ВЕРНУТЬСЯ

     Найза қара науан тау

Намазшам мезгіл өткенде,

Құптан
ауып кеткенде,

Тұлпардай дүр сілкініп тұрғаны-ай,

Тұмардай
мойнын бұрғаны-ай,

Тұманнан шымылдық құрғаны-ай,

Қызылға біткен нұсқадай,

Қыз-көктемді құшқаны-ай!

Әлқисса, ол ұмтылсын
«а, пірім» деп,

Сол мезет ұры бұлақ ақырын кеп,

Етегін шымылдықтың сүйрей қашты,

Бүйырса, біз боламыз батырың деп.

Науан тау басады енді өртін немен,

Ұят іс осы болды елтірмеген.

Келеді сайтан бұлақ сақ-сақ күліп,

Қолында ак шымылдық желпілдеген.

Кескілеп кесек еттей мұз дегенді,

Кесе өтіп Абылай аспас құз бен өрді,

«Өлтіріп» Науан таудың туын алған

«Батырды» қарсы аламыз біздер енді.

Алматыға келдің бе,

Алатауды көрдің бе -

Қар жатады жазда да алабында,

Ол қар емес, бажайлап қарадың ба,

Оның аты - қылышын сүйреткен қыс,

Патша болған біздерге заманында.

Қартайған соң іргесін салып аулақ,

Тауға барып жатыр шал «жаным-аулап».

Ол ұқпайды, ұққысы келмейді де:

Бәрі жасыл етектің, бәрі бау-бақ.

Көзі үйрене алмайды көгіс түрге,

Мына дүние ол
үшін теріс мүлде:

Ақ қар, көк мұз, борансыз, айқай-шусыз

Қандай өмір болмақ-ей Жер үстінде?