ВЕРНУТЬСЯ

  Қыз
жанарын көргенде

алабұртып әнші әлем,

жұлдыз түнде өргенде

өлең
жаздым қанша мен?!

Жүрек
тербеп тосын үн,

айлы
жаздың кешінде,

қырманшылар
қосының

тамсанғаны
есімде...

Шалқып
аспан түнде Айлы,

есіп
самал қырқадан,

сілкіп
қанат мұң, қайғы,

бір
қыз түнде шырқады ән.

Ғажап
неткен дауысы,

есті
бір саз бақтардан,

күмбірледі
тау іші,

сарайымды
ақтарды ән.

Сиқырлы
әнге елтіді,

тама
жаздап Ай көктен,

аппақ
әлем желпініп,

ақ
жаулығын жайды еппен.

Тау
қосылып ән салды,

көк
пенен жер сырласты;

жұлдыз біткен тамсанды,

ән
үздігіп қырды асты.

Сәлем
жолдап құстардан,

бозала
таң, боз күннен,

өн
боп алыс ұшты арман,

ұмтылып қол
создым мен.

Сан
ұмтылдым, таппадым,

ұрды жаңбыр
әйнекті;

жүрек тулап, ақты ағын,

тілді
талай жай көкті.

Ғайып
болды қыз өңі,

өртеп
сезім алғашқы...

Бозбала
шақ ұзады,

көктем
жазға жалғасты...