ВЕРНУТЬСЯ

         1914 жылы 28 маусым күні Боснияның астанасы- Сараево
қаласына саяхат жасап жүрген Аустро-Венгрия тағының мұрагері Франц Фердинандты
жұбайымен қоса көлікте отырған  жерінен
серб жанкештісі Гаврило Принцип тапа-тал түсте, дүйім жұрттың көзінше атып
өлтірді. Жас лаңкестің тасасында серб және орыс арнаулы қызметтері тұрған
болатын...

Осыны пайдаланып, бір айдан соң Аустро-Венгрия Сербияға
соғыс жариялады. Өзінің одақтасы болғасын, орыстар сербтерді жақтаған. 1
тамызда Германия Ресей мен Францияға соғыс жариялап, қимылға кірісті. Немістер
3 тамызда көршісі бейтарап Бельгияның жеріне баса-көктеп кірді. Кенет осыған
дейін Еуропадағы соғыстан шет қалатынын күнде қайталап айтатын Англия
қарсыластарына соғыс жариялағанын мәлімдеді. Ағылшындардың тосын қылығы
немістерді абыржытып тастаған-ды. Өйткені олар онда соғыс ашпайтын да еді.
Сөйтіп, В.И. Лениннің бейнелі сөзімен айтқанда: «Үш қарақшының (яғни Англия,
Франция, Ресейдің) ұстаға жөндеуге 
берген жаңа пышақтары қолдарына тигенше, екі қарақшы(яғни Германия мен
Аустро-Венгрия) бұрын барып тиіскен»...