ВЕРНУТЬСЯ

       ...Қазақтың жалынды ақыны, даңқты жерлесіміз Жұбан
Молдағалиевтің ескерткіші және соның төңірегінде сквер Орал қаласының қақ
ортасында. Көрнекті де көзге түсерлік қоғамдық орын. Ал соның жанынан ұдайы
өткенде байқайтынымыз- әр жердегі түкірік, шылым тұқылы мен сағыз немесе
отырғыштарға «қонақтаған» жастар. «Қонақтап» қана қоймай, қарқылдап күліп,
даурыға сөйлеп, өзгелердің берекетін алып жатқаны. Сорақы жағдай ма? Әрине...

Алайда оған айылын жинап жатқан жастар жоқ. Үлкендер ескерту
жасаса, бажырайып бетіне бір қарайды немесе дөрекі сөзбен қайтарып тастайды.
Тіпті болмаса, былапыт сөздермен «алысқа жіберетіндер» де кездесіп қалады.
Сондықтан болар, көбіне ересектер оларға ескерту жасап, тиесілі «сыбағасын»
алғаннан гөрі, «сен тимесең, мен тимен, өй, бадырақ» деп, аулақ жүргенді
қалайтын сыңайлы...