ВЕРНУТЬСЯ

   Шын мұңайсаң...

Мұңайып Дала қашқан,

шын қуансаң, қуанар тарап
аспан,

дерт екенін «ақындық» кештеу ұқтым,

жүрегімде тамтық жоқ...

Жара басқан...

Кештеу ұқтым...

Кеш ұқтым жоғын-барын,

көктемін де,

күзін де,

тоңын-қарын...

Кейде осы мен жағалап
жүргендей боп,

Шошынамын

тағдырдың қорымдарын...

10 қараша, 1980 жыл

10-мамыр, 1995 жыл