ВЕРНУТЬСЯ

   Көптен көрмеген бір
танысымның үйіне барсам, аяғын аяғына асып қойып, шалқасынан түсіп жатыр екен. Отбасында береке жоғы
байқалып тұр, келіншегінің қабағы қатыңқы. Бірақ, отағасының үйде
жата-жата аурушаң адам құсап сартап болған түрінен онша-мұнша уайым
белгісі білінбейді. Осы бір таныс көріністің әр-әр жерде қайталап-қайталап
алдымнан шығатыны қайран қалдырды. Маң далада есінеген еркін өмірдің үзік-үзік
елесі өркениет заманында экспонатқа қойылғандай жайсыз әсер береді кейде. Аяғын
аяғына асып қойып, шалқасынан түсіп жатыр танысым.

    Айдың шалқасынан туғаны-«өзіне
жайлы, шаруаға жайсыз».