ВЕРНУТЬСЯ

        Жатыр сол шыңдар кеудесін аспанға беріп,

Қыналар тағы сыйлады тастарға көрік.

Баяғы жартас тұр
әлі өзің мерт болған,

Қырық тоғыз тонна салмақпен басқанда келіп.

Көктемде неге таусылды теретін гүлің,

Жауап бар қандай ертеңге беретін бүгін.

Көрсетіп кеттің,

дегенмен, тұлпарлар өлсе,

Сүрініп емес,

тек құлап өлетіндігін.

Қарт Кавказ нұрға боялып,

Жетті ұшып міне

көктемнің қарлығашы да.

Гүл қоя барып,

Кездестім тағы сол қызбен қабір басында.

Бәрін де айттым,

ақтарып арман-көңілді,

Күткеніңді айттым,

елеңдеп нәзік ақ таңыңды,

Рчагтарға жабысып қалған қолыңды

Әрең деп ажыратқанымды.

Мазалай берді,

жеңді де мені бір елес,

Сүюден өзге сезімді сезім емес деп:

Сені есіме алсам,

Тұрады өлімің емес,

Қара жамылған махаббат көзіме елестеп.