ВЕРНУТЬСЯ

      Жарқылдаған сырғаң-ай,

Толықсып бір туған-ай.

Теміртауда кездестік,

Жаным саған,

жаным құрбан-ай.

Қыз сөзіне еліткен,

Жігіт едім желіккен.

Көрген сәтте өзінді,

Толқыдым мен,

айтшы неліктен.

Сарыарқаның самалын,

Аймалатқан жамалың.

Жүрегімді жандырды,

Сырға толы

мөлдір жанарың.

Көл тербетіп жағаны,

Жұлдыз жымың қағады.

Алаулаған жүзінді,

Ай да қимай

батып барады.

Теміртауда мақпал түн,

Жан сырынды ақтардың.

Армандай бір ән қалды,

Белгісі боп

қимас шақтардың.