ВЕРНУТЬСЯ

        Әсіресе көне Мысырға ауыр тиді. Любнан (Ливан) мен
Палестинаны басып алып, орныққан шармақ тағынғандар  әлсін-әлі жорықтар жасап, елге тыныштық
бермеді. Әлсіз ел басшысы бірде дұшпанға алым-салық төлесе, бірде өзге амалын
тауып, әйтеуір аман қалып отырды. Алайда түптің түбінде жаудың тыныш
қалдырмайтынын сезген Мысыр сұлтаны Адид Шамның (Сирия) билеушісі Нұрадиннен
көмек сұрауға мәжбүр болды. Соны күтіп отырғандай, ол Мысырға дереу өзінің
қолбасшылары Ширкух пен інісі (ағасының баласы) Салахаддинді көмекке жіберді...