ВЕРНУТЬСЯ

          66 жастағы қарт әншінің көптен жүрегі ауырады екен. Өмірінде
санаулы рет ауруханаға жатқан оны ауру жиі мазалағанға ұқсайды. Қараша айындағы
жүрек отасына дайындалып жүргенде, 
қазанның сол күні кенеттен дерт төсекке алып ұрған. Дереу шақырылған
«Жедел жәрдем» бес минутта келіп үлгірсе де, әншінің тоқтап қалған  жүрегі қайта соқпады.

Оның денесі Бақыға әкелініп, мұсылман салтымен жерленді. Ал
Мәскеуде Чайковский атындағы залда марқұммен қоштасу сәтінде оның ең тамаша
әндерінің бірі «Мелодияның» әуені ойналып тұрды..