ВЕРНУТЬСЯ

          Бүгінде Батыс пен солтүстіктегі көршіміздің
телерадиоарналары мен басылымдарының ақпараттық жүгенсіздігін айта-айта аузымыз
ауырды. Жан дүниесі толық қалыптаса қоймаған жас өскін сөз жоқ, соларға
еліктейді. Күн сайын телеарнадан «рахаттана» сағыз шайнап, сыра мен темекіден
«кайф» алып, не қаласа, соны істейтін, тасыр өзімшіл «кейіпкерлер» жас санаға
секунд сайын сіңіп жатыр. Қоғамға өзінің «адами» құқығын қарсы қоятын ондайлар
еліктірмей де қоймайды. Бұл жөнінде бізде қанша дабыл қағылса да, тас саңырау
құлақтар оны естуге құлықты емес. Қызығатынымыз сол, араб әлемі мен Иран
секілді мұсылман елдері айтпағанның өзінде, өзбек, тәжік, түрікпен көршілеріміз
де баяғыда-ақ мұндай ақпарат кеңістігіндегі бейбастақтыққа тиым салған.
Бізде-«Баяғы жартас-сол жартас»...