ВЕРНУТЬСЯ

        Екі қазақ
тәмам жұрттың көзінше бір-бірімен орысша боқтасты. Алайда, екеуінің де ауылдың
жігіттері екені білініп тұрды. Соны байқаған қазақ арасында өскен бір неміс
шал: «Әй, сендер «Сүмпиген сықпытыңды ұрайын» деп, «Жеті атаңды жеті қайтара
есіңе салайын» деп, «Түп-тұқияныңмен тентіретіп, тезек тергізіп жіберейін» деп,
«Төрдегіңді ойбайлатқанда, көрдегіңді тірілтіп әкелейін» деп, ең құрығанда
«Көзіңе көк шыбын үймелетейін» деп неге қазақша 
боқтаспайсыңдар?!»,- деді өзінің қазақша білетініне масаттана күліп. Әлгі
екі жігіт кәдімгідей ұялып, екпіндері басылып қалды.