ВЕРНУТЬСЯ

   Өмір
нұрлы...

Сезім
оты қызған шақ.

Алматыда
қауыштық.

Сылқым
мінез,

сұлу түннің қызғаншақ

сырын
біраз тауыстық.

Кезіп
бойды

сәуірдегі
ізгі үміт,

қол
бұлғады шындардан.

Жанарыңмен
жалт қарадың кыздырып,

оянғандай
түнгі арман.

Жұрт ұйқыда - көз ілген

шақтарда
кей

сыбдырынан
өр үннің,

көріндің
сен сұлулардың көзінен,

тапқандай
боп, жаза бастым, жаңылдым.

Менің
жаным

сұлулыққа шын ғашық,

құштарлығым киік мінез даладай.

Жүрегімді
тыңдашы!

Тыншу
білмес

мына
шулы қаладай...

Мен
әлемге ғашықпын!

Куәм жалғыз - оттай ыстық өлеңім.

Жолығуға
жанұшыра асықтым,

тарқатпақ
боп кеуделердің шеменін.

Алатаудың
аспанында жұлдыз көп,

Ай
астынан сезімді іздеп келемін.

Ой
төрінде жылтырайды бір күзгі от,

Өзімді
іздеп келемін...

Өзіңді іздеп келемін...

қараша,
1968 жыл.