ВЕРНУТЬСЯ

         Кен ашылды десті жұрт Шалқиядан,

Ел ағыла бастады әр қиядан.

Осы өңірдің есейген қырын еміп

Қария біткен ойланды мұны көріп.

«Ал енді сол таз таудан кен табылса,

Бізде алтын бар, - деді бірі келіп.

Жалқаумыз ғой, жалқаумыз, тегі, біздер,

Еш ниет жоқ асылдың кенін іздер.

Бізде алтын болмауы мүмкін емес,

Мүмкін емес, ағайын, сеніңіздер».

Көжелерін ұмытып
тостақтағы,

Жөнелді енді сол шалды қостап бәрі.

Тізгін қағар әңгіме Шалқия еді,

Өзімізге ауысты ол кеш батқалы.

Жігіт-желең - желпінген өскін-құрақ

«Біз табамыз» деп шықты төсті ұрғылап.

Алтын бар деп шешті ауыл өз жерінде,

Қайда екенін айтқан жоқ ешкім бірақ.

Алайда ешкім мыс жинап, теңге құрап,

Ақтармады сендерді, көмбе-қырат.

Бізде алтын бары анық, уа, ағайын,

Қайда екенін айтпаймын мен де бірақ.