ВЕРНУТЬСЯ

        Ғалымдардың пайымдауына сүйенсек, адамның миындағы
гипоталамус деген без семіздікке тікелей қатысты. Әлгі без жоғарғы ми жүйесінің
жұмысын бағыттап тұрады.Сонымен бірге бездің жұмысына серотонин, дофамин және
«бақыт гормондары»  деп аталатын эндорфин
сияқты  заттар қатысты көрінеді. Дәмді де
тәтті тағам жеместен бұрын, тек оны көргенде қуанатын адамның миындағы
рахаттану орталықтарының (центры удовольствия) жұмысын жоғарыда айтқан заттар
қамтамасыз етіп тұрады. Әр адамда болатын осы бездің жұмысы семіздерде ерекше
белсенділігімен айрықшаланады екен. Адам тойғанын білмейді, үнемі ас жегісі
келіп тұрады. Рас, асқа тоймайтын, бірақ бойына шыр бітпейтін арықтар да өмірде
кездесіп қалады.Олардың әрине, бұл жағдаятқа қатысы  жоқ....

Адам неғұрлым арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер,
ботташық өнімдерін үнемі қолданса, семіре береді. Бір қызығы сол, Еуропаның
кейбір елдерінде байлардан гөрі, ...  
жұмыссыздар арасында семіздердің көп екені анықталыпты. Байлар қалтасына
қарай, тамақты талғап, таңдап жесе, жұмыссыздар өздеріне берілген жәрдемақыны
(біздегіден ондаған есе көп!) талғау етіп, әрі үйде бос отырғасын, жоғарыда
көрсетілген тағам түрлерін қылғыта беретін болса керек. Ал жеміс-жидек пен
көкөністі, сүт тағамдарын (айран, сүзбе, ірімшік т.б.) жиі пайдаланатын
Румыния, Болгария, Грузия, Түркия секілді елдерде семіздердің саны өзгелермен
салыстырғанда анағұрлым аз...