ВЕРНУТЬСЯ

   Кең әлемге ұшырған елшім едің,

қалқып ұшып, аққуым, келші менің.

Сенен басқа бір пенде хақылы
емес,

айдынымды тек өзің еншілегін.

Еншілегін қамысын, қоғасын
да,

ұшасың ба, еркіңде - қонасың ба?.

Бет алғаның шын болса,
тездетіп кел,

қарамастан жауынға,
борасынға.

Қарсы алдыңнан бұла аспан, жон керіліп,

тұрса-дағы бау-бақша көмкеріліп,

қарамай ұш, біріне бұрылмай ұш,

базарыңды алып ұш, төңкеріліп.

Сені күтер толықсып тоғай,
гүлім,

сені күтер үздігіп көп ай,
күнім,

ақпан-көңіл күткендей көк
мамырын,

Сені...

Сені күтуде көк айдыным.

Кең әлемге ұшырған елшім едің,

әуелеген, аққуым, келші
менің.

Сенен өзге ешкімнің хақысы
жоқ,

айдынымды бір өзің еншілегін.

Келші құсым, аққуым, келші менің.

10 желтоқсан, 1979 жыл