ВЕРНУТЬСЯ

        Әлі күнге дейін біреулер татарды «ноғай» дейді. Дұрыс емес
түсінік. Татарлар-Еділ бұлғарларының ұрпағы, яғни түркілік бұтақтың өзге
сағасынан. Ал ноғайлар қазақтарға қырғыздардан да жақын. Қалайша? «Алтын»
Прагада дүниеге келген, Еуразиялық тарихи бағыттың негізін қалаушылардың бірі
Г. Вернадский былай деп кесіп айтыпты : «Қыпшақтар -  қыпшақтар 
(половцы) мен қырғыздар». Г.Вернадский патша заманының ғалымы
болғандықтан «қырғыздар» деп, 
қазақтарға, дәлірек айтсақ, 
отаршылдардың өзінше кемсітіп айтқан атауын қолданған. Ал сол
қыпшақтардың тікелей ұрпағы кім? Оны ленинградтық орыс ғалымы, этнограф Ю.
Евстигнеев былай дәлелдейді : «Қыпшақтардың тікелей ұрпағы саналатын тұтас
халық бар ма? Бар. Тарихи және этнографиялық деректер бойынша (діннен басқа)
ноғайларды сол халық  деп әбден санауға
болады». Өз-өзінен түсінікті, түркі халықтарының ішіндегі тегі жағынан қазаққа
ең жақыны - ноғайлар болып шықты...

« Сонымен, айналып келгенде, қыпшақтардың қазіргі ұрпағы -
қазақтар мен ноғайлар. Олар - бір халық. Ноғай фольклоры толығымен қазақ ауыз
әдебиетінің құрамына кіреді. Демек, ноғай - қазақтың құрамдас бөлігі» деп,
түйін түйеді журналист Аққали Көптілеуов өзінің « Түркістан» газетінде
жарияланған «Ноғай, қазақ бір туған» (2005 жыл) атты мақаласында. Біз ол
мақалаға кейін тағы оралмақпыз...