ВЕРНУТЬСЯ

       «Сонау өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында екі американдық
компания ең жаңа қорғаныс жобалары бойынша Агенттікпен бірлесе отырып, басып
алынған ұшақтарды алыстан ұстап, басқаруды жеңілдетуге бағытталған жобаны іске
асыруға кірісті. Бұл технология жерде отырған ұшуды басқару қызметінің
мамандарына басып алынған кез келген ұшақтың компьютерленген басқару жүйесін
толық ұстап алып, алыстан өздеріне қажетті жаққа бұруына мүмкіндік береді.
Ұстап алынған сәттен бастап, ұшақты айдап кетушілердің немесе сондағы экипаждың
қалағаны-қаламағанына қарамастан, сол ұшақты кері қайтарып және кез келген
әуежайға қондыра алады. Яғни, радиомен басқарылатын ойыншық ұшақ моделін
басқару қандай жеңіл болса, жоғарыдағы жүйені қолдана отырып, кез келген ұшақты
жерге қондыру сондай оңай. Міне, құпияның бар «сыры» осында! Ешқандай лаңкестер
де, ұшақты басып алу да болған емес!». Әрине, біздің бұл тұжырымға  алып- қосарымыз жоқ. Себебі сол 2001 жылдың
қыркүйек күндерінде-ақ, мұның бәрінің саяси мақсатпен жасалған арандату екеніне
бірден көзіміз жеткен. Арада жылдар өткен сайын сол сеніміміз берки түспесе,
бәсең тартар емес...