ВЕРНУТЬСЯ

      Бұла түн қайда?

Аспанды бұлттар қаптап ап жалбыр,

Тұратын
майда

Сіркіреп ақтамақ жаңбыр?

...Бұлақтар сонда Тау-ана бөбектері боп,

Жып-жылы самал есетін өбектеп, үдеп.

Құлайтын жапырақ өлшемді биіктіктерден

Шекспир сонеттері боп.

Бұла түн қайда?

Ақтамақ жаңбыр сіркіреп тұратын майда?

Жымысқы желі мезі етті жырынды күздің,

Көгершін біткен шатырға тығылды біздің.

Ақтамақ жаңбыр жүпарын сағындым ғой мен,

Аңсатты мені күлкісі бұрымды қыздың.

Жоқ қылып мынау

зіл-мұңды өлеңші өңірден,

Көк бұлттар-ау,

күн қайда көбең сөгілген?

...Түнгі постарға жүремін сұранып шығып,

Ақтамақ жаңбыр жауады деген сеніммен.