ВЕРНУТЬСЯ

      Әйгілі желтоқсан
көтерілісінен кейін көрші елдердің жазушыларымен бірге Түркіменстанға бардым.
Паустовскии қазақтарды кемсітіп жазатын Қарабұғазда адайлар әлі күнге дейін бір
қауым ел болып отырады екен. Тұз өндірісінің орындарын аралатқанда сол
жергілікті қазақтар жасы да, лауазымы да үлкен қонақтардың бәрін автобусқа
мінгізіп, мені жекелеп жеңіл көлікпен алып жүрді. Бізді ол жаққа сол кездегі
КСРО жазушылар одағы хатшыларының бірі бастап барған еді. Басқалармен бірге өзі
де автобуспен жүрген ол еш ренжіместен: «Қазақстанда желтоқсан оқиғасының
қалайша орын ала қойғанын енді түсіндім»,- деп әзіл айтты. Түсінгенге сыйлата
білген де мәртебе.