ВЕРНУТЬСЯ

     Әбдірей шөп шауып
жатыр еді, баласы үйірсектеп қасына келе берді. Дүниенің бәрін ұмытып, бір ғана
нәрсені білгісі келіп, бар ынты-шынтысымен: «Әке, шөптің жаны бар ма? Әке,
шөптің жаны бар ма?» - деп сұрағыштай берді. Әбдірей ашуланып кетіп: «Жоғал бұл
жерден, шалғыға арандайын демсең!»- деп айғайлап берді. Бала: «Шөптің жаны
болса, оны неге аямай шауып жатырсың?» - деп сұрамақ болған. Өкінішке орай,
кезекті танымдық сұрақ тағы да жауапсыз қалды. Оны айтасыз, баланың енді қайтып
сұрақ қоймастай болып меселі қайтып қалды. Ел арасында бұл да жиі кездесетін
оғаш көрініс.