ВЕРНУТЬСЯ

   Сөзің өрбір ойымды
түршіктіріп,

қарсы келсең - тұрғандай «қырсық» күліп...

Сені көрсем...

Боламын жын көргендей,

періп өткім келеді ыршып тұрып.

«Бар» мен «жоқты» көзіңмен көре тұрып,

көпе көрнеу айтасың неге
өтірік?!

Мақтар тұста даттайсың сыздап тұрып,

даттар кезде мақтайсың өре тұрып.

Азынаулақ сөзіңмен малдандырып,

«назын» аулап тұрасың, алдандырып;

шарай топта тұрасың шаң жұқтырмай,

жалған сөйлеп жұртыңа, жалған күліп.

Жалғандықтан жаның бір арымай
ма?

Бөтен ойлар шоқ болып қарымай
ма?

Ұстарасың - қылпылдап, ұстатпайсың,

қасықтайсың аунаған сары
майға.

Ойың бөтен... Әр сөзің
түршіктіріп,

қарсы келсең - тұрғандай «қырсық» күліп...

Сені көрсем...

Боламын жын көргендей,

перім өткім келеді ыршып тұрып.

қазан, 1980 жыл