ВЕРНУТЬСЯ

 О, тағдыр,
сені ұғыну қиын маған,

Жастықта
етек-жеңі жиылмаған.

Біреудің
бақытысың - бұйырмаған,

Біреудің
көз жасысың тиылмаған.

Мен
мені сор демеймін жан біткенге,

Бақытқа
санамас та барлық пенде.

Сен
бірақ айтып тұрсың

«Ей,
адамзат,

Өмірге
келер болсаң, қалғып келме»

***

Мелш
етпей босағамнан басып өттің,

Сен
кеттің,

Жоғал
сен де қасірет-мұң.

Тұғырдан
түспейтұғын тұйғын құсым,

Қасымда
қалдың жырым,

Қасиеттім!

Өлеңім
- жағадағы құба талсың,

Желпірсің,

Жапырағыңмен
жұбатарсың.

Сен
бәлкім, тарпаң болсам кешірерсің,

Сен
бәлкім, өрлігімді ұнатарсың.

Сен
- өлең,

Мен
бір ақын ерге теңмін,

Мен
сені бөбегімдей тербетермін.

Уа,
өрлік, жан досымнан айырдың-ау,

Соны
ойласам,

Жынданып
мен кетемін.

Кейде
бір күйетіндей отқа жаным,

Кешірім
сұрауға да оқталамын.

Кейде
безем бәрінен,

Сенен
де жыр,

Жыр
емес, сор болдың-ау деп қаламын.

***

Қай
жақта жатыр  соқпақты жолдар

Аспанда
ойнар жасындар бар ма?

Жеңемін
бәрін қайратым молда,

Тек
өзің, жаным, қасымнан қалма.

 Мұқиттар
бар ма тасқыны асқақ,

Өтемін
кесіп,

Самғасам
болды

Жапанға
жалғыз өзімді тастап,

Шегініп
кейін қалмасаң болды.

Ормандар
бар ма, омыраулап жапқан

Қиялдап
жолды бөгемек болып

Сен
болсаң, болды

Жұлдыздай
аққан

Өтемін
отты самолет болып.

Сахара
бар ма тандыры кепкен,

Қорқыныш
па ол да қанатқа ерен.

Шөлдетпей
сені көтеріп көкпен,

Қолтықтап
ұшып заматта келем.

Шықпайды
алдан шыңдар да жасқап,

Шарықтап
шықан биік пе менен.

Бір
осал жерім

Сен
кетсең тастап,

Тек
сонда ғана күйіктен өлем.