ВЕРНУТЬСЯ

      Уа, жалт екен, жалт екен!

Жай түссе де жасқанбас

Қарағай - менің қарт әкем.

Қарағайға қарсы біткен сан бұтақ

Алағайда сыр бермейтін мәрт екен.

Мен айтайын мәрттігін,

Көне Алматы бойында,

Көркем Медеу ойында,

Көн-даңғыра қақты күн.

Көл-дария ғып шат түбін,

Қарлы нөсер құйғанда,

Қара оранды ақ түнім.

Шөгіп қалған нарбас тау,

Нарбас таудың алдында

Меймілдене толды астау.

Қарағайға қарасам,

Су тигізбей тамырына көп бұтақ,

Кәлденендеп жазылды.

Бұтақ
демей,

Қанат десең болмас па-ау?

Нөсер өтті, бұл
жерге

не кетпеген, не келіп.

Арысым тұр
беткейде,

Тамыры сау - тәні
сау,

Қысы-жазы көгеріп.

Бері таман келелік,

Қарындас жұрт
- қара орман,

Қарағайдай қалың өскен ел едік,

Тамырыңды көрелік.