабап, өздерiнiң кiм екендiктерiн танытып
қайтпақ. Келiмсектер кiмнiң жерiнде жүргенiн бiлiп қойсын, аяғын тартып бассын.
Осыңдай мақсатпен ат ойнатып өтiп, соңдарына зiл тастап кетпекшi.

Кеншiлердiң әлi ес жия алмай ошарылып тұрғанын көрiп,
аттылар тiптi еркiнси бастаған. Бәйгеге ат қосқандай бiрiнен бiрi оза шауып,
омыраулап келедi. Ызалы, ашулы айғайдың арасынан көңiлдi дауыстар да естiлiп қалады.
Еренғайыптың да көңiлi орныкқандай болып, олай-бұлай бұрылып, Құтжанды iздедi.
Үзенгiге аяғын тiрей бойын тiктеп, алды-артына да кез жiбердi, - Құтжан жоқ!
Жаңа бiр әзiрде әлдекiм жанаса берiп, етегiнен тартқандай болып едi. Ет
қызуымен назар аудара коймаған. Сол Құтжан ба екен деген ой қылт етiп, абдырағаны
сонша, аттан ауып қала жаздады. Тұмсығы Тұңғатқа тiрелетiн Ұзынсайды қуалай
салып ұрып бара жатқан жалғыз салт атты көзге шалынғаннан-ақ күдiгiнiң расқа
шықканын бiрден сездi. Құтжан кеншiлерге сойқан салмаққа желiккен топты да,
оларға өзi әкелiп қосқан Еренғайыпты да тастап, жылыстап барады екен.

Еренғайып әрi-сәрi күйде не iстерге бiлмей абыржып, тiзгiн
тежеңкiреп келе жатканда алдыңғылар да ат басын iрiктi. Қалпағын бұлғап, қарсы
жүрген Матвейдi омыраулап өте шығуға ешкiмнiң дәтi барған жоқ. Басқа-басқа, ал
қазақтар үшiн Мәтке-Матвейдiң жөнi бөлек. Қазақ сыйлағанның құлы, "орыстан
менiң қай жерiм кем?" деп айтуы мүмкiн, бiрақ "Мәтке-Матвейдің менен
несi артық?" деп айтпайды. Матвей Ынталыда талай рет конақта болған.
Қазақтардың қалай тұратынын, тұрмыс-тiршiлiгiн жақсы бiледi. Балаларды кейбiрiн
әкелерiне ұқсатып түстеп те тани беретiнiн кайтерсiң. Таңданарлығы сол,
қалашықтағы Матвейдiң үйiне қонаққа барған ешкiм жоқ Ынталыда. Әйтеуiр Марина
есiмдi жалғыз қызы барын, әйелiнiң дәрiгер екенін дос-тамырлары Мәтке-Матвейдiң
өз аузынан естiген.

- Мәтке!..   Әй,  Мәтке! - 
Тамағын шаң  тұтып,   жарықшақтанған  дауысымен  
Байсал  айғай   салды. - 
Араға түсiп нең бар сенiң? Сенде жүмысымыз жоқ! Былай тұр

жолдан!

- Байсал, бұл сен бе?

Матвей бәсең үн қатты, көре тұрып әдейi сұрады. Байсал
әуелгi екпiнiмен "Иә, менмiн!" деп қала жаздап барып, тiлiн шаққа
тiстеп қалды. Өйтсе Мәткең мырс етiп күлiп жiберер ме едi, қайтер едi.

- Аттан   
салғанынды    естiп,    алдыңнан   
шықтым, ағайын.    Айтатын   бiр   
ауыз    сөзiм    бар.   
Бiз    сендерге қонақпыз, бұл
сендердiң жерлерiң, қазақтың жерi. Қонағына қамшы көтерген қазақты осыған дейiн
ез басым көргенім жоқ.

- Мәтке,   сен өйтiп
түлкi бүлаңға салма.  Бiзге сен емес,
сенiң бастығың керек. Өз жерiмiзде өзiмiзге жүмыс бермейтiндей ол кiм сонпа?!

Байсал тағы айтарым тағы бар дегендей шамырқанып, екi бүктеп
ұстаған қамшысын жоғары кетерiп, ұшатыш бүркiтше иығын қомдап, iлгерi ентелей
түстi. Дабыр-дұбыр күшейiп, айғайға айғай қосылып, аттылар анталап Матвейге
төнiп келiп те қалды. Жаңа ғана өзi шыққан кеңсе жаққа жалт етiп бiр қарап
алған ол тiлерсегi майыса қалтырап, дауысы дiрiлдеп:

- Бастық   жоқ! -
дедi, әлдеқайтедiмен   аттылардың
ашулы   жүздерiн   барлай  
шолып. -   Бастық   жоқ,  
қалаға кеткен.   Алтаның   аяғында  
бiр-ақ  келедi.   Мұнда  
өздерiң

сияқты қарапайым жүмысшы халық қана бар. Олар ештеңе шешпейдi.

Байсал тосылып қалғанмен, көпшiлiк оның сөзiне құлақ аса қойған
жоқ. Тiптi Матвейдi ат бауырына алғысы келiп жаныққан бiр-екеуi қамшыларын да
шошаңдата бастады.

- Бастығыңды бұл жаққа қайтып аяқ баспайтындай қыламыз
сенiң!

- Қызымызды  
өлтiргендер   қайда?   Соларды  
тауып берiңдер!

- Қанға - қан!

- Табандарынды жалтыратындар, келiмсектер!

Шегiнер   жер   қалмағанын,    бүрыла  
қашса   артынан қамшы жауарын
Мәтке-Матвей де сездi.

- Тоқтаңдар!.. Тоқтаңдар, - деп қаумалаған топтың аттарын   жасқай  
қолын   сермедi. -   Ағайыңдар,   
ақылға келiңдер.  Қойған талаптарыңды
айтып, орталыққа хабар

жеткiздiртем.  Қыздарыңның қазасы бiздiң
де жанымызға батып отыр.  Оны өлтiргендер
сазайын тартты.  Соркөлде мәшинелерi
аударылып, үшеуi де қазаға ұшырады. Хабарын жаңа ғана естiдiк.

Айғай-шу су сепкендей басылды.

-  А, не дейт?!.

- Үшеуi де өлiп қалған ба?..

- Рас па екен өзi?

Жан-жағындағылардың күбiрлесiп, дабырласып, бiр-бiрiне
қойған сұрақтары Еренғайыптың iшкi ой арпалысынан   келiп  
жауап   тауып   жатқандай  
едi.   "Рас!..   Өлдi!.. Үшеуі де өлдi!.. Өлтiрiп келдiк!.."-
деген жан айқайы көмейiнде тұншыққан. Ашу сабасына түсiп, аттылар ендi не
iстерлерiн бiлмей ошарылып тұр.

- Сауап! Сауап болған екен! Бәсе, бүлдiршiндей қыздың қаны
жiбере ме? - деп кiжiндi әлдекiм.

Қыз өлiмiне үш бiрдей кеншiнің қазасы көлденең тартылғаннан
кейiн одан артық сөз айтуға ешкiмнiң дәтi бармады. "Өртеймiз! Кек
қайтарамыз!" деп даурыққан талайлардың аузына құм құйылды. Байсал
үн-түнсiз түнерiп, төмен карап, Мәтке-Матвей қолын бiр сiлтеп, терiс айналып
кеттi.

Көппен бiрге Еренғайып та ат басын керi бұрған. Құтжанның
жаңағы кылығын неге жорырын бiлмей көңiлi алабұртқан. Бiреу ту сыртынан қадала
қарап тұрғандай, кенет жон арқасы шымырлап қоя бердi. Неге екенiн өзi де
аңғармай, оқыс бұрылып Байсалға қарады. Кездерi түйiсiп қалып, бұл оның шүңiрейген
жанарынан кобалжыған iшкi бiр сезiм ұшқынының аңдағандай болды. Байсал мұны
бiреуге ұқсатып, шырамытқандай әнтек қимылдап, ұмсынып әлдене айтқалы келе
жатқандай көрiңдi. Тап осы сәтте көнiлдерi жайбарақаттанған бейқам жұртты
шошытып, қалашық жақтан шаңқ етiп мылтық атылды. Байсал Еренғайыптан көзiн
алмаған күйi, тал-тал боп түксиген қасын таңырқай керiп, ақырын қисайып, аяғы
үзеңгiде, атынан сүйретiле сырғып түстi. Шиырып алшысынан тастаған асықтай
жерге төрттағандап дiк ете калған Еренғайып бүлғақтаған жансыз дененi ғана
қармап үлгiрдi. Әлi ештеңені айырып болмаған топтың iшiнен аттандаған ащы айғай
тағы естiлдi.

- Өлтiрдi!.. Кiсiміздi өлтiрдi!

- Байсалға оқ тидi!

- Аттан!

- Шап, өрте!

Қайырыла шапқан аттылар жапатармағай қалашықка лап қойды.
Шекесiн қамшы тiлiп, бет-аузын қан жуған Матвей екi қолымен басын қорғалап, бүк
түсiп отырған. Жансыз дененi құшақтаған Еренғайыптың оңаша қалғанын көрiп,
орнынан сүрiне-қабына түрып, осылай қарай жүрдi. Сенделектеп келiп, өлiден
сауға сұрағандай, Байсалдың аяғын құшты. Байсалдың денесiн соған тастап,
Еренғайып ырғып атқа мiндi.

Сарт та сүрт төбелес, ат бауырындағы адам, тiзгшге жармасып,
кездiгiн жалаңдатқан қызылкөз, соққыға жығылып сұлап жатқан бозбала-сыдырта бiр
қарағанда көз алдынан сырғып өте шықты. Ол келiп қосылғанда тұщы етiне ащы таяқ
тиiп ашынған екi жақ та ата жауын кергендей жан аяспай жұлқысып жатқан. Еренғайып
қолындағы сала құлаш шынжырды оңды-солды ешкiмдi жолатпай тұрған ұзын сираққа
қарай ұмтылды.

- Жираф, очнись!..

Үндiс ұзын сирақты сақтандыра айғайлап, Еренғайыптың
шаужайынан ала кеттi. Бiрақ ерде нық отырған тақымды жiгiттi аударып алуға
шамасы жетпей, ат екпiнiмен мұрттай ұшты. Еренғайып тез ес жиып, ұзын сирақтың
алға ұмсына сiлтеген шынжырына бiлегiн тоса қойды. Бiлегiне жыланша орала кеткен
шынжырды өзiне қарай жұлқа тартып қалып, Жирафты етбетiнен түсiрдi.

- Бастықты қара!.. Әне!..

Аттылардың бiрi нүсқаған жақта, есiгi шалқайта ашылған
кеңсе-вагонның алдында, шынында да кеншiлердiң бастығы түк көрмегендей шылым
шегiп, шәниiп тұр едi. Өзiне қарай бөлiне шапқан аттылардан түк те сасқан жоқ.
Ұзынтұраны қолынан шығып кеткен шынжырымен қайыра ұрып жыққан Еренғайып әлгi
топтың соңынан iлесті. Көзiнің алды домбығыңды, бұжыр беттi, қызыл тұмсық бұл
кiсiнi ол бұрын дәл мұндай жақыннан кермеген. Аттылар тiлдесер жерге жеткенше салқынқанды,
сабырлы қалпынан жазбаған ол, езуiне кекесiндi мысқыл үйiргендей де болды.

- Ақырғы сезiңдi айт! Иманыңды үйiр!

       - Бүгiн орныңмен қоштасасың!

- Қыз  өлiмiне сен
жауап бересiң, - дескен ашулы сөздердi қүлағына да iлмедi.

- Маған маман жұмысшы керек. Менiң iсiмде жүмыстарың  болмасын.  
Менi  бұл  жаққа 
өкiмет  жiбердi.   Сондықтан  
өз   құқымды қорғау үшiн милиция
шақырып қойдым.  Бұзақылықты   тыюға  
отряд   жiберудi   өтiндiм. Қалғанын   заң  
орындары   шешедi, -   деп  
дөңкиiп   терiс айнала бердi.

- Ой,   атаңа  нәлет,  
мә,   саған!   Басынғанды  
көрсетейiн, -  деп  еңгезердей 
қара  қазақ  атын тебiнiп 
келiп, құлақшекеден қамшымен тартып-тартып жiбердi.

Есiк тұтқасынан ұстап, әрең құламай қалған бастықтың үстiнен
соққы жауды да кеттi. Аттылар көшедегi кеншiлердi бықпырт тигендей қылып,
үйдi-үйiне қуып тықты. Аттарынан түсе-түсе қалған жiгiттер вагон-үйшiктердi
аударып-төңкерiп, қиратуға кiрiстi. Терезелер шаңғырлап сынып, жағармай
шашылған вагондар лапылдаған өрт құшағына ендi.

***

Асыл тектi аруана азалы үнiн кернейлете созып, боздап бiр
келедi екен дейдi. Түсiнен шошып оянғанда ен даланы еңiрете "гук-гук"
еткен отарбаның айқайы құлаққа сүйкiмсiз-ақ естiлдi. Ұмтылып орнынан тұра
бергенде, караңғыда өзi жатқан сәкiнiң астындағы қуыстан шыға келген қара дию
қол-аяғынан қармап алып, тырапай асырды. Шынжыр баулы темiр кiсенге тұтылғаны
жанына, қаңылтырмен қапталған қатты еденге құлағаны тәнiне батып, тұтқын қинала
ыңырсыды. Екi айдауылдың iште отырғаны бiрер минөтке болса да көнiл сергiтер
ермек табылғанға қуанғаңдай сақылдап күлiп жiбердi. Іле ақылдасып алғандай, бұл
жылағанын, анау күлгенiн қоя койып, қараңғыда соқыр теке ойнағандай iштей
арбасып, тағы бiраз уақытты еткiздi.

Айдауылдың койын қалтасына тұтқынның жасаған қылмыстары
жiпке тiзгендей түгелделiп, түстелiп, өрiмдей жастың жергiлiктi соттың үкiмiмен
не үшiн өлiм жазасына кесiлгендiгi туралы анықтама бар. Жасы он тоғызда, орта бiлiмдi,
әкесi жоқ, атадан жалғыз, бойдақ. Бойы бiр метр сексен алты сантиметр, жауырыны
жалпақ, шашы қара. Айрықша белгiлерi ретiңде құлақшекесiндегi айқасқа тыртық,
шүйдесiндегi орай, белiндегi алақаңдай үлкен қал тәптiштеп жазылған. Денсаулығы
өте жақсы, жұқпалы ауруларға шалдықпаған, адам толып кеткендiктен әскерге
уақытша шақырылмаған. Жақындарының айтуынша мiнезi тұйық, iшiмдiкке әуес емес,
ақыл-есiнде ауытқу жоқ, қылмысқа саналы түрде барған. Он сегiз жасар жас қызды қарау
оймен ауылдан алып кетiп, оны айдалада қайғылы қазаға ұшырауына себепкер
болған. Кек қайтару мақсатында кеншiлердiң мәшинесiн апатқа ұшыратып, үш адамның
өлiмiне тiкелей кiнәлi деп табылды. Айғақ: кеншiлердiң бiреуiне оқ тиген, мәшиненiң
кабинасында да оқтың iзi бар. Оған қоса бұзақы жастарды соңына ертiп, кеншiлердiң
қалашығында тебелес жасаған. Нәтижесiнде бес адам ауыр жараланып, бiр адам
өлiп, кеншiлердiң алты вагоны өртелдi.

Жол ұзақ, ерiгiп әлденеше қайталап оқығандықтан, осының бәрi
айдауылдың жадында жаттаулы, сайрап тұр. Іштей 
арбасқан  сәттерiнде  жон 
арқасы  мүздап   отырып: Жасы он тоғызда, әкесi жоқ,
жалғыз... Үш адамды өлтiрген... Бұзақы жастарды ертiп барып, кеншiлердi сабаған..."
- деп күбiрлей бердi. Үкiмге жазылған осы сөздермен өзiн-өзi қайрағандай,
тұтқынмен егесе түскендей болады. Әйтпесе айдауылға шыққан алғашқы сапарында
аяқ-қолына салынған кiсен қысқа шынжырмен жалғанып, пұшайман хал кешкен мына
бейбаққа жаны ашып, осалдық танытып алатын сияқты.

Іш пыстырған есек пойыздың тоқтамайтын жерi жоқ. Еренғайыптың
есiк-терезесi қымталып жабылған ескi купеде 
тұншыққанына бiр тәулiктен асты. Айдауылдар оны кезектесiп күзетедi.
Әжетханаға барғанда ғана екеуi бiрдей ілесiп жүредi, басқа уақытта бiреуi бос.
Көршi купеде ұйықтап, демалатын орындары бар. Үлкенiнің иi жұмсақ, өз кезегiнде
терезеге тұтылған кенептi жоғары кетерiп ашып қояды. Мұның көңiлiн аулағысы
келе ме, ақсиған қасқыр тiстерiн көрсетiп, жадырай күлiп, әзiл айтқанға ұқсайды.
Бiрдемде үлкен ала көзiн мұң торлап, түксиген қабағы салбырап, тұтқынмен бiрге
жота-жоны күнсiп қоңырайған қуаң далаға түнжырай қарап қалады. Еренғайып қазақ
ауылдарындағы мыжырайған тоқал тамдарды, бекеттердегi сылағы түскен алқа-салқа
ескi үйлердi, жадау тұрмысты кешелi берi осы терезеден көрiп келе жатқан.
Айдауылдың кiшiсi, жүзiнен таңданысы арылмаған, сары үрпек балапан мұртты,
қалқан құлақ бадыраң көз неме аса сақ екен, екi рет кезек ауыстырғанда да терезенi
қараңғылап, мықтап жауып тастап отырды. Жылжымалы есiк сыр етiп ашылып,
дәлiзден сықсиған болмашы жарықпен бiрге:

- Қатардағы Қалқан құлақ, орныңыздан тұрыңыз! - деген ашық
жарқын дауысты естiп, iшi жылып қалды.

Ай бойы тергеуде, тас қамауда жатып, едел-жедел өткiзiлген
сотқа дейiн де, кейiн де жылау-сықтау мен ақырып-жекiруден басқа ештеңе
көрмеген, естiмеген қаралы, қайғылы жан-жүрегi жарық дүниеден жылт еткен бiр
жылуды әбден-ақ аңсағандай, шөлдегендей екен. Жаңағы сөздiң Қалқан құлақтың
көңiлiн көтеру үшiн ғана айтылмағанын, өзiне де арналғанын сезiп, кенеттен
жүрегi лүпiлдей соғып, Қасқыр тiске үмiттене қарады. Құдды: Ысырапылов, сiздiң
еш кiнәңiз жоқ, ақталдыңыз", - деген қуанышты хабарды күтiп жатқандай-ақ
емексiгенiн қайтерсiң. Бiрақ, Қасқыр тiс көңiлдене сейлеп, жадырай күлiп жүруге
де болатын тәттi, тым тәттi өмiр барын еске салғаннан    басқа   
еш   жақсылық    жасай   
алған    жоқ,     қалжыңды шын деп түсiніп, қаққан
қазықтай қалшия қалып, кетуге рұхсат сұрап, Қалқан құлақ купеден шыға жөнелдi.

- Жас емес пе, әлi ештеңенiң мәнiсiн бiлмейдi. Бүйрықты
бүлжытпай орыңдасам болды деп ойлайды. Жалпы оныкi дұрыс. Терезенi ашпау керек.
Тәртіп солай,- деп, Қалқан құлақ үшiн Қасқыр тiс ақталғаңдай түр танытты.

Қара кенеп жоғары түрiлiп, iштегi жарық молайды. Боз жусанды
даладан тайға мiнiп шапқылаған жас баладай азат, еркiн өмiр елес бердi.
Жусанның жұпар иiсiн, бiр жұтым таза ауаны осыншалықты аңсармын, сағынармын деп
ойлады ма екен, бұл бейбақ. Бiр жұтым суға зар болып дүниеден өткен әкесi есiне
түсiп, тағдырларының ұқсастығына таңырқай отырып налып, iшi қан жылады. Жалаң
аяқ, жалаң бас жерге секiрiп түсiп, табанын ыстық топыраққа басса, содан басқа
арманы жоқтай, жусан иiсi аңқыған саф ауаны құныға жұтып, жүгiрiп-жүгiрiп алса,
өкiнiшi өтелетiндей керiніп, бiр кез есiл-дертi далаға ауған. Амал не, қанша
жақын тартып, аяғанымен қүдайдың құлы Қасқыр тiстiң оған да күдiретi жетпедi.

- Ағеке, шынымен-ақ дәм-тұзымның таусылғаны ма? Ара   түсер  
ешкiм   жоқ   па  
маған?   Өмiрден   түк  
қызық көрмей-ақ кетiп барам ғой. Аясаңдаршы, - деп тағдыры тап  қазiр шешiлгелi тұрғаңдай жалбарына,  күңiрене тiл қатты.

Аузын ашса көмейi көрiнетiн Қасқыр тiс аңкылдаған ақ
көңiлiмен:

- Атымыз айдауыл болғанымен, затымыз адам. Сенiң тағдырыңа   бiздiң  
де   жүрегiмiз   ауырып  
келедi,   iнiшек. Қолдан
келсе,  канеки, - деп иығын қусырып,  алақанын жайды.

Айдауылдың құр ақжүректiлiгiнен қайыр жоғын бiлсе де
Еренғайып:

- Әлi де бiр әрекет жасап көрсек қайтедi. Жоғарыда сiздiң   танитын  
ешкiмiңiз   жоқ   па? -  
деп   жалбарынуын қоймады.

- Түйенiң танығаны жапырақтың керiн келтiрiп отырсың-ау. Ол
жақта танысым болса, осы уақытқа дейiн өстiп тентiреп жүрем бе. Жасым қырықтан
асты, бала-шаға бар дегендей...

Қасқыр тiс сөзiн аяқтамай күрсiнiп, терезеден далаға қарады.
Көзiне оқшау бiрдеңе шалынғандай, мойнын созып, әлденеге қадала қалды. Құм
қойнауындағы көгерген    тұсқа, сондағы
ақ тастан салынған аласа тоқал тамдарға Еренғайыптың да көзi түсе кеттi.

- Мына ауылға да желi тартылмапты. Қарашы, бiр де бiр бағана
керiнбейдi. Жарықсыз отыр-ау, сiрә, - дедi Қасқыр тiс әңгiменiң бетiн басқа
жаққа бұрып.

Іле темiр жолды кесе келденең қиып өтiп жатқан жоғары
кернеулi электр желiсi мен төрт таған темiр сирақтары тарбайған биiк бағаналар
менмүндалап шыға келдi. Қасқыр тiс жаңағы ауылға желi тартылмағанына өзiн
кiнәлi сезiнгендей, тұтқынға көзiнiң астымен барлай қарап қойды. Оған мән берiп
отырған тұтқын жоқ, өз басымен өзi қайғы болып, үн-түнсiз тұнжырап, мұңлы бiр күй
кешкен.

- Е-ер-е-ен!.. Ер-е-ен!..

Оқыстан құлағына шалынған таныс дауыс, ақ шағыл үстiнде,
сағым құшағында пайда бола кеткен елес ерiксiз арбап әкеткендей едi.
Тарқатылған бұрымы толқындай жайылып, аш белi бұратылып, күн тимесiн жел сүйiп,
жел тимесiн күн сүйiп, анадан туғандай жалаңаш қалпында Ұрқия келедi екен
жүгiрiп. Орньнан ұшып түра бергенде, аяқ-қолын темiр кiсен қыл бұраудай тағы
буды. Қасқыр тiс сүйеп қалып құламады, бiрақ тәттi қиялға елтiп, бейғам
отырғанда, аңдаусызда жаны қиналмай барар жерiне аттанып-ақ кетпегенiне қарадай
өкiндi. Оқыра тиген бұқадай өкiрiп-бақырып, аяқ астынан тулап шыға келген
тұтқын маңдайымен қабырғаны дүрсiлдетiп түйгiштей бастады. Қасқыр тiс оны
белiнен құшақтап, тiк көтерiп әкеттi, айғай-шуды естiп iш киiмшең елеуреп Қалқан
құлақ та жеттi. Екеулеп жүрiп Еренғайыпты орнына жатқызып, тыпыр еткiзбей басып
алды. Жарытып тамақ iшпей, уайым аздырған тұтқын тез әлсiреп, көп қарсыласпай
сұлқ түстi. Сол бетiмен жанары жасқа шыланып, iшi-бауыры солқ-солқ етiп өксiп
жатып ұйқтап кеттi.

Қанша уақыт өткенi белгiсiз, әйтеуiр тәттi тағамдардың иiсi
танауын қытықтап, араны ашылып оянды. Түннiң бiр уағы екен. Купеде сығырайған
жарық жанып тұр. Терезенiң астына бекiтiлген жиналмалы кiшкене үстелдiң үстiне
пiскен ет, жұмыртқа, нан қойылыпты. Дастарханнан көзiн ала алмай сiлекейi шүбырды.

- Тұр,   iнiшек,   ағаңмен  
таныс, -   дедi   Қасқыр  
тiс бетiне төнiп келiп.

Еренғайып үстел басындағы бейтаныс жас жiгiттi сонда ғана
көрдi. Шыттай болып ұқыпты киiнген бұйра басты, құс тұмсык, сидам сарының
өзiнен бес-алты жас үлкендiгi бар сияқты. Кеңiрдегi сорайып, жоғарғы түймесi ағытылған
жейдесiнiң төсқалтасынан автоқаламның ұшы қылтияды. Ажалын күткен адамды таңсық
көргендей үстелдiң ар жағынан ол да шұқшиды. Қорбаңдай кетерiлiп, үстелдiң
шетiне шынтақ тiреген тұтқын алдыңдағы тамакқа жұтына қарап қойды.

- Мына ағаң ақын. Алматыда, газетте қызмет iстейдi. Танысып,   алдыңғы  
вагоннан   әдейi   ертiп  
келдiм.   Аты Айдарбек. Айдарбек
Жалауов!..

Қасқыр тiс қалайы кружкаларға шай құйып, бiреуiн түтқынға
қарай ысырды. Үшеуi бiразға дейiн тiл қатыспай, ауыздарына сөз түспей,
бiр-бiрiнен қысыла-қымтырыла отырып шәй iштi. Әсiресе, кiсен шылдырлағанда
ақьын тамағына тас тұрып қалғандай аузындағы асын әлденеше толғап әрең жұтады.

- Сiздiң 
тағдырыңызға  араласу  ендi 
үмiтсiз  болар. Үкiм шығарылып
қойыпты, - деп күмiлжiдi ол.

- Менi соншама алыс жолға неге алып шыкканына ақылым   жетпей  
отыр, -   дедi    Еренғайып  
оның   сөзiн мүлдем естiмегендей.
- Үкiмдi қайда орындаса да бәрiбiр емес пе. Жер түбiне апарып атқанда бiрдеңе
өзгере ме.

- Кім бiлген, - деп жалтарды Қасқыр тiс. Ізiнше: - Бәлкім,
өзгерiп те қалар. Үкiмдi шығарған адам оны бұза да алады.  Тек жоғарыдағылар райынан қайтып,  емеурiн

танытса болып жатыр, - деп жұбатқансыды.

- Мен тәуекел етiп көрейiн онда. Біздiң газеттiң сөзi жерде
қалып көрген жоқ әзiрге. Мақаланы басуға бастық көнсе болды, әйтеуiр...

Осылай отырып олар ара-арасында бастарын түйiстiре күбiрлесiп,
ұзақ әңгiмелестi. "Жылқы кiсiнескенше, адам сөйлескенше" дейдi.
Айдарбек пен Еренғайып тез тiл табысып, ескi таныстардай сыр бүкпей, еркін
сөйлесiп кетгi. Ақындығы, арқасы бар албырт жiгiттiң кей пiкiрi қиғаш, өзi көп
нәрсенi жақтырмайтын кiрпияз көрiнген.

- Егер қазiргi саясат өзгермесе, келер ғасырда қазақ халқының
жер бетiнде өмiр сүрер-сүрмесi белгiсiз, - деп соқты    бiр   
кезде. - Марқасқаларымыз   
келiмсектердiң қызын  алып,   аралас 
некенi  насихаттау  астыртын 
жүрiп жатыр. Көзi ашық, оқығандардың бәрi балаларын орысша окытуда.   Қазақ 
мектептерiн  шетiнен  жаба  
бастады.   Өз жерiңде өз ана
тiлiңдегi мектептерге бала толтыра алмау деғен не сұмдық, а?!

-Айдаржан, одан да өлең оқысаңшы, - дедi Қасқыр тiс
қипақтап.

- Ағаларымыздың түрi осы, мiне. - Айдарбек өңi суып,  қабағын  
тыржитты: -  Көлеңкесiнен   қорқады.  
Істеп жүрген тiрлiгiн қара. Қастерлi мiндетiн мүлтiксiз орындап, омырауына
селкебай кадамақ.

- Менiң орнымда болсаң, 
өзiң не iстер едiң? - дедi Қасқыр тiс кәдiмгiдей қызараңдап.

- Мен бе?.. Мынаны қазiр-ақ босатып жiберер ем...

-Мә, босат ендеше!..

Қасқыр тiс белiндегi кiлттердi ағытып алып, салдыр еткiзiп
ақынның алдына тастай салды. Айдарбек таңырқап қасын кергенмен, сырбаз қалпынан
жазбай езуiне кекесiндi мысқыл үйірді. Еренғайыптың жүрегi атқақтап аузына тығылды.
Бүл тосын қылығы өзiн де шошытқандай, Қасқыр тiс тез ес жиып, кiлттерiн қайыра
шапшаң қақшып алды. Қол созым жердегi бостандық "әттең-ай" дегiзiп,
түтқынның кезiнен бұлбұл ұшты.

- Амалдың жоғы ғой, 
әйтпесе... - деп жуып-шайды Қасқыр 
тiс. - Бiр өлеңiңдi оқып жiберсеңшi, бауырым. Қандай ақын екенiндi бiле
жүрейiк. Жол да қысқарсын.

Айдарбек оған бiрден елп ете қоймады. Көп тостырған да жоқ.
Еренғайыптың қолындағы кiсенге қадалған күйi алабұртып:

Әруақтардың елесiн куып,

Көр қуысын көресiң суық.

Жатқандай сонда жетi перiште,

Күнәһардың денесiн жуып.

Күнәларынан қүтылып жатып,

Кетсе де қолдан сытылып бақыт,

Қытығы бардай жансыз дененiң,

Күледi мәйiт сықылық атып, -

деп    салды    өлiмге   
кесiлген    бейбақтың    алдында   
жүзi шiмiрiкпестен.

Отырғандардың екеуi басқаны күтсе де, дәл мұндай өлең оқылар
деп күтпеген. Мiнезi шәлкес пе, әлде мазағы ма, әйтеуiр ақьнның бүл өлеңi
тұтқынға тым ауыр тидi. Мәңгiрген басына батпандай жүдырықпен қойып калғандай есеңгiретiп
тастады. Жантақ арасында босқа қысылып, Қасқыр тiстiң де жан терi шыққан. Қолын
бiр сiлтеп, шыдамай  орнынан  тұрып  
кеттi.   Ұйысқан  бұйра  
шашын салалы    саусақтарымен   қопсыта   
тарамдап,    кербездене керiлген
ақын ол аздай тағы бiр өлеңiн тақпақтай жөнелдi.

Жаннан безер өлемiн деп ойлаған,

Өлiм жайлы көп ойлама, дейдi анам.

Абайсызда арқан iлме мойныңа,

Өзiн-өзi тоқтата алмас кейде адам.

Мысы басар шындаса өлiм сесiнiң,

Батуына асықпа өмiр кешiнiн,

Өлiм - киял, сикырына арбалма,

Өмiр - жұмбақ, iздеме оның шешiмiн.

- Жетер!

Қаскыр тiс күректей алақанымен үстелдi дүрс еткiзiп, ақырып
жiбердi. Үлкен ала көзi адырайып, мұз кұрсанған әйнектей шатынай калған екен.
Әйткенмен қиямпұрыс ақынның оған ыға қоятындай түрi көрiнбедi. Үстелдiң ар жағынан
суырыла тұрып келiп, тұтқынды мойнынан қатты қүшақтап, бетiнен сүйiп, арқасынан
қақты.

- Бауырым,   ренжiме.   Ерте 
ме,   кеш  пе,  
бәрiмiздiң барар  жерiмiз   бiр 
емес  пе.  Алмай 
тынбайтынын  бiлсең ажалмен   де  
егесiп   көруге   болады. Өзiң   де  
байқаған шығарсың, сенi ит өлген жерден бекер сүйреп келе жатқан жоқ.
Үкiмдi шытарарын шығарып алып,  соны
орьщдауға жүректерi дауаламай отыр бүлардың. Қорықпа,  көмегiмдi аямаспын, - деп бiр жағы Қасқыр
тiске де доқ көрсетiп айтты.

- Рақмет, аға. Сiзге сенем ғой. Сенбегеңде қайтем, ағеке, -
деп мандырақтады тұтқын.

Айдарбек кеткеннен кейiн еңсенi езген зiлмауыр тыныштықты
көпке дейiн пойыз донғалақтарының дүрсiлi ғана бұзып тұрды. Тәттiге өкпелеген
баладай томсарып, терiс айналған Қаскыр тiстiң жауырыны дөңкидi. Кеудесін кетере
алмай, үстелге иегiмен асылған Еренғайыпгың түрi әлемтапырықтанып, тiрi аруақтай
бозарып отыр. Ащы запырандай өксiк пен лоқсық тамағына қатар тiрелiп, май iшкендей
жүрегi кiлкiлдеп, көзi қарауытты. Қасқыр тiс екеу, үшеу болып көрiнiп, тез
көбейiп, қаптаған айдауыл шыр көбелек айналып жүре бердi. Айғайлады ма, әлде дауысы
шықпай құр апалақтады ма, әйтеуiр жандалбасамен тамағын шиедей ғып тырналап
тастады. Ішi-бауырынан шапшып, кеуде қуысын кернеп, лапылдаған жалын канын
кептiрiп, күйдiрiп, өртеп барады. Есi кiресiлi-шығасылы халде жатып,
бет-ауыздарын ауа сүзгiшпен тұмшалап, тұмсықтары сорайған кiсi сұлбалары көз
алдынан көлбеңдеп өткеңде, аузынан көбiк шашырап, одан сайын құтырынды. Қүдды
әлгi кiсiлер, өздерi үш адам, жүк мәшинесiнiң үстiнде сырты жып-жылтыр, жып-жылмағай
әйнек бөшкенi көтерiп тұрған бұған қараулана үмтылатын сияқтанады. Күл-паршасы
шыққан әйнек бөшке, танауына кептелiп, кеңсiрiгiн ашытқан тозаң, тот басқан
темiр түстес қызғылт қоңыр топырақ әлдебiр оқиғаны еске салатын секiлденеді.
Жанталасып, жанұшырып, төбе қүйқаны шымырлатып, адамға емес, айуанға тән бiр
үрейлi, жабайы дауыспен шыңғыра айғайлады "Ұр-қи-и-я-я!.." деп.

Қараңғы түнде, қара албастыдай қап-қараңғы түнде қайшыласқан
фардың жарығынан атарба да, Үркия да диiрменнен шыққан ұндай аппақ болып
ап-анық көрiнiп кеттi.

Үстіне тiкенек сым тартылған биiк дуал, ортасына бiлiк темiр
өткiзiлiп құлыпталған шойын қақпа, ұшар басына үйшiк орнатылған зәулiм мүнара
елсiзге ерiккеннен сальшған жоқ. Терезелерi темiрмен торланып, қабырғасы құйматаспен
шегенделген ұзын сұр үйдiң түрғындары да құдайдан үмiтi бар жандарға ұқсамайды.
Үнемi ақ халат киiп, ауыздарын дәкемен тұмшалап жүретiн қожайындардың да жүрек
түкпiрiнде бiр қауiптiң жатқаны әрнәрсеге мән бере қарайтын секемшiл
сезiм-күйлерiнен, тақуа тазалығынан, ашушаңдығынан байқалып қалады. Бұл
адамдардың жататын орны қоршаудың сыртында, қазан-ошағы бәлек, тәттi
тағамдардың иiсi де сол жақтан шығады, күйтабақ үнi де сол жактан естiледi.
Күнбе-күн ауысып тұратын қарулы күзеттегi әскерилердiң мекен-түрағы қайда екенi
белгiсiз, әйтеуiр тау iшiнен мәшине дүр ете түседi де автомат асынған солдаттар
саусылдап жетiп келедi.

Құпия мекенге қол ұшымен бөктерлей жалғасып жатқан тау
шоқылары қойындасып, биiктеп, заңғарланып барып, кекжиекпен ұштасқан. Осы
таудың қолтықтаса деңгеленген шеткi бiр шоқыларының ортасы жан-жағы қашалып»
шұқырлай қазылған терең шыңырау, үлкен апан. Табанында қаптаған техника, темiр
тiстi шөмiштерiн қалың қыртысқа қарш-қарш қадаған эксковаторлар, шынжыр табанды
түрлі тракторлар мен тұмсығын тесiп жүмысқа жеккен бұқадай назалана гүжiлден
бейнеттенге ауыр жүк мәшинелерi, қыбырлаған адамдар күні бойы бiр тыным
кермейдi. Жиi-жиi кезек ауыстыратын зксковаторшылар мен тракторшылардың,
кабинадан аттап шықпайтын жүргiзушiлердiң бастан-аяқ түтас тiгiлген арнаулы
қап-киiмдерi бар. Олардың қасында жаяу жүрiп, кабырғасы қайысып, белi талып,
қара жүмыс iстейтiн бейбақтардың аяғында керзi етiк, колында кенеп қолғап, үстiлерiнде
күнде таңертең шыңырауға түсерде өздерiңдей тұтқындар таратып беретiн
целлофаннан тiгiлген үзынетек сулықтан басқа ештеңе жок. Өлiм жазасына кесiлiп,
үкiмдерi шығарылып қойғандықтан да олар тiрi адам есебiнен әлдеқашан сызылып
тасталған. Колдарындағы қайла, күрекпен өз көрлерiн өздерi қазып жатқандай көрiнетiн
қапалы, қаралы жандардың жүрегі соқыр үмiтке алданумен ғана соғатын секiлдi.

Өлiп қайта тiрiлгендей болып, осы ортадан бiр-ақ шыққан
Еренғайып ажал қүрығынан аман құтылғаны тағдырының есiркей қалғандығынан емес
екенiн алғашқы күнi-ақ ұқкан. Әуелi таңғы асқа берiлген ботқамен бiрге алдына
тақ еткiзiп қоя салған қалайы кружканың түбiндегi жүз грамдай арақтан тiксiніп
едi.

   - Қағып сал, бiз
үшiк бұдан артық дәрi жоқ! - деп

тамағы қыр-қыр еткен бiреу шынтағынан түрттi.

Жалт қарап, жанында отырған адамнан аруақ көргендей шошынып
кеттi. Мұрнының ұшы қызарып, терiсi сыдырылып, жирен шашы жидiп түсе бастаған
бейбақтың жас шамасын айыра алмай тағы мүдiрдi. Анау сарғайған кетiк тiстерiнің
арасынан тiлiн жылтыңдата шиқ-шиқ күлiп:

- Тарт! Тартып жiбер, тамыр, - дедi басқалардың да

назарын аударғысы келгендей дауыстап.

Нұрсыз суық жанарлар жан-жағынан анталай қалғанда одан бетер
састы. Мыжырайған немеге қайдан тап болдым дегендей налып, сөлбiрейiп, орнынан
тұра берген. Етi арып, аяқ-қолы арбайған үлкен ала көздi кiсiнiң соншалықты
сабырлы қалпы, орнықты дауысы ерiксiз токтатты.

-  Мұнда   бекер  
ештеңе   берiлмейдi.   Ішкенің  
дұрыс шығар.

Айтып ауыз жиғанша сояудай-сояудай тырнақтарының көбесi
көгерiп домбыкқан, жара қаптап, тiлiм-тiлiм болган күс-күс қолдар кружкаға
әбжыланның басындай сумаңдай созылды. Үялас қасқырдай ырылдасып, бiрiн-бiрi
итермелеп, опыр-топыр болды да қалды. Осы сәтте бiреу ернеуiнен, бiреу
тұтқасынан ұстап, ары-берi  тартқылаған
кружканы әлдекiм      саусақтары      тарбайған     жалпақ алақанымен баса қойды. Сол күйi өзi
азғантай арақты шашып-төгiп, шайқақтата жұлып алды. Жаңағы аяқ-қолы арбайған,
үлкен ала көздi кiсi екен.

- Бұл - өмiр!  
Сенiкi  емес,   менiкi де 
емес,   мына

арамызға жаңадан қосылған жас жiгiттiң өмiрi! - деп басынан  асыра  
жоғары  көтерген  кружканы  
Еренғайыптың қолына ұстатты. - Ішiп   
қой,    бауырым.    Рас   
айтам, сәуледен қорғайды.

Еренғайып кружканы аузына апара бердi де, кезiн тарс жұмып,
басына төңкере салды. Бойын билеген дiрiлдi өңешiн пышақтай тiлiп өткен арақ
сап басты. Бiрақ, ми қыртысын кеулеген суық ойдан бәрiбiр арыла алған жоқ. Жүрегi
аузына тығылып, атқақтай соғып әкетiп барады.

- Жиналыңдар. Жүмысқа кеттiк.

Жалт қарап, ту сырттарынан өздерiн күтiп тұрған бiр топ
солдатты көрдi. Жаңа жалғыз күзетшiден басқа ешкiм жоқ сияқты едi, жауға
аттанатындай автоматтарын асынып, саусылдап келе қалыпты. Бейбақтар орындарынан
құлықсыз көтерiлiп, иiндерi түсiп, иықтары салбырап, қатарға тұрған болды.

                 - Алексеев,
бармысың?

                 - Бармын,
қайда кетушi едiм.

   - Железнов ше?

   - Мен мұндамын.

   - Тетрадзе!

   -  Мен.

  - Парандовский... Пан
мырза, неге үндемейсiз?

  - Осындамын.

Кек көзi бақшиған үшкiл мұрынды бiз тұмсық тұтқын бiр жұтым
арақ буынына түсiп кеткендей тiлi күрмелiп, теңселiп тұр. Ұзын сарғыш
кiрпiктерiн сары үрпек балапанның кiшкене қанаттарындай жиiлете қағып-қағып қояды,
Одан кейiнгi ұзақ тiзiмде Еренғайыптың өз арағын өзiне олжа ғып тартып әперген
түтқынның аты аталмады. Мықыр, дембелше офицер оны көз қиығымен бiр шолып өттi
де:

-          Азияттың  не 
iстеп,   не  қоятынын 
түсiндiру  сенің

мойныңда,- деп таңдайы тақ етiп,  қаламының
ұшымен

Ереиғайыпты нұсқады.

- Құттықтаймын! - дедi Еренғайыпқа үйiрсектеп қасымнан   кетпей  
жүрген   кетiк   тiс  
ащы   мысқылмен. - Маған да,
күректi қалай ұстауды осы үйреткен. Атаманымыз ғой. Бостандықта жүргенде кiсi
қанын жүктеп, мұнда келгеңде ақылы кiрiп, адам болды. Кердiң бе, жаңа
саған  жаны ашып,   арағыңды 
тартып  әпергенiн.  Арақ 
iшпесең шашың менiң шашым құсап жидiп түсiп калады.

Жан-жағындағы тұткындардың жүнiн жұлған тауықтай болып
сүмiрейген ұсқындарынан онсыз да iш жиып тұрған Еренғайып кетiк тiстiң басына
тiктеп қарай алған жоқ. Атаманның қасына бару керектiгiн сылтауратып, тез сырт айналып
кеттi. Түтқындар қатарларын бұзып, топырлай қозғалған сәтте ол Атаманның
касынан табылды. Тарбайған саусақтарымен бiлегiнен қысқаштай қысып ұстай алған
атаман тiп-тiк қалпы далаға сөйлеп келе жатқандай:

        - Қайда бара
жатқанымызды бiлемiсiң сен? - дедi

дауысы тарғылданып. - Уран қазуға барамыз! Уран! Мынау

далиған сенiң далаң, сенің жерiң. Осыннан улы кен қазып

жатырмыз.

       - Бiздiн ауылдың
жанынан да уран табылған,- деп

қалды Еренғайып әйтеуiр бiрдеңе деу керек болған соң.

        - Ауылың қай
жерде едi?

       - Алыста.
Пойызбен үш күн жүрiп келгенбiз.

       - Қызық
екен.  Сонда не,  бұл жақта ураннан басқа

ештеңе өндiрiлмей ме?..

               - Жоқ,  неге...  
Көп  қой.  Темiр де, 
көмiр де  бар.

          Мұнай көп.

       - Мұнай
деймiсiң... Алтын ше?

       - Алтын да бар
деп естiгем.

- Иә, жабайы даладан бәрi де табылады. Атаманмен арадағы
әңгiме осымен тыйылған. Бұлардан басқалары да үн-түнсiз iлбiп келедi. Аз
жүргеннiң өзiне дiмкәс түтқыңдардың бiразы қиналфңқырап қалғанға ұқсайды.
Екiнің бiрi көкжөтел болғандай күрк-күрк жөтелiп, кекiректерi сыр-сыр етiп,
қиқылдап-шиқылдап, әркiм өзiмен-өзi әлек. Олардың қалай жұмысқа жарап, кiсi
қатарында жүргенiне Еренғайып таң. Жаны сiрi, көмпiс бейбақтарға қарап, ертеңгi
күнін ойласа журегінiң басына мұз қатып, бойы тiтiркенедi.

Шыңырауға келiп жеткенде бұл үрей үдемесе кемiген жоқ.
Қашалған тас, тiп-тiк құлама жартас, терең құз адам қолының iсi еместей
көрiнедi. Айнала жартас табиғаттың мәңгiлiк жаратылысындай көкқұрыштанып
иiнтiресе сiресiп тұр. Шыңырауға түсiп шығар ауыздағы табанын тас төгiп көтерген
жолдың орта тұсынан бүрылыс "қалта" жасалған. Жолдан бұрылып барып,
жартасты сүзе тоқтаған жүк мәшинесiнiң тұмсығы жапырайып, терезелерi сынып, капоты
ашылып кетiптi.

     - Шоферлардың   жанын  
алып   қалып   жүрген  
осы

қалта, - дедi Атаман Еренғайыпқа салмағын сала иығына

қолын артып. - Әйтпесе, жол жаман, жүк ауыр. Бiрi бос,

жоғарыға өрлеп келе жатқан тағы бiреуiне кен тиелген

екi мәшиненiң  қалай аударылғанын өз
көзiммен көрдiм,

түгi қалмады.

      - Бұл жерде
жүргенiңiзге қанша уақыт болды?

                - Алты
айдан жаңа асты.

     - Ешкiм қашқан
жоқ па?

      - Жоқ... Қайда
қашып құтыласың? Жүр, былай қарай

жүр...

Атаман Еренғайыптың женiнен тартып, жол жиегiндегi темiр
үйшiктi нұсқады. Тұтқындар сонда барып, кезекке тiзiлiп тұрып жатыр екен. Темiр
үйшiктiң қырық құрау қаңылтыр есiгi қаңғырлай-саңғырлай ашылып, iштен көздерi
шүңiрейген, жүдеу өндi екi әйел шықты. Есiкті таспен тiреп қойып, бастарын
көтермей үн-түнсiз жүрiп, түтқындарға сулық пен қолғап таратып бере бастады. Сондай
целофан сулықтың бiрiн тобығына түсiре Еренғайып та киiп алды.

Шыңырау түбi араның ұясындай құж-құж қайнап, тар жерде адам
мен техника мидай араласып, сапырылысып жатыр. Тарылдап, гүрiлдеп, гүжiлдеген
мотор үнi қүлақ тұндырады. Жер қыртысындағы тастарға тиген эксковатор шөмiшiнiң
тарсыл-гүрсiлi, қарш-күрш дыбысы тiптi естен тандыра жаздайды. Айғайлап бiреуге
бiрдеңе айтамын деу құр бекершiлiк, тарсыл-гүрсiлден басқа түк естiлмейдi. Атаман
Еренғайыпқа не iстеп, не қоятынын қолмен керсетiп, ыммен түсiндiрiп жүр. Алғаш
қолына қайла тидi, одан күрек алды. Арасында әлдекiм күрегiн тартып алып, орнына
сүймен ұстатып кеттi.

Тұтқындар қазылып жатқан кеннiң, қызғылт сары топырақтың
арасындағы тастарды артық жүк қылмай зембiлмен шетке тасып, тазартып отырады.
Эксковаторлар мен жүк мәшинелерiнiн айналасындағы басқа да үсақ-түйек жүмыстың
бәрi осы түтқындардың мойнында. Тракторшылар мен шоферлардың құлак кестi құлы
сияқты жұмсаған жерлерiне барып-келiп, алып-кеіп тьыным көрмейдi.
Эксковаторлардың бiрi бүзылып қалса, жүк мәшинелерiн тоқтатпай, улы кендi
жабылып қолмен де тиеп жiбередi.

Еренғайып бiр күнңiң iшiнде осының бәрiн көрдi. Алақаны
ойылып, ду-ду ашып, белi сырқырап ауырып, аяқ-қолын   ала  
алмай   қалды.   Мүның  
жанында   сырттай әлжуаз, көтерем
көрiнгенмен, басқа түтқындардың жаны сiрi екен. Ешқайсысы қық етiп дыбыс
шығарған жоқ. Мұны мүсiркеген де ешкiм болмады.

Құлағы ештеңе естiмейдi, көзi түк көрмейдi. Әйтеуiр, алдында
қараң-құраң еткен топқа суйретліп әрең iлесiп келедi. Еркiне салса, жерге
бауырын төсеп, осында-ақ жата кеткiсi бар. Тас үйшiктiң жанында артынан қуып жеткен
әйел үстiңдегi сулығын сыпырып алып қалды. Аяғы-аяғына шалынысып, құлап бара
жатқан кезiнде әлдекiм қолтығынан демеп, тұрғызып жiбердi. Асханаға да қарсыласқанына
қарамай тұтқындар сүйемелдеп әкелдi. Аузына салған нанды қолымен күштеп ары
итерiп, алдына тосқан қалайы кружкадағы ыстық шәйдан екi-үш ұрттағаннан кейiн
ғана жан шақырды. Содан соң... "Көрмегенiм осы ма едi, бұдан да неге
бiрден атып тастамады?" - деп ебiл-себiлi шығып жылады-ай келiп. Тұтқында
жүрсе де торсиып семiрiп алған аспаз келiншек оған қосыла жылады.

***

Бұрынғылардың айтысынша, адам үш күннен соң көрге де
үйренедi екен. Басына түскен қиямет-қайым қасiретке аз күнде ол да көндiктi. Ес
жиып, жан-жағына қарап, жаңа ортамен таныса бастады. Айналасындағылардың iс-әрекетiн
бақылап, әрненi шүқылап сұрай берген соң:

- Дұрыс,    қайда,   
кiмдердiң    арасында    жүргенiңдi

жақсылап     бiлiп     ал, -    
деп     сыр     ашты    
Атаман. -

Мүндағылардың көбi қаны бұзық адамдар. Анау шiлтиген

сары қызғаныштан әйелi мен балаларын өлтiрiп, үй-жайымен қоса өртеп жiберiптi.
Ендi одан не үмiт, не қайыр?

      - Маған да кiсi
өлтiрдi деген айып тағылды.  Бiрақ

оған мен кiнәлi емеспiн, - дедi Еренғайып бәсең үнмен.

     - Онда менiң  шаруам не? 
Менің алдымда ақталып

қайтесiң. Саған үкiм шығарғалы отырғамын жоқ қой.

Атаманның тiк сейлегенiн неге жорырын бiлмей, Еренғайып сөзден
тосылды. Қылмысымды жасырып, өтiрiк акталғандай боп көрiндiм бе деп қысылып та
қалды. Көзiнiң астымен бiр қарап, Атаманның өзiмен-өзi болып, бас бармағымен
шодырайған жұтқыншағынан бiр басып, бiр жiберiп жайбарақат отырғанын көргеннен
кейiн ғана көңiлi тыншыды.

Сiзге қандай айып тағылды? - дедi содан соң

батылданып.

  - А?.. Не?..

Еренғайыпқа Атаман селк ете түскендей болды. Аяқ астынан
сабырсызданып, ерiндерi көгiстенiп, түрi бозарып сала бердi. Іле көкшiл кездерi
шатынап, долыра қызарып, дем арасында мың құбылды. Осы сәтте:

- Қатарға тұрыңдар! - деген қатқыл дауыс естiлiп,

орнынан тез тұрып кеттi.

Бұл тұтқындарга жетiсiне бiр берiлетiн жарты күндiк демалыс
уақыты едi. Бейбактарға сонда да дамыл жоқ. Кiр-қоңдарын жуып, моншаға түсiп,
дәрiгерлiк тексеруден өтiп болғанша қас қараятын. Әсiресе дәрiгерлiк тексеру ұзаққа
созылады. Дәрiгерлер саусақтарынан қан алып, жүрек қағысын тындап, ең аяғы
көз-құлағына дейiн үңiле қарап, бәрiн тәптiштеп жазып отырады.

- Тiрi адамға тәжiрибе жасаған деген осы.

Ту сыртынан естiлген таныс дауысқа жалт бұрылған. Басқаларды
жолынан ытыстырып, қасына келген Атаман әдеттегiше бiлегiн мүның иығына арта
салды. Сол кәдуiлгi салқынқанды, сабырлы қалпы. Шығыңқы жақ сүйегi, кереқарыс
маңдайы мен сорайған ұзын мұрыны арықтығын жасырып, жаратылысынан бойына береке
дарытып тұрған тәрізді.

- Бұлар бiздi емдемейдi. Қалай солып, семiп бара жатқанымызды
бақылағаннан басқа түк бiтiрмейдi, - дедi ол әшейiндегi бар жаңалыкты
жеткiзгендей немқұрайдылау түрмен.

Еренғайып оған таңданған да, тiксiнген де жоқ. Мұндай сұмдықтарға
етi өлiп кеткендей "е" дедi де койды. Кезегiмен iшке кiрiп, ақ
халаттылардың айтқанын iстеп, алдарынан түгел өтiп шықты. Тек дәрiгерлердiң
тегiс көзәйнек киiп алғанын тансық көрiп, "шетінен оқымысты сияқты ғой
өздерi" деп ойлады.

- Бағана менің  жауап
бермек кеткенiме сен ренжiме, - дедi Атаман қайтар жолда жұмсарып. - Мен

Отанын сатқан опасызбын. Шетелде елшiлiкте жүріп

шатылдым  бұл  iске. 
Қүпия құжаттарды өз  сейфiмнен
өзiм

ұрлап  бердiм.  Жауларым менi соған мәжбүр  еттi. 
Жоқ,

сен  бәрiбiр  түсiнбейсiң 
оны.  Жатқан  шырғалаң 
бiр  ол.

Болды, басқа ештеңе сұрама. Мыналарға да ештеңе

айтпай-ақ қой. Кiсi өлiмiмен сотталғам деп қойғам бұларға.

      - Жарайды.  Неге  
сонша   таусылдыңыз?   Мен  
жәй

әншейін...

      - Болды,   болды. - 
Атаман  қолын  бiр 
сiлтеп,   сырт

айналып барып, қайта қайырылды. - Сен  
кiсi   қан жүктеген

адамға ұқсамайсың. Құдай ақына, түрiң айтып тұр.

Әңгiмелерi осымен шектелiп, әрқайсысы өз жөнiмен кеттi. Атаман
дуалдың iшiн айнала серуендеп жүрген тұтқындарға барып қосылды. Еренғайып
күзетшiден рұхсат алып, ертерек ұйқыға жатып қалды. Лагердiң берген тамағы
жүмырыңа жұқ болмайды, жұмыс ауыр. Таңертеңгi жүз грамм арақтың өзi де
кәдiмгiдей бойға қуат екен, оны да тамшысына дейiн сарқып iшiп қоятын болған. Торсиып
пiскен майлы бауырсақ пен буы бұрқырап ортаға келетiн дәу табақ еттi есiне
түсiрiп, сiлекейi шұбырып жатып, қалай ұйықтап кеткенiн өзi де бiлген жоқ.

Ертесiне күнi бойы шелектеп жаңбыр жауды. Тұтқындар толарсақтан
саз кешiп жүрiп жұмыс iстедi. Зембiлмен тас тасыды. жабылып балшыққа батқан мәшинелердi
итердi. Зыр қағып айналған доңғалақтардан шашыраған балшық үстi-бастарынан
сау-тамтық қалдырмады. Жаңбыр кешкiлiк жұмыс аяғына қарай толас тауып,
тұтқындар лагерге қайтар кезде ғана киiмдерiнiң суын сорғалата сығып, дымқыл
күйiнде қайта киiп алды.

Осылай үнжырғалары түсiп, сүметiлiп келе жатқанда түтқындардын,
арасьшан:

-          Ананы қара!
- деген оқыс дауыс шықты.

Түтқынадар селт етiп, иiрiлiп тоқтай қалды. "Әне!" деп көзге шүқып
көрсетпесе де, жарқабақтың үстiнде ақ орамалын желге желбiрете көтерiп түрған
әйел затына бәрi бiр кiсiдей жалт қарасқан. Батар күннiң соңғы шұғыласына малынып,
шашы толқындана жайылып, жел түрген етегiнен балтыры ағараңдаған ол еркектердiң
жанарын магниттей тартып әкеттi. Оның күнде өздерiн темiр үйшiктiң жанынан
қарсы алып, шығарып салатын киiм таратушы екi әйелдiң бiрi екенiн түтқындардың
iштерi бiлiп те тұр. Алайда аяқ астынан алабұртып шыға келген сезiм, бүлқына
соққан жүрек жеңiстiк бермейдi, анау ол емес дейдi. Жел кернеген көйлегi,
желбiреген орамалы мен шашы болмаса, жарқабақтың жиегiне қашап салған сұлу
мүсiнге де ұқсап кетедi. Өкшесiн сәл көтерiп, ұмсынып, талпынып, талдырмаш
денесi қауырсын құрлы болмай, қалықтап ұша жөнелетiндей де керiнедi.

- Тәуекел, мен кеттiм! - деп күбiр еттi Атаман.

Шаршағанын да,   шау  тарта 
бастағанын да  ұмытып, жас
жiгiттей ширыға калған екен. Сырт киiмiн жүре сыпырып, жүгiре түсiп, аяғын
асыға басып кетiп барады. Өкшелеген ешкiм жоқ па дегендей артына бұрылып қарап та
қояды.

Қызғанды ма, әлде қызық көрдi ме, осы сәтте бiр тұтқын
топтан бөлiнiп шыға бердi. Оған iлесе және бiреуi емпеңдей жөнелдi. Бойында
жастықтың қызуы бар Еренғайып та қарап тұра алған жоқ. Тобымен жарыла қозғалған
өзге тұтқыңдардан бұрынырақ қимылдап, алдыңғыларды оп-оңай басып озып, ол да
жүгiрiп келедi.

Тапырлаған аяқ дыбысы етекте қалды. Қыз тұрған жарқабаққа
тiк беткеймен қиялай салған екеудiң қимылы сұрапыл. Өрлеген сайын өршеленiп,
бәсекелерi өршiп барады. Күнi бойғы азаптарын ұмытып, неге сонша жаныққандары
өздерiне де түсiнiксiз сияқты. Әйтеуiр, бiр iшкi түйсiк бойларына алапат күш
бiтiрiп, осы жолда жан алысып, жан берiскендей түрлерi бар. Төменде қалған түтқындар:
"Атаман! Ата-ман!" деп шуласады. Автоматтарының үңғысын төмен қарата
мойындарына iлiп алған солдаттар да бұлардың әрекетiн қамсыз қызықтап тұр.

Кенет, Атаман күтпеген жерден жалт бұрылып, Еренғайыпты
шынтағымен қағып жiбердi. Еренғайып та қарап қалған жоқ. Етбеттеп құлап бара
жатып, оның балағынан шап берiп ұстай алды. Екеуi ұмар-жұмар болып, алыса
кеттi. Тiк беткейге табан тiрей алмай, екi-үш домалап тұрды. Еренғайыптың
тегеуріні ә дегеннен байқалған. Атаманды кәдiмгiдей тықсырып әкеттi. Езуi көбiктенiп,
көзi қанталап, долыра қызарған Атаман тiсiн сақ еткiзiп, мұның қолын қыршып
алды. Бүл қан шапшыған саусағын ауырсынып, "ах!" деп қолын қалай аузына
апарғанын өзi де байқаған жоқ. Саусағының қанын сорып, ызалана түкiрiп тастады.

- Жолымды кеспе! Былай тұр, иттiң күшiгi!- дедi Атаман
ызбарланып.

Еренғайып үндемедi. Булығып, iштегi ашуын сыртқа шығаруға
тiлi жетпей тұтықты. Атаманға адырайып жабайылана қарады. Анау да ыға қоймай,
екеуi қайта ұстасты. Бiлектерi айқасып, төстерi түйiсiп, бiрiн-бiрi ала-алмай
тiресiп тұр. Еренғайыптың бұлтиған бұлшық етi Атаманның жүндес кеудесiне мөр
басқандай шапталып, сығымдала түскен. Кенет, Атаманның төс сүйегi күтiр ете қалып,
өкшесi ұршығынан тайғандай кирелеңдей шөктi. Бiрақ, әлi де қолын босатпай,
Еренғайыпқа салмағын сала, төмен тұқыртып бара жатты. Бұл темiрдей саусақтар
бiлегiн қанталатып, қақпанға тұтылған жас бөрiдей аласұрды.

-Тоқта! Өзiм жiберем! - дедi Атаман демiгiп. Еренғайып оның
бiресе бозарып, бiресе қуарған түрiнен бiр жерi мертiккенін сездi. Саусақтары
акырын жазылып, қолы төмен сырғыған Атаманның шынында да қозғалуға дәрмені
жоқтай көрiндi. Жаңа ғана жан аяспай жұлқысқанын ұмытып, жанына тiзерлеп отыра
берген албырт жастың алаулай қызарған жүзiне тiктеп қарай алмай:

-Бар! Бара бер! - дедi төменшiктеп.

Жымиып күлгендей болғанмен, жан қиналысын жасыра алмай, қабағы
қыртыстана шытылып кеттi. Қолтығынан демеген Еренғайыптың бiлегiнен қыса ұстап,
иегiмен жоғары жақты нұсқады.

-Бiлгем, байқап жүргем... Әдемi әйел... Атаманның жасаураған
жанарында қызғаныш оты лап етiп қайта тұтанды. Еренғайып та тұла бойын ынтық
бiр сезiм билеп, ерiксiз жоғарыға мойын бұрды. Әйелзат тұрған жерiнен әлi
қозғалмаған. Тек қолындағы орамал көзге шалына қоймаған соң, жiгiт жел бағытын
жылдам шолып өттi. Жел ұшырған орамал қанат бiткендей қалықтап барып, қонақтар
жер iздегендей шырқ айналып, шыңыраудың үстiнде үйiрiле қалыпты. "Е"
деп ес жиғанша болған жоқ, талай тағдырды жұтқан шыңырау оны да кiлт
құлдилатып, аранына тартып ала женелдi.

Улы кен де таусылып, шыңыраудағы іске жарамды техника сыртқа
шығарылып жатқан кезде әлемет жаңбыр жауды. Тұткындар күздiң кара суығында
белшеден су кешiп жүрiп, соңғы қалған эксковаторларға трос жалғады. Сүйектен
өткен суық пен ауыр жүмыстың азабынан титықтағандар жығылған жерiнен қайтып
тұра алған жоқ. Ақтық демдерi су бетiне көпiршiктене бұрқ етiп шығып, жарық
дүниемен үнсiз қош айтысты бейбақтар.

Ең ақырғы эксковатор шынжыр табанымен қиыршық тасты
шықырлатып жандарынан өткенде, шыңыраудың түбiне жиналып; бiрте-бiрте көтерiле
бастаған көлшiктiң жағасында тұрған тұтқындардың қатары сиреп-ақ қалған едi.
Араларында Атаман жоқ,  Еренғайып бар,
бұл тұтқындарды солдаттар алдарына салып алып, экскаваторлардың соңынан баракқа
карай алып жүрдi. Жолай оларға темiр үйшiктерiн трактормен итерiп, шұқырға
домалатып тастаған киiм таратушы екi әйел қосылды. Үстi-басы су болып, әбден жаурап,
талдырмаш денесi жапырақтай қалтыраған Эльза бiрден Еренғайыптың қолтығына
тығылып алды. Олардың бұлай бiрге жүрiп, бiрге тұрғандарына басқалардың көзi
үйренген, бұл жолы да ешкiм елең қылмады. Жасы үлкен екiнші егде әйел тұтқындардың
соңында, суға батып өлген бейбақтарға жаны ашып, артына жалтақтап қарай-қарай,
еңiреп жылап келе жатты.

Жаңбыр басылысымен лагерде әдеттегiден озгеше қарбалас
басталды. Лагерь бастықтары ары-берi жүгiрiсiп, әскерилерге әлденелердi
көрсетiп, нұсқау берiп жүр. Солдаттар болса олардың айтқанын үн-түнсiз орындап,
нұсқағаи заттарын жүк мәшинелерiне тиеуге кiрiскен. Дуал сыртындағы үйлердiң
жанынан да осындай абыр-сабыр тiршiлiк байкалады. Асханадағы жаппаның астында
бiр-бiрiне тығылысып отырған тұтқындарда ешкiмнiң iсi жоқ. Бұған дейiнгi
ауру-сырқаудан, бүгiнгi сұмдық сүргiннен аман қалған екi әйел, жетi еркектiң
бар-жоғын да мүлдем ұмытқан тәрiздi.

              - Бұлар
қайда барады?  Бiздi тастап кеткелi жатыр

ма? -  дедi Эльза көкшiл көздерi
дөңгелене үрейленіп.

       - Тыныш  отыр.  
Не  iстесе де  өздерi 
бiледi.   Бiзден

ешкiм сұрамайды, -  деп күңк еттi
Еренғайып.

         -Тастап кетсе
жақсы-ақ болар едi, -  деп сыбырлады

тарамыс денелi қалтақ бас Абрам.

- Тыныш! - деп Еренғайып оған да жекiп калды. Ол не де болса
артын күтпек оймен жандарынан ары-берi өткен солдаттарды сырттай бақылап, сыр
аңдып отырған. Бiрақ олардың бiр де бiрi бұларды адам деп қайырылмады. Бiраз
уақыт өткен соң ғана қызылтанаулап жетiп келген орта жастардағы былшиған семiз
офицер:

-          Мыналар
неғып отыр? Не, сендер үшiн мен жүгiрем

бе? -   деп   тепсiндi. -    Тез  
барып   көрпе-жастықтарыңды

ана мәшинеге тиеңдер. Өздерiңдiкiн ғана алыңдар. Ыдыс-

аяқтарың да қалып қоймасын.  Ол жаққа
барған соң да

ас iшу керек шығар. Тұр, тұрыңдар!

Офицер калтақ басты бiр теуiп, ары өтiп кеттi. Түтқындар
Еренғайыпқа iлесе көтерiлiп, жапатармағай баракқа қарай ұмтылды. Еренғайып
олардың неге сонша асыққанын түсiнбей аңтарылып қалған. Ішке кiрiп барғаңда
аналардың өлген түтқындардың көрпе-жастығын аударыстырып жатқанын көрдi.
Бейбақтардың бүтiндеу көрпе-жастық таңдаған түрi екен. Еренғайып өзiне тиiстiлерiн
ғана алып, бұрыла бердi де атаманның жатын орнына көзi түсiп кетiп,
бөгеліңкiреп қалды, Естелiк үшiн бiрдеңе алмаққа енкейiп, ештеңе таппай, қайта
түзелдi. Жанарын шылаған ып-ыстық жасты жеңiмен сүрте салып, тұтқындардың
соңынан сүйретiлiп сыртқа беттедi.

Кешке буынып-түйiнiп бәрі дайын болды. Алдымен дуал
сыртындағы мәшинелер қозғалды. Одан кейiн әскерилер жолға шықты. Тұтқындар
мiнген мәшине шаңға көмiлiп, ең соңында жүрiп отырды. "Ендiгi тағдырымыз не
болар?" деген алаң көңiлмен бұлар iлгерiге кезек-кезек мойын созады.
Еренғайыптың бауырына тығылып бой жылытқан Эльза да әлсiн-әлi басын көтерiп,
жер танитындай олай-бұлай қарап, әркiмнің аузына бiр құлақ, тiгумек әуре. Кабинадағы
семiз офицер анда-санда артқы кiшкене терезеден сығырайып, бұл екеуiне таңырқай
көз сұғын қадап өтедi. "Өқкей аққұлақтың iшiнен мына азиятты қайдан тауып
алды екен?" деп келе ме, кiм бiлсiн.

Эльза 
Еренғайыптан  екі-үш  жас 
үлкен.  Арықтығына қарамай   дене  
бiтiмi   тартымды,   омырау-төсi,    мықыны мүшеленiп,   сымбатын 
аша  түседi.   Кейiнгi 
уақытта  ғана шашы   сұйылып,  
жұқарып,   маңдайы   мен  
самайындағы әжiм   сызықтары   қалыңдап  
келедi.   Әйтпесе,   бұлар  
танысқанда,   осыдан  екi  
айдай  бүрын  тiптi  
жас  көрiнетiн. Студент  кезiнде 
шетелдiк  бiреумен  көңiл 
қосып,   соның шылауында жүрiп,
сыртқа көп мөлшерде асыл тас ұрлап әкетiп   
бара    жатқанда    ұсталыпты.    Кедендегi   
атыста нақсүйерi оққа үшып, қолға түскен күйеуiнiң сыбайластарымен бiрге
жиырмаға ендi толған Эльза да өлiм жазасына бұйырылған.  Ол:  
"Мен оны сүйетiн едiм.  
"Кел-кел" деп шақырып  
тұрғандай   болады.    Жанары  
мұңлы,    қабағы тұнжыр қалпынан
мүлде өзгермегендей",- деп солқылдап жылағанда, Еренғайып көпке дейiн
кәдiмгiдей-ақ бұртиып жүрдi.  Соңыра:
"Ендi қанша өмiр сүремiз, бәрi уақытша ғой. Сүйегiмiз мына шыңыраудьщ
түбiнде қалатын шығар. Бұл байғұс өмiрде жоқ бiреудi сүйсе, оған менiң нем
кетiп барады",- деп қана жұмсарды.

Бiр-бiрiн түрпектеп, қозғалақтай бастаған тұтқындар ойын
бөлiп жiбердi. Алдағы мәшинелердiң қара үзiп бара жатқанын байқап, селк етiп
орнынан ұшып тұрды. Шоқалақтаған мәшиненiң екпiнімен теңселiп кетiп, құлап қала
жаздады. Офицер кабинадан қолын шығарып, жекiп "отыр" дегендей белгi
бердi. Мұның аяқ астынан шоршып түрғанынан секемденген Эльза да етегiнен
тартты. Неге екенi белгiсiз, алғашқыда оған бұларды алдыңғы мәшинелерден     бөлiп    
алып,     айдалаға     атуға    
апара жатқандай көрiнiп кетiп едi. Мәшинеге көрпе-жастық пен ыдыс-аяқтарын
қоса тиеткенi есiне түсiп, көңiлi тыншықты. Жақтауға сүйеніп, тақтай орындыққа
құйрық басты. Эльза басындағы орамалын сыпырып алып, некесiз куйеуiнің әп-сәтте
суық тер басып, жiпсiп шыға келген маңдайын сүрттi.

-          Сенi     мәшинеден     секiрiп    
кетедi     екен     деп

қорыққаным ше. Оның не?

        - Жай,  әншейiн.  
Секiріп  кетiп  қайда барар дейсiң

мен. Далаға тастай алмай жүрген жаным жоқ.

        - Әсiресе,
менiмен танысқаннан кейiн...

Кет әрi, қайдағыны шатпай...

Өзің  айтушы едiң ғой
өстiп...

Еренғайып үндемедi. Кейде оңаша жолыққанда жаксы көрiп
кетiп, солай деп айтатыны рас. Келiншек анда-санда осы сөздi есiне салып қоюға
құштар. Заты әйел емес пе, жағдайлары келiспесе де оқтын-оқтын еркелегiсi
келедi. Еркектiң аялап құшқанын аңсайды. Бiртоға, томырық мiнездi Еренғайыптың
емешегi езiле қалатын кезi сирек.

-          Бiздi мына
ауылға әкеле жатқан сияқты ғой.

       Бұрын Атаманның хабаршысы атанып,
өзi естiп-бiлген жаңалық атаулыны бiрiншi соған жеткiзетiн қалтақ бас Абрам
кешелi берi Еренғайыпты иектей бастаған. Қораптан қылт еткiзiп басын шығарып,
ілгерiден көргенiн басқалар естiп қоймасын дегендей, еңкейiп мұның құлағына
күбiрлеп қана айтты. Сөйтсе де үніндегi дiрiлден жеткiзген жаңалығының қаншалықты
маңызды» екенi сезiлiп түрды. Үмiт пен күдiк қатар бас көтеріп, әуелгiде дымы
шықпай қалған Еренғайыпқа дегбiрсiзденіп:

          - Өзiң тұрып
қарашы. Солай қарай бұрылдық, -  де-

ген дауысы тұтқындардың бәрiне естiлдi.

                    - Қане?!

          - Қайда?!.

Тiзерлей көтерiлiп, қораптың шетiне жармасқан тұтқындар
опыр-топыр болды да қалды. Басқалардан мойын оздырып, ымырт қараңғылығында
жарығы сығырайған елдi мекенге бұл да қарады. Жақындай бере тал-дарақсыз, айтақырдағы
шағын елдi мекеннiң жанынан тiкенек сыммен қоршалған үлкен әскери казарманы
көрiп, көңiлi су сепкендей басылды. Қазақы ауылға ұқсамайтын, көшесi тастақ,
ұзыннан ұзақ салынған барак үйлер көз алдына өздерi бүгiн ғана тастап шыққан
лагердi елестеттi.

Мәшине сондай бiр ескi барак үйдiң алдына келiп лықси
тоқтады. Кабина есiгiн серпи ашып жiберiп, жерге секiрген офицердiң аяқ астынан
қайрақ тастардың шақыр-шұқыр еткен дыбысы естiлдi. Соның арасынша оның жанында
иығына қара сөмке iлген, түрi тау халықтарына ұқсас қоңқиған милиционер пайда
бола кеттi.

-          Келдiк,
жүктерiңдi алып бiр-ақ түсiңдер.

Тұтқындар түкке түсiнбесе де, әйтеуiр осы үйге орна ласатындарын бiлiп,
топырлап жерге түсе бастады. Милиционер олардың көрпе-жастықтары мен
ыдыс-аяқтарын есiк алдынадағы сәкiге жинатқызып қойды. Эльзаны қолтығынан демей
көтерiп алып, табанын жерге тигiзген Еренғайып тұтқыңдармен бiрге офицердiң
қасына барды.

-          Бұдан   кейiн  
осы   үйде   тұрасыңдар.  
Бiрақ   басқа

ешқайда ұзап кетуге болмайды. Қалғаны өз ерiктерiнде.

Бүгiннен бастап сендерге кешiрiм жасалды,- дедi ол түсiн жылытып.

Өз құлақтарына оздерi сенер-сенбесiн бiлмей, шуласқан тұтқындардың
сол заматтағы қуанышын тiлмен айтып жеткiзу қиын едi. Күтпеген қуаныштан күле
алмай, тек жылай беретiн де сәттер болады екен. Бiрiн бiрi жаңа көргендей
керiсiп, құшақтасып жатыр. Еренғайыптың мойнына асылған Эльзада да ес қалмаған.
Жүрегi жарылардай қуанып, көз шарасы жасқа толып, әлдене айтқысы келедi, бiрақ
дауысы шықпайды. Еренғайып та оны тас қып құшактап алып, шыр көбелек айналдырып
жүр. Орамалымен бетiн басып, талықсығандай теңселiп кеткен егде әйелдi Абрам
сүйеп калды. Ендi бiр қарағанда Еренғайып оны  
ебiл-себiл   болып   жүктiң  
жанында   жылап   отырған жерінен көрді.

-          Жарайды,
жұрттың үрейiн ұшырмай, iшке кiрiңдер.

Екi   адамға   бiр  
бөлме,   Асхана   ортақ, -   деп 
дауыстады милиционер.

Жұрттан бұрын кiрiп, жақсырақ бөлме таңдап алуға тұтқындар бұл
жолы асыққан жоқ. Милиционер қоңқылдап ұрса бастаған соң барып қанаа босағадан
аттады. Ішке кiрiсiмен, екi-екiден бөлiнiн, үзын дәлiздiң бойындағы бөлмелерге
тарай бастады. Еренғайып пен Эльзаға да оңаша бөлме тиiп, егде әйел жеке
орналасты.

-          Менiң аяғым
ауыр, - деп түнде Эльза Еренғайыпты

тағы бiр қуанышқа кенелттi.

-          Анадан берi
неге айтпай жүрдiқ? - дедi ол жүрегi атша тулап.

-          Бiлмеймiн...
Қорықтым... Қорқамын...

       -  Қой, қорықққаны несi?!

Еренғайып осылай деуiн десе де, нақты ештеңе айта алмады.
Жер басып, тiк жүргенiмен екеуiнің де денсаулығы жақсы емес. Уқалап, үйкеп
қалса шаштары уыс-уыс болып сыпырылып түседi. Сүйектерi сырқырап, аяқ-қолдары
сыздайды. Жаңағы айтқан сөзiне қарағаңда Эльза сәбидiң болашағынан күмәнданатын
сияқты.

-          Дәрiгер
келсе айтуым керек шығар, - дедi Элъза

ойын нықтағандай,

- Иә, сөйткенiң дұрыс, - деп Еренғайып оның жүқалтаң, нәзiк
денесiн бауырына басты.

- Әлде әзiрге сездiрмей-ақ қояйын ба? -  дедi Эльза тағы да.

-          Қой,
айтпасаң болмас.

Ол егеудей қатқыл алақанымен келiншегiнiң арқасынан сипап,
көңiлiн тьшыштандырмаққа әрекеттендi. Эльза да оны құшақтап, тас кенедей жабыса
алды. Еренғайып оның маңдайынан, ернiнен құшырлана сүйiп, көйлегiн иығынан
сыпырды. Келiншектiң ынтыққан ыстық делi омырауын шарпып, екеуi ентiгiп ұзақ
аймаласты.

Келесi күнi бараққа құрал-сайманын, дәрi-дәрмегiн арқалап,
кешегi көрген гарнизоннан әскери дәрiгер келдi. Еркектердi түгел қарап болып,
кезек әйелдерге келгеңде Эльза оған көрiнуден бас тартты. Әлдебiр жаманшылықты сезгендей,
егде әйел қанша үгiттесе де түсi қашып, тiстенiп отырып алды.

-          Сендердi ай
сайын тексерiп тұруым  керек.  Маған

берiлген   бүйрық   солай, -  
деп   дәрiгер  
де   қасарысты. -

Оның үстiне жалғыз емес екенсiң. Жаныңда күйеуiң бар.

Алдағы өмiрлерiңдi неге ойламайсыңдар.

Дәрiгер қайткенде де Эльзаны қарамай кетпейтiн сьңай
бiлдiрдi. Ақыры Еренғайып араласып:

-        Қаралғаның
өзiңе жақсы. Имиген түрiң мынау. Бала табам деп өлiп қалып жүрерсiң. Ештеңенi
жасырма, -

дедi Эльзаға.

Дәрiгер келiншектi оңаша бөлмеде көп ұстады. Жеке қарауға
арнайы тапсырма алғандай-ақ ұзақ тексердi. Басын шайқап, қынжылып отырып,
дәптерiне де сүйкектетiп бiраз нәрсе жазып тастады. Еренғайыпты iшке шақырып алып:

-        Сендердiң  жағдайларыңда балалы болу өте қиын.

Әйелiңдi жақсылап күтiмелдемесең болмайды. Мен жоғары

жаққа   хабарлаймын.   Маған  
соңдай   тапсырма   берiлген.

Анау-мынау өзгерiстердi жеткiзiп тұруға мiңдеттiмiн. Одан

сендер де еш зиян шекпейсiңдер, - деп әрi сақтандырып, әрi
көңiлдерiн жұбатып кеггi.

Арада тағы бiр күн өткеннен кейiн есiк алдында қаңқиып жедел
жәрдем мәшинесi тұрды. Екi дәрiгер Эльзаны орталыққа апарып тексеруге күштеп
көндiргендей болып, қолтықтап әкелiп мәшинеге мiнгiздi. Еренғайып қанша көңiлiн
аулап жұбатса да, соңғы сәтте ол көз жасын тыя алмай егiлiп жылап отырды.

Бұл келiншегiн содан қайтып көрген жоқ.

***

Сiбiрлеп таң атып келедi. Шыңыраудағы айдын мөп-мөлдiр,
тұп-тұнық, бейкүнә. Түпсiз тұңғиыққа телмiрген бейбақ мұнда қыбыр еткен
тiршiлiктiң жоғына қайран. Арада жаңа туған сәби ат жалын тартып мiнетiндей
уақыт өттi емес пе. Айдынның түбiн бетондап, шегендеп тастағанын да естiп едi.
Бiрақ, әлi тiршiлiк пайда болмапты. Эльзаны көрмегелi де осынша уақыт iз
суытқан. Айтуға ғана жеңiл, әйтпесе көрген азабы шексiз. Мұның жарық дүниедегi
өмiр дегеш о дүниедегi тозақ отынан да асып түскен шығар. Сүйек-сүйегi
сырқырап, сыздап ауырғанда жанын қоярға жер таппай, екi қолын тебесiне қойып,
бетi ауған жаққа безiп кеткiсi келетiн. Екi шекесi солқылдап, жанары ағып түсе
жаздап суырып ала жөнелгенде, қолында тұрса етiн кесiп итке тастауға бар-тын. Қараңғы
түнде сипаланып шөп арасынан ине iздегендей соқыр үмiтке алданып қана тiрi
жүрдi ол.

Су бетiнде әлдене жыбыр ете қалғандай болды. Шеңберлене
дөңгеленген сақина толқындарды айдын қайыра жүғып қойды. Балық па екен деп
канша тесiлсе де көзiне ештеңе шалынған жоқ. Қанатын суға бiр малып алып ұшқан
шiркей ме, кiм бiлсiн. Іле балықты да, шiркейдi де есiнен шығарып, өз жайын
ойлап кеттi.

Жаны сiрi бейбақ әйтеуiр бәрiне шыдап баққан. Кейде өзiне
озi қол салуға оқталып, соңғы сәттерде ғана айнып қалып жүретiн. Содан соң өлiп
қайта тiрiлiп келгендей енкiлдеп жылайтынын қайтерсiң.

"Эльза!.. Баламды ертiп келдiң бе?!. Мынау менiң балам
ба?!. Балам!.. Ұлым!.." - деп сандырақтап сөйлеп жатып оянып кеттi. Жаңа
ғана өзi бастан өткерген өң мен түстiң арасындағы ынтық бiр сезiмнен айыға
алмай мәңгiрiп бiраз отырды. Кенет, басына: "Құдай аузыма салған
шығар",- деген ой келуi мұң екен, орнынан ұшып тұрып, тапырақтап сыртқа
ұмтылды. Дәлiзде қалтақтап қарсы жолыққан Абрамды қағып кете жаздап, ананың қолындағы
газет қиындысын байқап қалды да ерiксiз кiдiрдi. Абрамның соңынан өңмеңдеп,
жалмаңдап, жампандап келе жатқан тағы екi-үш көршiсiн көрiп, тұла бойы дiр ете
түстi.

-          Бұл не?! -
дедi iлгерi созған қолы қалтырап.

- Мынаған қарашы, - деп Абрам   газет қиындысындағы көмескi бiр суреттi кез
алдына тосты. - Көрдiң бе?  Ортадағы
балаға қарасаңшы. Жасы он бесте екен. Бүрын жасырып келiптi.

Абрам нұсқаған баланың суретiн көрiп, жүрегi тас тебесiне
шықты, Бала емес, басы кеудесiмен бiрiгiп кеткен, құлағы қалқандай, қисық ауыз,
жұмық көз бiр мақұлық. Суреттi керсетуге келген Абрамның да, оған iлесе
жампаңдап жеткен басқаларының да ненi меңзеп түрғанын аңдап, қапелiмде аузына
сөз түспей апалақтап:

- А-а!..   
Ал-ла!..    А-а!..    А-а!.. -  
деп    жанұшыра

айғайлап жiбердi.

Абрамды жолынан итерiп тастап, сол айғайлаған бетi далаға
атып шықты. Таң салқыны маңдайына дымқыл шүберек басқандай есiн тез жидырғанмен,
бiр орында байыз тауып тұра алмай, сенделектеп ұзын барақ үйдi әлденеше айналып
келдi. Содан iшке кiрмей, көршiлерiнiң көзiне түскi аста бiр көрiніп, жасырын
тайып тұрған.

Шыңыраудағы айдынға кеше кештетiп жетiп, түндi ұйқысыз өткерiп,
аллатағала аман көруге жазған тағы бiр таңды тұнжырай карсы алып отырған бетi
осы едi бейбақтың. Ол үшiн жылға бергiсiз ұзақ түн болды бұл. Туған ауылын,
әкесi мен шешесiн есiне алды. Бiртүрлi салқын қалыппен Ұрқияны да ойлады. Мына
айдынның түбiнде қалған бейбақтардың аруағына бағыштап ерiн жыбырлатты.
Эльзаның есiмi тiл ұшына оралғанда да еш толқыған жоқ. Бәрiне келiскен, бәрiне
көндiккен, бәрiне шарасыз мойынсұнған қайрансыз ғарiп ғүмыр "Е,
алла..." деген бiр-ақ ауыз сөзбен тұйықталып, таң шапағына бөленген ақ айдын
жартастан тас қүлағандай оқыстан шолп ете қалды.