ВЕРНУТЬСЯ

       Теңіз-теңіз ойларда тербелдім көп,

Ел көргім кеп талпындым, жер
көргім кеп.

- Өлең қайда? -
дедім мен Алматыға,

Тоқаш көкем жолықты:

- Ол - менмін, -
деп, күтпеген жерден...

Көкем солай патшаға айналғанда,

Мен уәзір болмасқа айлам бар ма?

Талай-талай кірдік біз сайрандарға,

Талай-талай кірдік біз майдандарға,

күтпеген жерден...

Салқар, салқар, салқар ой,

саялы ұғым,

Жайсаң жырлар алады жай адымын.

Ұйтқып-ұйтқып кететін кенет бөрі,

Перісі бар көліндей баяғының, күтпеген жерден...

Ол мұхит
деп түсінді өмірін де:

- Бауыр тұтып кетіп ем сені мүлде,

Бірақ маған (өзімдей
матрос қой)

Нұх
пайғамбар жақындау, - деді бірде,

күтпеген жерден...

Қарауыл ғып қалдырып кемесіне:

- Бала, - деді, - ала жүр мені есіңе...

Көкем солай бір күні ақ құс болып,

Ұшып кетті
өзінің Келесіне, күтпеген жерден...

Шайхана да орнында, майхана
да,

Қыс өтеді, бал
көктем кайта орала.

Қалғып кетсем,
естимін көкем даусын:

- Кемең тоқтап қалмасын, байқа, бала,

күтпеген жерден...

Өнержай үйі - жыр елі,

Сол елде жатып демалам...

Жасқана басып кіреді

Ауылдан іздеп кеп ағам.

Қарайды ол көзін алмастан

Фоэге аула, көшеге,

Маң-маң да басқан, маң басқан

Маңғазды көріп нешеме.

Жазушы деген, шынында-ақ,

Басқа бір жұрт деп ойлай ма?

Сұрайды
ағам сыбырлап:

- Бұлар да бильярд ойнайды, ә?

Қимайды титтей күнәға,

Ол аулақ шүбә-күдіктен.

- Керемет тату
шығар, ә?

- Сұрама, - деймін күліп мен.

Көргендей өңшең құдайды,

Тәубә ғып сосын ішінен:

- Қорықпайсың ба,
ей? - деп сұрайды.

- Қорқамын
кейде...

- Түсінем.

Киелі мынау мекенде

Ол үшін бар ел - жанартау.

- Сен байқа, -
дейді кетерде,

- Байқайын, -
деймін самарқау.

Баладай аң-таң пішінде

Қызық-ақ осы тұрысы.

Кіл құдайлардың
ішінде

Құдай
емесі - інісі.

Қол бұлғайды ағам тағы да,

Қоштасып пірлі ордамен.

Құдай боп тумағаныма

Қуанам ғажап сонда мен...