ВЕРНУТЬСЯ

        Қызылорда қаласының іргесіндегі Махамбетов ауылының тұрғыны
Бауыржан Боранқұлов Буштың саясатына қарсы. Ол 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі
оқиғаға Осама бен Ладеннің түк те қатысы жоқ 
деп санайды. Сол кезде келіншегі Айгүл Сейілханованың аяғы ауыр екен.
Отағасы атұстар өмірге келсе, атын бен Ладен қоятын ойын алдын ала білдіріп
жүріпті. Дүниеге ұл келіп, Бауыржан өз ойын жүзеге асырыпты. Бұл-2002 жылдың 27
ақпаны болатын. Қазір Буштың «жауы» мектепте білім алып жүр. Ата-анасының
айтуынша, өрен тілалғыш болып өсіп келеді. Бауырмал. Үлкенге «сіз» деп
сөйлейді. Кітапқа жақын. Елдің аузына кім қақпақ болсын?! Көршілері балаға
«лаңкес» деп қалжыңдайды екен... «Жас қазақ», 2008 жыл, 25 сәуір.

P. S. 2008 жылы 12 қыркүйек күні кеште «ОРТ» телеарнасынан
көршілеріміздің осы оқиғаға арналған үш сағаттай уақытқа созылған, деректі
хабары болды. Онда еуропалық сарапшылар да, американдық әскери мамандар да, сол
елдің кәсіпқой ұшқыштары да бірінен соң бірі сөйлеп, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі
қолдан жасалған қасақана арандатуға жалпы мұсылмандардың да,  соның ішінде арабтардың да қатысы жоқтығын
түрлі дәйектер мен айғақтар келтіріп, дәлелдеп шықты. Қанша десеңіз де, ақиқат
біртіндеп, өзіне жол ашып келеді...