ВЕРНУТЬСЯ

      Бір құсқа астына
басқан жұмыртқасы көп сияқты көрініп кетіпті. 
Шеткі біреуін: «Әй, осыны сасық көкек әкеліп тастаған шығар»,- деп
ойлап, сайға домалатып жіберіпті. Оны түлкі тауып жеп алып, «тағы бар ма екен»
деп іздеп жүріп, ұяның үстінен түсіпті. Сонда соры қайнаған әлгі құс: «Өзімнен
болды, өзімнен болды»,- деп зар қаққан екен. Сол құсағандай, шетелге бала сату
қазақтың сүйегіне таңба боп түсті. Шетелдік «қысыр» мен «бедеулер»: «Тағы да
сататын бала бар ма?»- деп, елімізге жиі=жиі келе бастады. Бұған тыйым болмаса,
түбі «өзімнен болды» деп өкініп жүруіміз бек мүмкін.