ВЕРНУТЬСЯ

       Көк өскін,

Кеше ғана күтті қалай ертеңді,

О, сенбеңдер, мен жыр жазған емеспін,

Оны жазған біреу еді. Ерте өлді.

Тандарымды таңға ұрам,

Ұзатпақ
боп көшті алға.

Сәл қалғысам, тереземнің алдынан

Өтеді бір сықырлаған ескі арба.

Атып тұрып, қара түнге үңілем,

Арба түгіл, сайтан жоқ.

Арпалысам түнімен,

Кімге барып жан сырымды айтам деп.

He тынды,

Күн өтуде күйбеңмен.

Өмір деген өгей шеше секілді

Туған әкең үйленген.

Дінсіз, кәпір мен емен,

Менде де бар соққан жүрек дамылсыз.

Иттей дос боп, иманымдай сенер ем,

Қыл аяғы өтірік те дарынсыз.

Көзім алды - толқын дүние, толы ағыс,

Қамшылайды жүрегімді осып кіл.

Қисық арба... ол да ұзаған жоқ алыс,

Бір бұрышта тосып тұр.

Мына жұлдыз Шолпан ғой дара жанған,

Хабар айтып тұр-ау
бұл таң азаннан.

Сәукелесі жарқырап, сәл шыдасам,

Сәулетай Күн көрінер қара жолдан.

Кербез самал еседі жалды кернеп,

Кең айдынның бетіне салды да өрнек,

Күн алдымен ақ тауды құшты барып,

Heгe мені құшпайды
ол алдымен кеп?

Тандыр желін, тас емшек қара дала,

Ей, кетші әрі, төбет жел, абалама!

Күн де теріс айналды-ау менен, түбі,

Мынау суық, сұрқия
заманада.

Мен деген кім?

Мен деген тілден қалып,

Мылқау, меңіреу күн кешкен түндей ғаріп.

Ешкім де емес,

түк те емес - бір тірі жан,

Бірі тірі жан, әйтеуір, жүрген лағып,

мені қайтсін?