ВЕРНУТЬСЯ

     Бір өзеннің екі
жағалауында көлемі де, топырағының құнары да бірдей екі жер бар екен. Білекті
біреу әлімжеттік жасап, сол жақ жағалаудағы қазақ қандасының жерін  тартып алыпты. «Әке-шешемнің бейіті бар»
деген желеуді алға тартатын көрінеді. Онысы әншейін сылтау, әйтпесе қорым оң
жақ жағалауда  болған ғой. Бірақ, ондағы
жердің қожасы тіс батпайтын басқа бір ұлттың өкілі екен, ырқына көне қоймапты.
Тартып алған жеріне анда-санда бір баратын білекті азамат ақаңнан жұтып
алса,  арғы жағалауға қарап, әлі күнге
аңырап отырады екен.