ВЕРНУТЬСЯ

          ...Осыдан 9 жыл бұрын, 2001 жылдың 11 қыркүйек күні алпауыт
АҚШ-тың ең үлкен қалаларының бірі - Нью- Йоркте орналасқан Бүкіләлемдік сауда
орталығы- қос биік мұнара-үй өз-өзінен опырылып түсті. Сол-сол-ақ екен, дәл осы
сәтті күтіп тұрғандай (расында да!), американдық және Батыстық баспасөз жаппай
даурығып  шыға келді. Арабтарға, қала
берді ислам әлеміне қарсы бағытталған жалақорлық науқан күшіне мінді. Оған
солтүстіктегі көршіміз бен өзіміздегі батысшыл пиғылдағы бұқаралық ақпарат құралдары
да қосылып, «ислам лаңкестігі» жәйлі 
ақиқатқа үш қайнаса, сорпасы да қосылмайтын, дүние жүзі мұсылмандарының
діни сезімін қорлап, адами құқықтарын аяққа басқан өсек-аяңды бұрқыратты. Сол
кезде де, қазір де оларға : «Ау, шырақтарым, бұлтартпас дәлелдерің қайда? Бұл
не, бас-көзі  жоқ айыптау?!» деп айтар
жан табылған жоқ. Табылса да, олардың қарсы уәждеріне алдын ала жоспарланып,
бір орталықтан басқарылған бүкіләлемдік зымиян күштер құлақ аспады және
шындықты күні бүгінге дейін мойындамай отыр...

Жұрттың бәрі бірдей ашықауыз емес

...Алайда «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деген бар.
Немістер мен француздар, әсіресе оқ-дәрі мен жарылғыш заттарға тікелей қатысы
бар мамандар 11 қыркүйектен кейін көп ұзамай-ақ, алып үйлерді ұшақтардың «түйіп
құлатқанына» және бір мезгілде 3000 адамның мерт болғанына күмән келтіре
бастаған-ды. Алайда ресми Париж бен Берлин АҚШ-ты «ренжітіп алмау» үшін
ондайлардың үнін шығармауға тырысты. Бірақ АҚШ-тың соны желеу етіп, Ауғанстанға
қарсы соғыс ашуы, мән-мағынасыз үлкен қырғынды бастап жіберуі әділдікті
жақтайтын сан мыңдаған жандардың (оның ішінде американдықтар да бар) аузын жаба
алмады. Сонан бері жылдар өткен сайын 11 қыркүйектегі «лаңкестікке»
күмәнданушылардың саны көбейіп келеді...