ВЕРНУТЬСЯ

       Шарль де Голльге қарсы он бес рет қастандық жасалыпты. Бойы
екі метрге жуық генерал соның бәрінен дін аман қалыпты. Бұл жағдаят «Гиннес
кітабына» енгізіліпті...

Отанын сатқан опасыз, оның бір кездегі ұстазы маршал Петен
Ш. де Голльге түрмеден хат жазып, өзіне өлім жазасын бермеуді және бетпе-бет
кездесуді сұраған. Хатты алған ол өлім жазасын мәңгілік түрмемен ауыстырып,
бірақ кездесуден үзілді-кесілді бас тартқан...

Досының Отаншылдығына және бабасының орта ғасырларда Жанна
д,Арктың жасағында болғанын мақтан ететіндігіне ерекше қайран қалған У.Черчилль
Ш. де Голльді «Мұртты Жанна д,Арк» деп, үнемі әжуалаған көрінеді...